V Бөлім. Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтардың құрылымдық сұлбасы
Коммутация жүйесі - байланыс бағыты бойынша ақпаратты қабылдау және үлестiруге арналған жабдықтың кешенi. Коммутацилық жүйе өз функцияларын орындау үшiн жабдықтың келесi түрлерiн өз құрамда енгізуі керек:
Абоненттiк желі блоктары (АЖБ) абоненттiк желілердің жүйеге қосылуын жүзеге асырады.
Қосқыш желі блоктары (ҚЖБ) басқа коммутациялық жүйелермен байланысуы үшiн ҚЖЖ (қосқыш желілердің жиныны) арқылы жалғағыш желілеріне (ЖЖ) қосылу жүзеге асырылады.
Коммутациялық өріс (КӨ) кiріс желілері мен шығысының коммутациясын жүзеге асырады. Коммутациялық өріс кеңiстiктiк арналардың бөлiнуi негiзінде қалыптасуы мүмкiн және сол кезде коммутациялық элементтер ретінде көп координатты қосқыштар (ККҚ), геркон релелер, ферридтердi пайдаланады. Уақыттық арналы бөлiші бар коммутациялық өріс импульстiк-кодтық модуляцияны (ИКМ) қолдану негiзде құралады және элементтердiң есте сақтайтын жартылай өткiзгiш құралдары және логикалық интегралдық микросұлбалар ретінде қолданады.
Басқару жүйесi (БЖ) – байланыс орнату процесстерімен басқарылатын логикалық жүйелердің бәрін орындайды.
Генераторлық жабдық - акустикалық сигналдарды қалыптастыруды жүзеге асырады.
Коммутация – бір-бірімен ақпарат алмасу үшін қажет уақытпен берілген шығысы мен берілген жүйе кірісінің жеке-дара сұраныс бойынша байланыс орнату.
Коммутацияның негізгі екі қағидасы белгілі:
тiкелей қосылу (берiлетiн ақпаратты есте сақтамайтын коммутация - каналдар коммутациясы);
жиналған ақпаратпен қосылу (есте сақтауы бар коммутация).
Каналдар коммутациясында тиiстi мекенжай бойымен шығыс желілері бар кiріс желілердің физикалық қосылуын жүзеге асыррылады [2] (2.1 суретті қара).
Каналдар коммутациясының әдiсiнің артықшылықтары:
“диалог” ұйымдастыру мүмкiндiгi, өйткенi хабар беруде кiдiрту уақыты үлкен емес;
-абонент басқа абоненттерден келетін байланыс орнатылғаннан кейін жүктемеге тәуелсіз хабар жіберу мүмкiндiгiне ие болады.
КЖ – коммутациялық жүйе; МЖБ – мекенжай бөлімі;
БҚ – басқару құрылғысы; АБ – ақпараттық бөлім.