Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



бет195/205
Дата05.02.2022
өлшемі2,38 Mb.
#7794
түріСабақ
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   205
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұқардың өз әкесі — Арғын руынан шыққан Қалқаман батыр. Бұқар жырау Баянауылда туып, Далба тауында дүние салған. Оның ұрпақтары да Баянауыл маңыңда.
Бұқар — XVIII ғ.екінші жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайды: "Абылайшам", "Абылайша", - деп сөйлейді екен. Бұқар өзінің "Ей Абылай" деген өлеңінде:
Ей, Абылай, Абылай! Түркістанда жүр едің.
Сені мен көргенде, Әбілмәмбет патшаға,
Тұрымтайдай ұл едің, Қызметкер болып тұр едің, —
дейді.
Осы өлеңінде ол Абылайды он бір жасынан бастап, ең ақырғы өміріне дейін білетін адам болып сөйлейді.
Бұқар — халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.
Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін Абылайдың, оның данагөй ақылшысы, философ ақын Бұқардың есімдері де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленді.
Қарағанды қаласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бұқар жырау есімі берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның ұрпақтары зәулім күмбез тұрғызған.
XVIII ғ. бізге мәлім ақындардың ішінде әлеуметтік мәселелерді көбінесе басымырақ жыр еткен ақын - Бұқар. Өз кезіндегі әр алуан қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырған.
Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек. Бірақ оның "Керей, қайда барасың?", "Айналасын жер тұтқан", "Бірінші тілек тілеңіз", "Жал-құйрығы қаба деп", "Асқар таудың өлгені", "Ей, Абылай, Абылай", "Сен он бір жасыңда", "Қалданменен ұрысып", "Кәрілік", т.б. өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.
Кітаппен жұмыс: Бұқардың «Айналасын жер тұтқан» деген өлеңіне талдау жасап, «Асқар таудың өлгені» деген өлеңін мәнерлеп оқыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет