Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9


ІХ. 1. Сұлтанмахмұт өмірі,шығармашылығы. 2. Ертегілер,оның түрлері. 3. Ызғытып,өлке өрлетіп,баяулатып



бет197/205
Дата05.02.2022
өлшемі2,38 Mb.
#7794
түріСабақ
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205
ІХ. 1. Сұлтанмахмұт өмірі,шығармашылығы.
2. Ертегілер,оның түрлері.
3. Ызғытып,өлке өрлетіп,баяулатып,
Соқтырып кейде боран,дауылдатып,
Көңілдің асқарынан тұманды айдап,
Артынан нөсерлетіп,жауындатып ...
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
Х. 1. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.
2. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жатқа оқы.
3. Не сыйласын,несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман.
Таулар – менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХІ. 1. Жиембет жыраудың бір өлеңін жатқа оқы.
2. Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері. (Әңгімелеріне шолу).
3. Е, мына қыпша бел,сұңғақ бойлы,қызыл шырайлы,торғылт келіншек шынар болар. (Ғ.Мүсірепов).Сөйлемде көркемдік тәсілдің қай түрі бар?
ХІІ. 1. Абайдың бір өлеңін жатқа оқы.
2. Ақтамберді жырау,өмір сүрген кезеңі.
3. Хамит – ұзынша бойлы,жауырынды,тіп-тік сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.жасы 25-26-лар шамасында.Үстінде мұздай қазақша киім.
Үзіндіде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХІІІ. 1. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары.
2. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.
3. Ол жауына оқтай қадалды.Мен оның күндей күлген жүзіне қызыға қарадым.
Сөйлемдерде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХІV. 1. Шешендік сөздер түрлері.
2. Махамбет Өтемісұлының балалық,жастық шағы.
3. Таңдырып ап маңдайын,
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
ХV. 1. мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жатқа оқы.
2. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі.
3. Күн шайдай ашық,жылы еді.Аспанда бұлт жоқ.Жел де жоқ.Айнала қалың иірім-иірім орман.Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың мен қарағай ...
Көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХVI. 1. Ілиястың «Күйші» поэмасынан үзінді оқы.
2. Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы.
3. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та,бар,қалан.
Шумақта қандай ұйқас түрі қолданылған?
ХVII. 1. Шыңғыс Айтыматовтың өмірі,шығармашылығына шолу.
2. Мақал-мәтелдердің тақырыптары.
3. От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?


ХVIII. 1. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңізді» жатқа оқы.
2. Ғабит Мүсірепов – сөз зергері.
3. Домбыра,сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда.
Ұйқас деген не? Өлеңдегі ұйқастың түрін анықта.
ХІХ. 1. Абайдың табиғат лирикасы.
2. Жұмбақтар,оның тәрбиелік мәні неде?
3. Күй,сені тәтті көрем жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай жаным күйіп.
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.
Ұйқас деген не,бұл шумақ қай ұйқасқа жатады?
ХХ. 1. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде?
2. Мағжанның «Түркістан» өлеңінен үзінді оқы.
3. Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі...
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХХІ. 1. Ілияс Еснберлиннің өмірі,шығармашылығы.
2. Абайдың «Ескендір» дастаны,көркемдік ерекшелігі.
3. Қар – аппақ,бүркіт – қара,түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...
Осы өлең жолдарында көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХХІІ. 1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
2. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.
3. Балалық өлді,білдің бе,
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті,көрдің бе,
Кәрілікке көндің бе? (Абай).
Өлең қандай әдіспен жазылған? Буын санын анықта.
ХХІІІ. 1. Мұқағалидың өмірі,шығармашылығы.
2. Асан қайғы – халық қамқоры.
3. Жоғары ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...
Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз құлаш жазылды?
Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХХІV. 1. Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары қайдан табылған?
2. Мұқағали – сыршыл ақын.
3. Шырқ айналар шіркін тауық
Жемің болса қолыңда
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда...
Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?
ХХV. 1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.
2. Төле би Әлібекұлының өмір сүрген кезеңі.
3. Жел,құйын,ағын,бәйге көк,
Ұшқыр құс,құмай,атқан оқ.
Бәрі де жүйрік өзінше,
Көңілден бірақ жүйрік жоқ.
Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет