Сабақтың тақырыбы : Махмұт Қашқари
Сабақтың мақсаты : а) Махмұт Қашқари өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке адамгершілікке баулу;
ә) Адам баласында кездесетін жаман мінез құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер, кітаптар
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Махмұт Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол
XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар ақ сүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызыктыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі — "Диуани лұғати-ат-түркте" зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық, түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбе, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Өл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |