5. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Дәріс- 1. Мәдениет туристік жігерлендіру факторы ретінде.
Дәріс мазмұны:
Туристердің жердің түкпір- түкпіріндегі елдердің, халықтардың мәдениетін, тұрмыс жағдайын, салт- дәстүрін танып білуге деген қызығушылығы туризмде үлкен сұраныс туғызып отыр.
Туризм- басқа елдердің мәдениетімен танысуда ең маңызды құралдардың бірі болып саналады. Туризмнің гуманитарлық мағынасы тұлғаның творчествалық потенциалын, білім көкжиегін кеңейтумен түсіндіріледі. Білімге деген құштарлық адамның ажырамайтын қасиеттерің бірі. Басқа халықтың мәдениетін, тарихын, өмірін танып білуді демалыспен, яғни демалыс уақытымен үйлестіру, сәйкестендіру туризм саласының атқаратын жұмысы. Әлемді өз көзімен танып- білу, есту, мәдени мұраларды қолмен ұстап сезіну туризмнің халыққа көрсететін негізгі функциялары. Басқа елдердің мәдениетімен, салт- дәстүрлерімен танысу адамның рухани жан дүниесін байытады.
Дәріс- 2. Туристік мүддені қалыптастырудағы мәдениет элементтерінің рөлі.
Дәріс мазмұны:
Әртүрлі саладағы қызметкерлер саяхатқа үлкен дәлел арттыруға туристік ағындарға қызығушылық танытуға қабілетті. Әртүрлі топтағы және санаттағы туристердің туристік ағынға қызығудағы маңыздысы, оның мәдени және әлеуметтік мінездемесі болып табылады. Туристер ең басты қызықтыратын мәдениет элементтері мыналар: өнер, ғылым, дін, тарих және т.б.
Бейнелеу өнері- туристік жорыққа сенерліктей дәлел ұйымдастыруға қабілетті мәдени элементтің бірі болып табылады. Оның әрекеті, белгісі курорттарда ұлттық бейнелеу өнерінің таралуы, туристерді сол аймақтың мәдениетімен таныстыру еді.
Дәріс- 3. Дәстүрлік қоғамдастықтағы адамдардың тіршілік әрекеті және қызметі.
Дәріс мазмұны:
Алғашқы мәдениетте және архаикалық қоғамдастықтағы қызметтің дифференциациясы мен әлеуметтік рөлі, ежелгі әлем қоғамындағы қызметтің туындауы мен дамуы, батыс Европаның орртағасырлық қоғамындағы қызметтің рөлі. Ерте кездегі сервистік қызметтің қалыптаса бастауы. Шаруашылық қызмет. Ежелгі Египетте, Месопотамияда, Үндістанда, Қытайда Грекияда ежелгі мәдениеттің және традиционализмнің қалыптаса бастауы. Сауда- экономикалық қызметтердің ертедегі формалары. Жерорта теңізі елдерінің және Батыс Европа елдерінің сервистік қызметке аяқ алысы.
Дәріс- 4. Қазіргі замандық типтегі қоғамдағы сервистік әрекет пен қызмет.
Дәріс мазмұны:
Индустриалдық өндірістің сервистік қызметке ықпалы, постиндустриалдық типтегі қоғамдағы сервистік қызмет, дамушы елдердегі сервистік қызмет. Өндірістік революция мен индустриалды өндіріс. Индустриалды мәдениеттің қалыптасуы. Өндірістің басты буынының қызметі. Бұқаралық ақпарат құралдарының пайда бола бастауы. Шетелде 60- 70 жылдары постиндустриалды қоғамның пайда бола бастауы. Ақпараттық революция. Экономиканың сервизациясы. Азия, Африка, Латын Америка елдерінің модернизациясы. Жаңа индустриалды елдердің пайда болуы. Қызмет сферасының динамикасы.
Дәріс- 5. Сервистік қызметтің теоретикалық анализі.
Дәріс мазмұны:
Сервистік қызметтің ғылыми анализінің әдістемелік негізі мен пәнаралық сипаты, «Қоғамдық тұтыну» шегінде сервистік қызметті оқып үйрену тәсілі, постиндустриалдық қоғамдастықтағы сервистік қызметті теоретикалық талдау негіздемесі. Сервистік қызмет түсінігі. Сервистік қызметтің күрделі сипаттамасы. Сервистік қызметтің жалпытеоретикалық анализі, әдістемелік анализі. Өндірістік және өндірістік емес еңбек. Әлеуметтік қызмет сферасының дамуы. Сервистік логистика. Сервистік экономика. Индустриалды- сервистік экономика моделі. Қызмет типлері мен олардың қолданыс аясы. Қоғамдық қызметтер. Әлеуметтік- мәдени қызметтер. Материалдық және материалды емес қызметтер.
Дәріс- 6. Сервистік қызмет экономиканың құрамдас бөлігі ретінде.
Дәріс мазмұны:
Сервистік қызметтің экономикалық мәні, шаруашылық тәжірибелік құрылымдағы сервистік қызмет, сервистік қызмет қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі ретінде. Сервистік ұйым субъектілері. Сервистік кәсіпорындар. Қызмет көрсету процесі. Қызмет тұтынушысы. Қызмет көрсету түсінігі. Сервистік өнімдер. Ұлттық туристік өнім. Туристік қызметтер ерекшелігі. Қызмет сферасы түсінігі. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым. Қызмет сферасының секторлары. Интеллектуалды сервис. Қоғамдық және жеке қажеттіліктер.
Дәріс- 7. Сервистік қызмет адамдардың тіршілік әрекеті жағдайында.
Дәріс мазмұны:
Сервистік қызметтің географиялық, орналасу және демографиялық факторлармен ара қатынасы, сервистік қызметтік мемлекеттік- құқықтық реттеу және мемлекеттің сервистік қызметті орындауы, сервистік қызмет әлеуметтік қатынастар құрылымында, сервистік қызмет мәдениеттің бөлшегі ретінде. Қала және ауыл тұрғындары. Халықты тауармен және қызметпен қамту. В. Кристаллер және А. Лештың зерттеулері. Қазіргі уақыттағы урбанизация мәселесі. Демографиялық факторлар. Мемлекеттік- құқықтық реттеу механизмдері. Әлеуметтік қатынастар сферасы. Қоғамның стратификациялық бөлінуі. Мәдениеттің ғылыми түсінігі. Салт- дәстүр. Дін.
Дәріс- 8. Қазіргі заманғы сервис: Өндірісітк және тұтыну қызметтерінің ара қатынасының кеңістігін кеңейту.
Дәріс мазмұны:
Сервистік қызметтің экономикалық және қоғамдық даму рөлдерінің өзгеруі, қызметтің халықаралық айырбас интенсификациясы, қазіргі заманғы типтегі сервистік қызметтің экономикалық және ұйымдастырушылық аспектілері. Қызмет экстернализациясы. Өндірістік және іскерлік қызметтер. Өнеркәсіптік өндірістегі қызметтер. Дүниежүзілік сауда ұйымының маңызы. Қызмет экспортерлері мен импортерлері. Лизинг. Консалтинг. Инжиниринг. Стратегиялық одақтар. Экономикалық механизмдер. Динамизм. Тұтынушыға бағытталу. Интернет- қызметтер. Өркениетті турлар. Территориалды сегментация.
Дәріс- 9. Сервистік қызметтің адаптациялық- динамаикалық сипаттамасы.
Дәріс мазмұны:
Сервистік қызмет процесс ретінде және оның экономикалық конъюктурамен байланысы, қызмет сферасына инновацияны енгізу процесінің ерекшеліктері. Эволюциялық- тарихи аспектілер. Оперативті әлеуметтік- экономикалық тәжірибе. Экономикалық конъюктура. Әлемдік конъюктураны реттеу циклдары. Үлкен, кіші және мезгілдік циклдар. Сервистік қызмет инновациясы. Қызметтегі инновация типтері. Инновациялық процесс. Инновациялық менеджерлер. Қызметтің өмірлік циклі. Өмірлік циклдың 5 фазасы. Қызметтің өмірлік циклінің кезеңдері. Қызмет көрсету процесі. Қызметтің мфункционалдық сипаты. Қызмет көрсету формасы. Абонементтік қызмет көрсету. Үйге қызмет көрсету. Байланыссыз қызмет көрсету. Жұмыс орны бойынша қызмет көрсету.
Дәріс- 10. Қызмет сапасы, қауіпсіздігі және сервистік қызметтің мәдениеті.
Дәріс мазмұны:
Қазіргі заманғы сервис тәжірибесіндегі қызмет қауіпсіздігі мен сапа мәселесі, қызмет сапасын басқару, қызмет көрсету қауіпсіздігі және стандартты бақылау, мәдени сервис, этика негіздері, іскерлік этикет және сервистік қызметтің эстетикалық аспектілері. Қызмет сапасы. Қызметтің тиімді қасиеттері. Қызметтің өндірістік, функционалдық, тұтынушылық қасиеттері. Қызмет көрсетудің этикалық сапасы. Қызметтің экологиялық сипаты. Қызмет көрсету құны. Функционалды- тәжірибелік аспектілер. Қызмет көрсету сферасының қауіпсіздігі. Форс- мажорлық жағдай. Персоналдың біліксіздігі. Сапаны басқару. Халықаралық стандарттар. ИСО стандарты. 9000- сериясы. ИСО құрамына енетін елдер. Стандартизация. Сертификация. Лицензиялау. Мәдени сервис түсінігі. Сервистің психологиялық ерекшеліктері. Сервис этикасы. Кәсіби- қызметтік этика. Қызмет этикеті. Эстетикалық компоненттер.
Дәріс- 11. Басқару процесі, ұйымдастырушылық құрылым және сервистік мекеменің өндірісітк менеджменті.
Дәріс мазмұны:
Сервистік мекемедегі жалпы басқару ерекшеліктері, сервистік мекемедегі ұйымдастырушылық құрылым, өндірістік менеджмент. Жалпы менеджмент түсінігі. Стратегия түрлері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұйымдық құрылымдар. Сызықтық тип. Функционалды тип. Сызықтық- функционалдық тип. Бригадалық тип. Классикалық тәсіл. Жүйелік тәсіл. Контроллинг қызметі. Қызметті тиімді жүзеге асыру. Өндірісік цикл буыны. Тұтынушымен қарым- қатынас. Жабдықтар жағдайы. Шығын нормативтері. Ағымдағы және оперативті жоспарлау. Қызмет сапасы мен тиімділігі.
Дәріс- 12. Сервистік мекемедегі әлеуметтік менеджменттің маңызды түрлері.
Дәріс мазмұны:
Сервистік мекемеде әлеуметтік менеджменттің негіздерін қолдану, персонал менеджменті, қызметтің тұтынушылармен қарым- қатынасы. Әлеуметтік басқару принциптері. Әлеуметтік басқару әдісі. Ұйымдастырушылық- әкімшілік әдістер. Құқықтық әдіс. Экономикалық әдіс. Әлеуметтік және әлеуметтік- психологиялық әдіс. Кадрлық жоспарлау. Персоналды таңдау және жалдау. Еңбек қатынастарын реттеу. Персоналға қойылатын талаптар. Персонал біліктілігі. Фирма басшысының міндеті. Мотивациялық әдістер.
Дәріс- 13. Маркетинг және сервистік мекеме жұмысының тиімділігін анықтау.
Дәріс мазмұны:
Сервистік мекеме маркетингісінің стратегиясы мен тактикасы, сервистік мекеме жұмысының жалпы тиімділігін анықтау. Сервистік бизнес технологиясы мен философиясы. Стратегиялық маркетинг. Операциялық маркетинг. Талдаудың негізгі объектілері. Тұтынушы талабы. Жарнаманың тиімділігі. Сервистік қызметтің тиімділігі. Қызметтегі бәсекелестік. Көпқырлы динамикалық модель. Сервистік қызметтің бейімделуі.
6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
|
Тақырып
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Әлемнің жеті кереметі
|
1.Александрия маягы
2.Вавилон бағы
3.Родос алыбы
4.Египет пирамидасы
5.Зевс мүсіні
6.Артемида храмы
|
1
| 9, 19
|
2
|
Әлемдік діндердің мәдени туризмдегі алатын орны
|
1. Антикалық дәуірдегі политеизм діні
2. Фетишизм
3. Шаманизм
|
2
| 9, 20 |
3
|
Мәдени, тарихи, табиғи мұраларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
|
1. ЮНЕСКО
2. ЮНЕП
3.МСОП
|
3
| 9, 15 |
4
|
Мәдени туристік қызметті халықаралық реттеу
|
1. Халықаралық реттеу түсінігі.
2.Мәдени туристік қызметті реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі.
3.Халықаралық туристік ұйымдар және олардың түрлері, мақсаттары және міндеттері.
|
4
| 9,14 |
5
|
Туристік қызметтің экономикалық негізі
|
1.Туризмнің аймақ экономикасына жанама әсер етуі.
2.Туризмнің аймақ экономикасына тікелей әсер етуі
|
5
| 1, 9 |
6
|
Шетелдік елдердегі сервистік қажеттілік
|
1. Сервис деңгейі
2. Мәдени сервиске деген сұраныс
|
6
| 9, 19 |
7
|
Әлеуметтік- психологиялық фактор
|
1.Мәдени сервистегі әлеуметтік факторлардың әсері
2.Мәдени сервистегі психологиялық факторлардың әсері
|
7
| 1, 9 |
8
|
Туризмдегі туристік орындарды қалыптастыру ерекшеліктері
|
1. Әлемдегі туристік орындардың таралу географиясы
2. Туристік орындардағы сервис деңгейін көтеру
3. Мәдени сервисті дамыту әдістері
|
8
| 1, 9,14 |
9
|
Қонақ үй кешені және оның сервистік ерекшелігі
|
1. Қонақ үй түрлері
2. Қонақ үй кешендеріндегі сервис түрлері
|
9
| 1, 9,20 |
10
|
Теңіз транспортындағы сервис
|
1. Теңіз транспортының түрлері
2. Теңіз транспортындағы сервистің ерекшеліктері
3. Теңіз транспортындағы мәдени сервистің даму жолдары
|
10
| 1, 9,18 |
11
|
Мәдени туризмнің дамуына атсалысатын туристік ұйым түрлері
|
1.Дүние жүзілік халықаралық ұйымдар
2.Халықаралық аймақтық ұйымдар
|
11
| 1, 9, 20 |
12
|
Халықаралық туризм нарығы
|
1.Әлемдегі туризм нарығының қазіргі даму жағдайы
2.Қазақстандағы туризм нарығының қазіргі даму жағдайы
|
12
| 9, 14 |
13
|
Туристік ресурстар
|
1.Туристік ресурстар анықтамасы
2.Туристік ресурстар классификациясы
|
13
| 9, 19 |
14
|
Мәдени туризмді дамуындағы инвестициялық бағдарламалардың рөлі
|
1. ҚР мемлекеттік инвестициялары және оны пайдалану тиімділігі
2. Туризм саласына инвестициялық ресурстарды тарту бағыттары және процесі
|
14
| 1, 9 |
15
|
Тесттік бақылау жүргізу
|
|
15
| |
Достарыңызбен бөлісу: |