дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстармыналар:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ, (у).
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.Қатаң дауыссыздар мыналар: п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.Ұяң дауыссыздар мыналар: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Үннің қатысынан жасалатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р,л,й,у,м,н,ң.
ІҮ Оқушы дәптерімен жұмыс. 1,2-жаттығулар.
Ү Сабақты бекіту. Венн диаграммасын толтыру
ҮІ. Үй тапсырмасы.. Қазақ әліпбиін жаттау, фонетика тарауы бойынша түсіндірілген материалдарды оқу.
ҮІІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |