І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі. Мен Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз – жер сұлуы Бостандық еді.Әлі есімде ол – кез соғыстан кейінгі жылдар еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем екумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын.Бірде Төлегеннің аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып,әбден тозығы жеткендіктен аяғына ілуге келмей қалды.
Оны байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен соқыр көңіл қимады.Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке айналды.