Түсінік хат Курстын бағдарламасы оқушылардың білімдерің терендетуін ұйғарады, химияны игеруге беріледі. Курстын ұзақтығы – 34 сағат (аптада 1 сағат). Химияны игеруге оқулықтың өзін оқып немесе мұғалімнін түсіндірмесін тыңдап қана оқушылар терең білім ала алмайды. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды рөл атқарады, себебі бұл оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін және алған білімдерін өз бетімен қолдана білуге үйрететін оқытудың бір түрі. Бұл туралы әйгілі ғалым – әдіскер Д. Пойа : «Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер» , - деп айтқан. Сондықтан, бұл үйірме курс оқушылардың 7 сыныпта химиядан алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, практикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыруға арналған. Есепті шығара білу біліктілігін тек қана бір жолмен – жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, тұрақты және жүйелі түрде дамытуға болады. Есептердің көпшілігі қолданбалы бағытта сыныптағы барлық оқушылар үшін жалпы жұмыс ұйымдастыруға және оқытуды даралау мен жіктеуге мүмкіндік туғызады. Алдымен оқушылардың материалды толық түсінуін қажет ететін есептерден басталады да, одан сон алған білімдерін әртүрлі жағдайда дамытып, фактілерді салыстырып, ой елегінен өткізіп қолданатын есептерге жалғасады. Курстын сонында шығармашылықпен ойлануды қажет ететін есептер беріледі. Әрбір тексеру жұмысынан кейін күрделілігі үшінші деңгейдегі қосымша есептер қамтылған. Тексеру жұмыстары мен қосымша есептер оқытушыға химиядан әртүрлі жіктелген өздік жұмыстарды өткізуге, қорытындылауға және бағдарламалық жұмыстарды қайталауға көмектеседі. Олар жеке оқушылармен жұмыста да, топ болып істегенде де жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Химиядан алған білім мен білікті қолдануда эксперименттік есептер айрықша орын алады. Олар барлық тақырыптарда және практикалық жұмыстарда берілетіндіктен эксперименттік есептердің түрлері және шығару тәсілдері де талданылады.
Курс мақсаты • химиялық ғылымның саласындағы білімдерін игеру ;
• оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін бекіту ;
• оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту ;
• тәжірибелік білімнін тәсілдерін игеру ;
• оқушылардың қызығушылығын, парасаттылық және шығармашылық
қабілеттерін даму ;
• білім алған кезінде оқушылардың шығармашылық қатынастарын
тәрбиелеу
Курс міндеттері Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
• ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия
ғылымының негізін меңгеру;
• химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық
көзқарас қалыптастыру;
• оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-
әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.