Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.
"Азаулының Стамбулдан несі кем" деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.
Өз толғауларында ақын өзін "Ер Доспамбет" деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол "астына қарт күреңді мініп", "болат қылыш асынып" жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол "күңіреніп күн түбіне жортқан", "садақ толған сайгез оқ өткеріп", "арғымақтың талдай мойнын талдырып" көп жорықтарға бастаған. Сол жорық-шайқастарда батыр басына талай қауіп-қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қайтқан. Ол жайында ақын:
Айдаметке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара қан,
Тыйылмайды жонның уақ тамырынан...
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты...
Жағдайсыз жаман қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан, —
деп, сол бір қатерлі шақты бейнелеген.
Доспамбет "Айналайын ақ Жайық" деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын, елін, жерін шексіз сүйген:
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса...
Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес! —
деген жолдардан жыраудың еліне, жеріне перзенттік ыстық сезімін тану қиын емес. Ақын "Еділдің бойын ең жайлап, шалғынға бие біз байлап, орындықтай қара сабадан бозбаламен күліп-ойнап қымыз ішер күн қайда?" - деп, сол еліне тыныштық, бейбіт күн іздер шақты армандайды.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Айналайын, ақ Жайық» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |