Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



бет196/205
Дата05.02.2022
өлшемі2,38 Mb.
#7794
түріСабақ
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205
Шығармашылық жұмыс: Бұқар жырау өлеңдеріндегі мақал-мәтел,нақыл болып кеткен сөздерді тауып, олардың бүгінгі біздер үшін қандай мәні бар екенін айтып беріңдер.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?
2. Бұқарды неге жырау дейміз?
3. Ақын толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген?
4. Ақын өз толғауларында халыққа өнеге боларлық қандай ойлы пікірлер ұсынады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Көрші елдермен достықта,татулықта болу-Бұқар жырының өзекті тақырыбы» деген атпен шығарма жазып келу.
Тереңдете оқитын сыныптар үшін билеттер (ІХ сынып)
І. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік.
2. Бұқар жырау Қалқаманұлы,өмір жолы.
3. Қабағы тастай түйілген,
Лашын құстай шүйілген,
Жеңсіз берен киінген
Жалғыз қара көрінді.
Өлең жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылған?
ІІ. 1. Мақал-мәтел деген не?
2. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.
3. От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Көркемдік тәсілдің қай түрі бар?
ІІІ. 1. Абай өмірі,шығармашылығы.
2. Күлтегін жырынан үзінді оқы.
3. Атам қалды дейтұғын
Өзімнен қалған бала жқ.
Балам қалды дейтұғын
Атам менен анам жоқ.
Бауырым қалды дейтұғын
Ағам менен інім жоқ.
Өлең неше тармақтан,неше буыннан тұр? Ұйқас түрін анықта.
IV. 1. Ертегілер.Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы неде?
2.Жүсіпбек Аймауытұлының өмір жолы,өскен ортасы туралы айт.
3. Сұр бұлт түсі суық қатпайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.
Мұнда көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
V. 1. Ахмет Иассауидің өмірі,еңбектеріне шолу.
2. Тұрмыс-салт жырлары.
3. Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусы көкте дамылдаған ...
Тұлпармын топтан озған,тосырқаман,
Шаршы топ,шаршы өрім жоқ шабылмаған ...
VI. 1. Аңыз әңгімелер.
2. Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!
Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім – қылғаным шарт.
Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар.
Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт!
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.
VII. 1. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
2. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.
3. Не керек,қалды кейін сүйген сәуле,
Сондықтан теңіз – түрсіз,тау – құр кеуде.
Сондықтан жәудіреп тау,толқын теңіз,
Құрғырлар,қылмаңдаршы көңілімді әуре.
Өлең неше тармақтан тұр? Ұйқас түрін анықта.
VIII. 1. Жамбылдың өмірі,шығармашылығы.
2. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс бейнесі.
3. Қыз емес,мынау тұрған қорқау сырттан,
Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан.
Қыз емес,мұз ғой түсі қарауытқан,
Қай жері қызықтырып бой жылытқан?
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет