3. Кітап досың, ақылшың
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.
ІV Сабақты меңгерту
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
5. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1
|
Адамның аяғы,....
|
2
|
Домбыраның құлағы,....
|
3
|
Жараның ауызы,....
|
4
|
Пышақтың жүзі,.....
|
6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Вен диаграммасы
V Сабақты қорыту
7.Ой толғау
Көп мағыналы сөздердің тілдегі рөлі қандай деп ойлайсың?
Өз пікіріңді жаз.
8.Сауатты болу –мақсатым
Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал – мәтелдерді жазу
Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.
VІ Үйге тапсырма
9. Қоржындағы сарқыт
Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.
VІІ Бағалау
10.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
2 – сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік –оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекілігі: плакат-сызбалар,топтастыру,кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс:әдебиет.
Сабақтың өту барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.
2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.
1.Қайталау – оқу анасы.
2.Жаңа сабақ құпиясы.
3.кітап – досың,ақылшың.
4.Біліміңді байқап көр.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту.Ой шақыру.
1. «Қайталау – оқу анасы».
«Кубик лақтыру» ойыны.мен түрлі-түсті кубикті ортаға тастаймын.Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды.Үш минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар
1-қатар.Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбсын салады,түсіндіреді.
дара, күрделі
кім,не негізгі,туынды
Зат есім
жалпы және жалқы деректі,дерексіз
көптеледі септеледі
тәуелденеді
Тіл
Ата-баба
Аманаты
Өнер
Қызыл
Тіл
Алды
2-қатар. Тірек сөздер арқылы жұмыс.Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау,зат есім болатын сөздерді белгілеу.
3-қатар.
Бейнесөз.
1.Ұлттың аты ...
2.Ел ордасы ...
3.Жанша Досмұхамедұлының туған жері
4. «Кет» сөзінің антонимі
5. Сөз табы
6.Тәуелсіздік тірегі ...
7.Сөздің көркі ...
ІІІ.Мағынаны тану.
2. «Жаңа сабақ құпиясы».
Морфология.
Зат есімнің түрленуі.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Жалғау
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.
көптік тәуелдік септік жіктік
Зат есім көптеледі,тәуелденеді,септеледі.
Тек адамға байланысты,адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.
Мысалы: Мен бала-мын
Сен бала-сың
Сіз бала-сыз
Ол бала
Оқулықтағы көптік жалғау,тәуелдік жалғау мәліметтері,оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.
3. «Кітап – досың,ақылшың».
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы
1-қатар. Берілген сөйлемнен көртік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.
Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті.Ата-бабалырымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.
2-қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.
3-қатар. Ағалар,апалар,аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.
IV. Бекіту.Ой толғаныс.
4. «біліміңді байқап көр»
Тест
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 6 Б)9
Ә) 7 В) 8
2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады?
А) Сан есім Б) Есімдік
Ә) Үстеу В) Зат есім
3. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4 Б) 5
Ә) В) 2
4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.
А) –хана,-паз,-кер
Ә) –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті
Б) –шы,-ші,-лық,-ім,-ыс
В) –дай,-дей,-тай,-тей
5. Күрделі зат есімдерді тап.
А) білім,күрек,күйші
Ә) аяқ,ауыл,бала,дала
Б) ана,қала,мектеп
В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ
6. Тәуелдік жалғауының оңаша,ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет
А) –ым,-ім,-м,-мыз,міз
Ә) –ңыз,-ңіз,-ыңыз,іңіз
Б) –сы,-сі,-ы,-і
В) –ң, -ың,-ің.
V. Үйге тапсырма.
Ұнаған көркем шығармадан тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
Шығарма жазу. «Туған жер – тұғырың,туған тіл – қыдыры».
VI.Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
№1-сабақ жоспары
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл - жалпы халықтық тіл
Сабақтың мақсаты: Әдеби тіл туралы білетіндерін еске түсіре отырып, диалект сөздер, олардың әдеби тілдегі баламасымен салыстырғандағы ерекшелігі жөнінде мәлімет бере отырып, практикалық жұмыстар жүргізу арқылы өтілген тақырыптарды пысықтау, сөздік құрам бойынша білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қоры, таным-түсінігі дамиды. Сөз мағынасын дұрыс түсініп, орынды пайдалануға дағдыланады.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: "Шаттық шеңбері", "Мозайка", "Топтастыру","Венн диаграммасы"
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, маркер, бағалау құралдары
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу,Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. "Мозайка" әдісі арқылы 4 топқа бөлу
3. "Шаттық шеңбері" арқылы сабаққа психологиялық дайындық жүргізу
I. Қызығушылықты ояту. "Топтастыру" әдісі
Әдеби тіл
II.Мағынаны тану. «Ыстық орындық» әдісі
«Әдеби тіл туралы ұғым» тақырыбымен танысып, әр топтан бір оқушы шығып баяндайды, қалған оқушылар сұрақ қояды
Әдеби тіл туралы түсінік.
Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпыхалықтык тілдің өңделіп, қаланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады.Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. «Әдеби тіл дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі». «Әдеби тілдін тарихы - жазба ескерткіштердің тарихы». «Әдетте, жазусыз әдеби тіл болу мүмкін емес». «Жазу - әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі». «Тіл білімі тарапынан алғанда «әдеби тіл»деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардын тілін де, қысқасы, жазба тілді атаймыз».
Зерттеушілердің көпшілігі «әдеби тіл» үғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Демек, ол жөніндегі бір ғана таным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің даму барысындағы күллі дәуіріне бірдей сай келуі шарт емес. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептерден дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр.
Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл.Ол сол халықтың бәріне бірдей түсінікті болып келеді. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: Ауызша тіл және жазбаша тіл
№ 1-тапсырма
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны. Берілген диалектілердің әдеби тілдегі баламасын тауып жазыңыз. (топтық жұмыс)
Аяздап қалдым, сәмсіреу, чәугім, жарбай,ауқамдасу, тәнжіреу, мәтөк, шіленгер, абжауқын, жық, ауқат, там, кепе, мекиен, тұқым, шөлкедестіру
№ 2-тапсырма. Әдеби тіл мен диалект сөздерді ажыратып, әдеби сөздерге сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Абжауқын ауқаттың үстінен келдіңдер, дастарқанға отырыңдар. (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) Осы арада қырғауыл жық. (Алматы, Кеген ауданы) Осы колхоз түгелдей дерлік шипрлі там салуда. (Қызылорда, Сыр)
III Ойтолғаныс. «Венн диаграммасы» әдісі.
Әдеби тіл
Диалект
Ортақ қасиеті ұқасиеті
Жоғары дәрежелі сұрақ қою.
Тіл білімінде әдеби тілдің ролі қандай? Ал өмірде қаншалықты қажет?
Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі бағалау парақшасы
Үйге тапсырма: «Жасай бер, туған тілім – анам тілі!» шығармашылық жұмыс
Рефлексия Кері байланыс парағын толтырады
І тарау. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы:Кіріспе. Тіл білімінің салалары.
Фонетика. Дыбыс, әріп. Дыбыс түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:қазақ тіл білімінің салалары және
фонетиканың зерттейтін обьектілері, дыбыс пен
әріп, дыбыстың дауысты, дауыссыз түрлері
туралы теориялық білім беру.
Дамытушылық: алынған білімді есте сақтауға
дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін,
нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін
тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ
бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі:үлестірмелі тест тапсырмалары, тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ Қазақ тілі пәнінен білетін білімдерін тексеру.(Үлестірмелі тест тапсырмаларымен жұмыс)
ІІІ Жаңа сабақ.
Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика. Бұлар да өз ішінде бірнеше тақырыптардызерттейді. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
Тіл білімі салаларының зерттейтін тақырыптары:
Фонетика: тіл дыбыстары, буын, тасымал, екпін, үндестік заңы, орфография мен орфоэпия.
Лексика: сөз мағыналалары, жалпы қолданыстағы сөздер және қолдану аясы шектеулі сөздер.
Грамматика үлкен 2 саланы қамтиды: морфология және синтаксис.
Морфология: сөз құрамы (дара сөз, күрделі сөз), түбір мен қосымша, сөз табы.
Синтаксис: сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері, пунктуация, стилистика
Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бұрынғы сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.
Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек
-3-
Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту
Балалар,
Достарыңызбен бөлісу: |