Сабақтың тақырыбы : Рабғузи
Сабақтың мақсаты : а) оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын,мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақ жерінде ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын Орда мемлекеті құрылды. Түркілердің ол кезде де өзіндік әдебиет-мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар бар. Олар: “Қисса Жүсіп", "Махаббатнама", "Жұмжұма сұлтан", "Хұсрау — Шырын", "Түркіше Гүлстан" жөне Рабғузидің "Қисас-ул-әнбиа" кітабы (Әулие-әнбиелер туралы қиссалар).
Рабғузидің 1370 жылы жазылған қиссалар кітабы -ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы. Кітаптағы әңгімелер күні бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді.
Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған, Адам Ата мен Хауа Ананың топырақтан жаралуынан бастап, Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Смағұл, Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен, Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер мол. Бұлар - шығыста бұрын-соңды көп айтылып -тараған сюжеттер. Оны Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Сонымен бірге өз жанынан шығарған өлеңдері де бар.
Кітапты адамзатқа ортақ ежелгі мифтердің жинағы деуге болады. Біздің бүгінге дейін айтып жүрген көп аңыз-ертегілеріміздің түпкі нұсқасы осы кітаптан алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |