Сабақтың тақырыбы : Жүсіп Баласағұни
Сабақтың мақсаты : а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйрету;
ә) сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жүсіп Баласағұнның өмірі жайында мәлімет аз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағүн қәласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.
Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы - ең алғаш, ең көне, түркі тілінде жазылған шығарма. «Құтты білік» түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Әдебиеттің ең асыл мұраларының бірі. Онда жалпы адамзат баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, тұрмыстық мәселелер қамтылған. Бұл шығармадан ақынның аса білімді екенін аңғаруға болады. Кітап ақыл-өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазған. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хәжып (сарай министрі) атағын алған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |