Kz $$$umkd name$эпоәК атауы –Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелері$$ |
жүктеу/скачать 1,49 Mb.
|
$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Дәрістің атауы Қатынастың коммуникативті жақтарының сипаты. Қарастырылатын сұрақтар: Коммуникативті үрдістегі әсерлер. &&&
$$$002-010-001$3.2.10.1 Сұрақ атауы 1 Коммуникативті үрдістегі әсерлер. Тез қысқа, қайталанатын көз тастау - қарым-қатынас орнатуға деген сигнал. Көзді тайдырып әкету қарым-қатынастағы барьер мен қысылу белгісі. Ұзақ уақыт кірпік қақпастан қарау сөйлесіп отырған адамды өзіне бағындыру немесе қиыншылық жағдай деп түсінуге болады. Адамның көзқарасы жаттықтыруға келмейді, сондықтан да партнердің эмоциянальдық психикалық күйін анық көрсетеді. Адам сөз арқылы барлық жағдайын жасыруы мүмкін қайғы, құсалану, қуану, ашулану, бірақ оны көзқарасынан көрсетпеу үшін үлкен ерік жігер немесе арнайы жүгізілген жаттығулар қажет. Енді көз «тілін» қарастырып көрелік. «БАҚЫРАЙҒАН КӨЗДЕР» Бұл көздер тынымсызданғанда, күтпеген таңырқауда, күтпеген кездесулерде болады. Күтпеген шаттық сезімі немесе шошу, үлкен білгіштікке құмарлану, түсініксіз жағдайды, аңқаулық кезінде көрінеді. Сирек кездерде ол аяқасты шешім тапқанда («Эврика!») сақтандыру белгісі («Сақтан!») кездерін көрсетеді.Толығымен ашылған көздер сезімге берілгіштіктің жоғары денгейін, арманшылдық, «көзді ашып ұйықтау», гипнотикалық транс, шексіз сену кездерінде көруге болады. Мұндайды көбінесе аңқау, түк түсінбейтін мүләйімсіген адамды көрсеткісі келетіндер жасайды. «ЖАРТЫЛАЙ ЖАБЫЛҒАН КӨЗДЕР» Үстіңгі қабақ көздің үстіңгі бөлігін жауып тұрса, ол көбінесе селқостық, бағыныштылық, тіпті кейде ақымақшылдықты көрсетеді. Жиірек ол қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді. «ҚЫСЫЛҒАН КӨЗДЕР,» Көбінесе бұл қысылған түрдегі көңіл аудару болады. Егер көзқарас бірқырынан ғана болса, онда ол қулық - сұмдықты білдіреді. Көптеген адамдар үшін ол жандық концентрацияның жоғарғы денгейін көрсетеді. Сонымен бірге көзқараста критиканы, қара ниет пен жағымсыздық сезімін көруге болады. Керісінше, алды ашылған пиджаг, куртка, ашылған алақан т.б. «ашық ниетті» білдіреді. Ашықтық жиі тек қана адамдарға емес, сонымен бірге жануарларға да, тән құбылыс. Егер төбелес кезінде жануардың біреуі арқасына жата қалып ішін көрсетсе, онда ол оны ешқашан жәбірлемейді. Доктор Леон Смит бұл қағиданы жас қасқырларды тексеру арқылы салыстырып көрген. Бірде аң оған жантүршіктіре жақындағанда ол ішін ашып жерге жата кеткен. «Қасқыр иттер сияқты менің ішімді тісімен көрді де тістемеді. Бірақ мені өте қатты қорқытты» деді. Ашық позаны көбінесе тәжірибелі шешендер, артистер, саяси қызметкерлер қолданады. Тыңдаушылардың сенімін алу үшін олар өздерінің ашық алақандарын көрсетеді. Бұл сигнал тыңдаушыларға сенімді жинай келіп «бұл адамға сенуге болады» деген көзқарасқа әкеледі. Ал балалар болса, ешқандай ережелерді білмегендіктен «алақанымда түк жоқ» дегендей алақандарын көрсетеді. Ал керісінше, келіспеушілік, тығылу, бірбеткейлік алақанды тас жұмып, артына ұстап алу ретінде жақсы көрінеді. Бұл - жесттің табиғи тілі оның құрамды бөлігінің бірі - көз қимылы. «КӨЗДЕРДІ ЖАРҚЫРАТУ» Қайталанылатын, көбейткіш, бірқалыпты емес көз қысу өз - өзіне сенбеушілік, нервоздық, қиыншылық жағдайды, жүйкелік қозу кезінде болады. Көз қарашығының қысылуы немесе үлкеюі - қызығушылық пен көңіл аударудың әлсізденуі немесе күшеюі түрінде беріледі. Эмоциональдық қозу кезінде, қорыққанда, ауырсынғанда, іштей қиналғанда көз қарашығы үлкейіп, кеңейеді. Босаңсу, тыныштық жағдайы, релаксация, тыныш қуану сезімі көз қарашығының тарылуына әкеледі. Ашық және жабық көздердің денгейінен босқа сөйлесіп отырған адамның көзқарасын экспрессивтік репертуар ретінде оқуға болады. «ТУРА КӨЗҚАРАС» Партнерге тура қараған көзқарас қызығушылықты, оған және өзіне деген құрмет, өз - өзіне сенімділік, қарым-қатынасқа дайындылықты көрсетеді. Ал алысқа тасталған көзқарас-жиі ойлану, күмәндану, шешім қабыдаудағы сенімділікті көрсетеді. ПАРТНЕРДІҢ «ДЕНЕСІНЕН ӨТІП КЕТКЕНДЕЙ» КӨЗҚАРАС. Бұл көзқарас оны құрметтемеушілік, агрессивтілік реакцияны көрсетеді. Парнердың жанынан өтіп кететін көзқарас өз басына бағыттылық,эгоцентризмді білдіреді «ҚЫРЫНАН ТАСТАЛҒАН КӨЗҚАРАС» Партнердін көздерімен бұрылмай кездесу скепсисті, цинизмді, байқатпай құпия бақылау, құпия қызығушылықты көрсетеді. Бір қырынын көзді қысып қарау - сенбеушілікке, қорқытуға, сенімсіздікке тән. Бір жағынан ғана көтерілген қас пен мандайдағы қыртыс - менмендік, тура келіспеушілік, жек көрушілік, менсінбеуді білдіреді. «ТӨМЕННЕН ҚАРАУ» (бас төмен тұрғанда) Аз иілген арқа бағыныштылық, мәймөңкелеуді білдіреді. Қатты кернеу мен маңдайдағы қыртыс вертикальды түрде болса, онда жасырын байқаудан соң келіспеушілікті көрсетеді. Өте қатты қысылғанда өзін-өзі ұстау, мобилизация, күреске дайындығын білуге болады. «ЖОҒАРЫДАН ТӨМЕНГЕ ҚАРАУ КӨЗҚАРАСЫ» Астамшылдық, намысқойлықты, өзін-өзі жоғары санау, жиіркеніш сезімін білдіреді. «АСПАНДЫҚ КӨЗҚАРАС» Бас қалыпты жағдайда болғанда көз алмасы жоғары бағытталған. Бұл бет бейнеде тұңғиық ойлану, мақтан тұту, өзіне қаратып алуды көрсетеді. Кейде бет - бейненің қиналуы жоғары ойланудың өтірік көрсету жағын ғана білдіреді «КӨЗДІ ТАЙДЫРЫП ӘКЕТУ» Бұл күмәндану кезінде өз - өзіне сенбеу, үлкен ұялшақтық, қорқақтық, кінә сезімінде немесе өзінен - өзі болуы мүмкін. Көп жағдайда көз қимылы көрсетуі мүмкін. «НАҚТЫ БІР ЖЕРГЕ ҚАДАЛҒАН КӨЗҚАРАС» Мақсатқа берік, өз-өзіне сенімділікті көрсетеді. Көзбен алма кезек ауыстырып отыру көңіл бөлудің, партнерге деген құрметтеу, оған деген сенімділікті көрсетеді «ҚАТҚЫЛ КӨЗҚАРАС» Қараушының көзқарасының қысылуы дөрекілік, сенбестік, кейде ұтымдылық, жасырындық, агрессивтілікті көрсетеді. «ТУРА, АШЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН КӨЗҚАРАС» Позицияның ашықтығын, жиірек тек ашықтық демонстрациясын ғана көрсетеді «ТОҚТАМСЫЗ БАҒАЛАУШЫ КӨЗҚАРАС» Төменнен жоғары қарай қарағанда табыну сезімі көрінеді. Жоғардан төменге қарағанда критикалық қөзқарас, кейде тіпті менсінбеушілікке ауысады. «ТҮСІНІКСІЗ КӨЗҚАРАС» Бұл жиі анықтықтың дұрыс еместігін, мақсат, мотивтің жетуіне деген нақтылық жоқ дегенді білдіреді. «ТЫНЫМДЫ КӨЗҚАРАС» Қабылдаудың, жіктеудің дұрыстығына көңіл толу, кейде тынымды көзқарас тежелу «стопор» реакциясын көрсетеді. «ТЫНЫМСЫЗ КӨЗҚАРАС» Тұрақсыздық, қозушылық, партнердің сөзіне деген құлақ аспау. «ТЕЗ, АСЫҚҚАН КӨЗҚАРАС» Сезімталдығы ауыру деңгейінде қозушылықты көрсетеді. «Көзді айландыру» партнермен контактіге түсудің ерекше формасы, онымен қарым - қатынастың осы этапта тоқтауына, жолығуына әкеледі. &&& $$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары Дәрісте берілген жаттығуларды практикада байқап көріңіз, талдау жасаңыз. &&& $$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Дәрістің атауы. Қоғамдық өмір және қарым-қатынас Қарастырылатын сұрақтар: Қоғамдық өмір және қарым-қатынас &&&
Қоғам — бұл адамдардың бірігіп тіршілік етуі. Еңбек ету әрекетінде адамдар топтасып бірлесіп атқаратын іс-әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты түрде атқарып отыруы жүктеледі. Сөйтіп әрбір ұжым мүшесінің әлеуметтік ролі, қоғамдық қызметі айқындала түседі. Ал сол қоғам мүшесінің әлеуметтік ролін көрсететін іс-әрекет түрлері: мұғалім мен шәкірт арасындағы қатынаста, бастық қызметкер мен бағынушылар арасында, отбасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы, сатушы мен алушылар арасында, көршілер мен туған-туыстар қатынасында, үй иесі мен қонақтар арасында күнделікті сан қилы әлеуметтік қарым-қатынастар өрістеп әркімнің өзіндік ролі мен ісін, міндетті қызметі мен іс-әрекетін білдіреді. Міне, әлеуметтік өмір тіршілігінде осындай қарым-қатынастарға әрбір қоғам мүшесінің азаматтық өзіндік даралық бейнесі мен мінез-құлқының, қасиеттері, сапалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Осындай шым-шытырақ қарым-қатынаста әрбір адам өзгелердің жағымсыз мінезі мен құлаққа түрпідей естілетін дөрекі сөздерін, көңілдегі тілегі мен мақсаты орындалмаған адамның өкініші мен реніштері, тасы өрге домалап ісі оналған адамның шат-шадымен көңілді күйі мен ризашылық сөзімін біздер күнделікті өмірімізде көріп біліп басымыздан кешіреміз. Жетекші болған азамат, адамдарды басқаратын әкім әлеуметтік өмірдегі осындай алуан түрлі адамдар мінезімен санасып, олармен игі істі жүзеге асыру жолында қиыннан жол табуды, қалың, бұқараның көңілін табуды өздерінің басты мақсаты деп санайды. Халық бұқарасымен қатынас орнату азаматтың әлеуметік қызметі, қоғам алдындағы борышы. Адамдар арасындағы қатынас, әсіресе басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас орнатудың бірнеше түрлері бар. Олар ресми қатынастар мен ресмисіз қатынастардың түрлері адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделген қатынастарда, әріптестер арасындағы тілдесулер адамдың шын пиғылы мен сырын ашып көрсетеді. Жан дүниесінің қыры мен сырына толық қанығады. Мұндай шын пиғылды ресмисіз қатынас орнатудың өзіндік белгілері бар. Ондай белгілер:
Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін көрсететін ашық-жарқындығы, сенімділігі мен ақ пейілділігі Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп, бірін-бірін жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар. Бұлардан өзге адамдардың бірімен-бірінің өзара түсіністік қатынас орнатып, өзгелердің де көтерген мәселелерді шешуге қатыстыру. Мұндай ерекшелік адам мінезінің көпшіл екенін көрсетіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер түйінен шешуге бағытталады. Әдетте әріптестер арасындағы мұндай адамның ұйымдастырушылық қабілетін өзгелерге де айқын көрсете алады. Сөйтіп адамдардың өзара қатынасында олардың, әрқайсысының өзіндік ролін көрсетеді. Топ ішінде не әлеуметтік қатынас орнатуда әрбір адам белгілі бір жағдайда өз тобында жетекшілік қызмет атқарса, ал өзге бір топта ол бөтендіріп білдіріп басқаларды жатырқап тұрады. Адамның топ ішіндегі өзіндік ерекшелік бейнесі «Мен» — бейнесі оның өзіндік мінез-құлқы мен іс-әрекетін, сол топ ішінде нендей қызмет атқарып, қандай орын алатынын көрсететін кез келген адамның даралық сипаты. Адамның дара басына тән қасиеттер мен сипаттар, оның ерекшеліктері өмір кезеңдерінде түрлі топтар арасында қалыптасқан мінез-құлқының көріністері, сол мінез ерекшеліктерінің қандай топтар мен ұжым арасында өмір кешкені жайында белгілі із қалдырып отыратын бейнелерден құралатын мінез енді адамның түрлі ортаға бейімделіп тіршілік етуі үшін оның тұтас түрдегі психологиялық өзіндік портреті жасалады. Мұндай өзіндік адам бейнесінің жасалуы үшін мынадай екі түрлі талап қойылады: Оның бірі — адам өзінің бойынан, мінез-құлқындағы ұнамсыз сипаттар мен жағымсыз қылықтарынан арылуға күш жұмсап, кісілік қасиеттері мен азаматтық болмысын қалып-тастыруға ұмтылады; екінші, өз басындағы мінезінің олқылық жақтарын талықтырып, кісілік қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттері мен қылықтарынан арылу үшін күреседі. Сөйтіп ол өзінің даралық бейнесін қалыптастыра отырып, «енді мен кім болуым керек, өзім қарым-қатынас жасап араласатын топ арасында қандай роль атқарамың» нендей істерді істеуге мүмкіншілігім бар? деген сұрақтар қойып, алдына белгілі мақсатқа жетуді көздейді. Осындай мақсаттарын жүзеге асыру жолында ол өзге адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Қатынас жасау адамның даралық мінез қасиеті. Ол мынадай сатылардан тұрады: 1. Өзгелермен қарым-қатынас орнатуға ниет 6ілдіруі. 2-сатыда қатынас жасайтын әріптестерінің кімдер екенін танып білуге ықылас білдіріп, олар жайында қажетті мәліметтер алуға ұмтылады. Әрбір әріптесі мен өзінің өзара қатынасының нендей ролдер атқаруы жайлы елестері пайда болады. Әріптестерінің кімдер екенін, танып білуге мән беріп, мен олардың арасында қандай орын аламын деп, өзгелердің пікірімен санасады. Өзін өзгелердің орнына қойып, ішкі жан дүниесінің сырына барлау жасайды. Мұның бәрін ол өзінің ақыл-мөлшерімен таразылап көреді де, ұжым ішінде өзімнің атқаратын ісім мен мінез-қылығым қалай болуы керек деген міндетті шешеді. 3-сатыда қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынысудың жолын іздестіреді: Егер олар тіл табыса алатын белгілі іс-әрекеттерді атқаруға кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішіндегі әріптестерінің кімдер екенін аңғарып, оларды да, өзін де танып білетіндей деңгейге көтеріледі. 4-сатыда қарым-қатынас жасап, тілдескен әріптестер нендей ісерді атқара алады және олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқында, қабілетінде нендей жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жәйттерді анықтап, кімнің кім екенін білетін болады. Егер жалпы тіл табысып кете алмайтындай жәйттер байқалатын болса, онда қатынасқа түскен адамның өзгелермен онан әрі қарым-қатынас жасаудың пайдасыз екенін аңғарып, олардан өзін аулақ ұстауға тырысады. Қорыта келгенде, қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсетуге болады. Оның бірі — адамның ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері ойлауы мен саналы әрекеті, ал, келесі бөлшегі адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын біліеді. III. Адамның өзгелермен тілдесіп қарым-қатынас жасай білуі жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі. Күнделікті өмірде кездескен адаммен ашық-жарқын сөйлесіп пікір алысатын болсақ көңілін ашылып, жан дүниең сергиді. Ал, өркөкірек, менмен, тұйық, адаммен кездесе қалсаң, айтқан сөзінді түсіну түгіл, оны құлағына да ілмей қойса, көтеріңкі көңілін судай басылып жігерінді құм етеді. Тілдесу арқылы адам бірін-бірі түсінісіп сыр шертеді. Дегенмен, қатынас орнату кез келген ересек адаммен үйлесе қоймайды. Кейбіреулер ә дегеннен түсінісіп жалпы тіл табысатын болса, ал қайсы біреулер тек бұрыннан сырлас адамдарымен ғана сөйлесуді ұнатады. Мәселен, ұжым ішіндегі адамдармен ғана сөйлесуді қажет деп санайтын болса, ал өзге біреулері от басы, ошақ қасындағы семья мүшелерімен сөйлесуден көрі, қызмет бабындағы жетекші бастықтармен ғана шүйіркелесіп пікірлесуді қалайды. Ал өзінің қарамағындағы бірге жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуді қажетсінбейді. Ондай тұлғалар жайында жазушы В.Шукшин: «Осы 613 кім болып барамыз? неге бірімізге-біріміз жатырқай қараймыз деп таңданады. Ал бегілі психолог маман Я.Л.Коломинский айтқандай «Біздер өзара тілдесіп пікір алысуымыз, шынымен ақ сырқатқа ұшыраған ба! деген пікір білдіреді. Адамдардың күнделікті өмірінде маңындағылармен тілдесіп пікір алысуы ұжым ішінде болса да, нақты жағдайлар мен түрлі ситуацияларға тәуелді болып отыратындары акикат жэйт кой. Мұндай жай-жапсарлар әрбір адамның алдына қоятын мақсаты мен тіршілік тұтқиылдарына да тәуелді түрліше сипатта қалыптасады да, оның өзіндік ұстанымына, мүддесіне сәйкес болуын талап етеді. Адамның өзіндік ұстанымы белгілі іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әр алуан белсенді әрекеттер жасайтын психологиялық күйі, саналы түрде орындайтын жұмысы деуге болады. Ол осы әрекеті арқылы әр қилы факторлер мен оқиғаларды ақыл-ой елегінен еткізіп талдайды, жоспарлаған жұмысын іске асырудың амал-тәсілдерін іздестіреді. Қалайда болмасын әрбір адамның, даралық қасиеттеріне оран мақсатты ісін орындап шыруға ұмтылып, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын іздестіреді, ұжым ішіндегі адамдардың ой-пікірін біліп, жоспарлаған жұмысын жүзеге асыру мүмкіншіліктері бар екендігіне сенеді. Осы тұрғыдан келгенде тек дара адамның, өзі ғана емес, өзгелердің де әлеуметтік орнын, мінез-құлқын, көзқарасы мен пікірлерімен санасу қажеттілігін ескеріп, әрбір нәрсенің мән-жайына барлау жасайды. Сөйтіп, адамнын, өзіндік ұстанымы жеке адамдар мен әлеуметтік топтарға жататын өзгелердің де мінез-құлқымен санасып отыру жалпы адами қасиеттің тұрақты белгісі екендігін аңғарады. Өзге адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерді біліп, оларды күнделікті өмірде ескеріп отыру кез келген қоғам мүшесінің азаматтық белгісі ішкі дүниесінін сыры мен қырына зөр салуды қажет ететін психологиялық фактор. Әсіресе жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен белгілі жұмыс түрлерін атқаруда сыртқы жағдайлардың әсеріне орай олардың арасында теріс пікір тудыратын болса, онда бірлесіп атқаратын жұмыс мардымсыз болып, істің нәтижелі болып бітуіне кедергі жасайтын болады. Ал адамдар арасындағы бірлікке нұқсан келтіреді. Сәтсіз істің себебін анықтап, аның мән-жайын біліп шындығы анықталған жағдайда, істі орындауға тиісті адамның қылығын дұрыс бағалап, «оның тапсырылған істі бұлай істеуге мүмкіндігі болмаған шығар, әлде ол сол жұмысты орындаудың әдіс-айласын жете түсінбеген болар» деген дұрыс шешімге келеміз. Жеке адамға тән психологиялық ерекшеліктердің бір түрін біздер адамның бойында қалыптасқан қасиет-әлеуметтін бағалау деп атаймыз. Бұл қасиет адамның бойында саналы түрде орын тепкен сипат. Осы сипат адамдардың белгілі тобына да, мәселен, өндіріс бригадасы мен оқу тобына, әскери бөлімше мен іскер адамдарға да тән. Мұндай топтарда қалыптасқан мінез-құлық сипаттары олардың дәстүрлі іс-әрекеттері мен жұмыс түрлеріне байланысты болып отырады. Сол топтардың мінез-құлқы мен пейілі де шұғылданған кәсібі мен іс-әрекет түрлеріне сәйкес өзіндік ұстанымдары болатынын көрсетеді. Олардың әрбір нәрсе мен оқиғаға қарым-қатынасы, білім деңгейі, түрлі жаңалықтар мен хабар түрлері не әсерленіп оларды қабылдауы, сезініп түсүнуі де кейде атүсті шалағай болып отыратынын байқатады. Әдетте мұндай топтар мен олардың жеке мүшелерінің нәрселер мен оқиғаларды қабылдауы, таным-түсініктері терең ойлап пайдымдаудан көрі әсерленгіштік сезім кйі басымырақ болып отыратынын көрсетеді. Адамның әрбір құбылысты, істі неғұрлым байыбына жете түсініп, оларды дұрыс бағалауы ақыл-ойы мен дүниетанымының тұрақты әрі кеңір-ақ екенін байқатып кез келген істің шындығына ой жүгіртіп, оларды дұрыс қабылдай алатын қабілетін, кез келген нәрсенің мән-жайына ой жүгіртіп, қалай да істің шынайы мәніне түсініп, ақиқатты танып білуге сенімінін арттыра түсетінің көрсетеді. Адам мінезіне тән осындай сипаттардың бәрі оның өмір тәжірибесі мен іс-әрекетінде, дүниетанымдық көзқарасында қалыптасқан әлеуметтік баралау таптаурыны (стереотипі) екенін көрсетеді. Мұндай таптаурынды көзқкарас адам мінезіндегі әрбір нәрсенің мәнін танып білудегі өресіздігі мен ақыл-ойының саяздығын көрсетеді. Психолог мамандардың зерттеулерінде адамның бойында қалыптасқан әлеуметтік баралау таптаурыны өзге адамдарды қабылдап, олардың мінез-құлқын бағалауда ерекше рөль атқаратынына баса мән береді өйткені кез келген адамның өзге адамдар жайындағы пікірі оны өзінің бұрыннан қалыптасқан қалыпты көзқарасы мен өмір тәжірибесіне, дүниетанымы мен білім шарқына сәйкес салыстыра отырып бағалайды. Мұндай жәйттер кейде сол адамдарды танып білу кезіндегі түрлі жағдайларға да тәуелді болып отыратындығы белгілі психолог маман А.А.Бодалевтің арнайы жүргізген тәжірибелік зерттеудері арқылы баяндалады. Мәселен, бір ер адамның суретін әртүрлі топтарға көрсетіп, осы адамның бейнесіне «Сіздер кімді көріп отырсыздар?» деп сұрағанда тәжірибеге қатысқандардың бір тобы «бұл қылмыскер ғой» деп анықтаса, ал екінші топтағылар: «мынау — ғалым әрі оқымысты кісі сияқты» деп жауап берген. Адамдардың сыртқы тұлғасы мен түр-сипатына, оның мінез-құлқын «осындай екен» деп бағалау түрлі топтағы тәжірибеге қатысушылардың өзіндік өмір тәжірибесіне байланысты түрліше көқараста болатындығын көрсетеді. Осы тұрғыдан келгенде бір адамның өзге әріптестерін сырттай қабылдап оны тани білуіндегі көзқарасы оның өз бойында бұрыннан ірге тепкен барлық ерекшелігіне, ішкі дүниесінің сырына, өзімшілдігіне тәуелді болып келетіндігін аңғартады. Ондай адамдар өз басы жайында ұнамды ойда болып, өзгелерді жете танып білмесе де олар жайында теріс пікірде болуы мүмкін. Адам мінезіндегі осындай сипаттар оның өзге адамдармен тезарада тіл табысып кетуіне кедергі жасайды және олардың біріне-бірінің сақтықпен қарап, кейде өзгелерге сенімсіздік көзқарасын да тудыруы ықтимал. Адамдар арасындағы қалыпты қатынас орнатуда осындай мінез көрністері олардың арасын кашықтатып, жатырқаушылық сезімін тудырары күмәнсіз. Сонымен, қарым-қатынас дегеніміз — ғылым әрі өнер. Бұл творчестволық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу-әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашырлық сезім, гуманитарлық көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір-қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның, ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Қарым-қатынас жасаушылар өз арасында көтерген мәселелері мен хабар алысу кезінде бірінің сезін бірі ынта қойып тыңдап, әңгіменің мән-жайын барынша жете түсінсуді мақсат тұтады. Әріптестердің талап-тілегі мен хабары, көңіл күін олардың көзқарасынан, дауыс ырғағынан, бет құбылысы мен ым-ишараларынан анық аңғарылады. Айтушы да, тыңдаушы да өзара түсіністік білдіріп бірінің сөзін екіншісі ықылас-ынта қойып тындайды, мұңын тыңдап оған жаңашырлық кейіп 6ілдіріп, ал сәтті ісі мен игі ісін жүзеге асыруына тілектестігін білдіреді. Халқымызда «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейтін мәтел осы бір жәйтті білдірсе керек. Әріптесінің айтқан сөзін ықылассыз тыңдап, кейде оған бірден өзінің қарсылығын, наразылғын да білдіруге асырады. Әрине, мұндай жарғайда әріптестер арасындағы пікір алысып сөйлесу өзара түсіністікке жеткізе бермейтіні хақ. Әріптестердің пікір алысып, тілдесуіңде тыңдаушысы сөйлеушінің айтпақшы болған ойына түсініп, оның мұқтажына дал сол адамның басынан кешірген оқиғасын психологияда бәіз эмпатия деп атаймыз. Эмпатия сөйлеушінің жан дүниесінің тебіренітерін тыңдаушысы өз басынан кешіргендей күй кешіп, оған жан ашырлық пиғыл білдіріп, ондай ауыр күйден шығудың жолын айтады, не шинеленісті мәселенің шешу жотын бірлесе отырып қарастыратын болады. Қатынасқа түскен өріптестер, не пікір алысушы әріптестердің өзара түсіністігі сөз арқылы да, ым-ишара білдіріп, бет құбылысынан, қимыл-қозғалысы мен дауыс ырғағынан айқын көрініс табады. Тілдесіп, пікір алысу негізінен дауыстап сөйлеу арқылы жүзеге асқанымен адамдардың өзара қарым-қатынасының мазмұн-мәні әр алуан ым-ишаралар жасау арқылы да айқындала түсіп, әріптестер бірін-бірі жете түсінісетін болады. Сөйтіп олар өздерінің межелеген іс-әрекеті мен мақсат-мүддесін бірлесе отырып атқаратын болады. Басқарушылар мен бағынушы адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың нақты түрлері мен тісілдері әр алуан. Мәселен, жетекші мамандар мен жұмысшылар арасында жарасымды қарым-қатынас орнатудың түрлеріне әңгімелесу, өндіріс орындарында өткізілетін кеңестер мен жиналыстар, еңбекшілер арасына келіп сөйлесу сияқты тәсілдерді де жатқызуға болады. &&& $$$002-011-100$ Дәріс №11. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1 Қоғам деген не? 2 Қоғамдық қатынастарға түсініктеме беріңіз? &&&
$$$002-012-001$3.2.12.1 Сұрақ атауы 1 Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері Еңбек ұжымы мен мекеме қызметкерлері арасындағы талас-тартыстар мен дау-дамай. Кез-келген ұжым мен мекемеде, өндіріс орындарында түрлі себептерге байланысты талас-тартыстар мен дау-дамай болып отыратындығы мәлім. Бұл мәселені психология ғылымы адамдар мен көпшілік арасындағы қарым-қатынаста психологиялық, ахуалдың жағымсыз көріністері деп санап, оны өз алдына бөліп қарастырады. Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас-тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат-мүдделерінің көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлык ерекшеліктерінің қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал дау-дамайлы ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байлынысты екенін аңғартады. Дау-дамай әсіресе жеке адамдардың өзара жалпы тіл тауып, түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ, дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік мінез-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінүіміз керек. Дегенмен, дау-дамайлардың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатынын атап айтуға тиіспіз. Жеке адамдар мен ұжым ішіндегі талас-тартысты мәселелерді дер кезінде шешіп отыру әрбір істің алдағы кезеңдерде тиісті нәтижелер беріп, олар өмір тіршілігіндее барынша пайдалы екендігін атап айтқан жөн. Дау-дамайлы мәселелердің мән-жайын бағдарлап, оларды шешіп отыру, ең алдымен, жеке адамдар арасындағы, өзара түсіністікті орнықтыратын болса, ал ұжым атқаратын іс-әрекеттердің онан әрі қарай жемісті жүргізілуіне де себепші болмақ. Сөйтіп адамдар арасындағы қарым-қатынас орнататын факторға айналады. Екіншіден, дау-дамайлы мәселелердің туындау себептері анықталып, оларды болдырмаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленеді. Үшіншіден, бұрыңғы кикілжіңді қарым-қатынастардаи бас тартып, енді өзгеше де тиімді қатынас орнату'дың амал-тәсілдері қарастырылады. Төртіншіден, топтар мен ұжымды жаңа жағдайларға бейімдеп қарым-қатынас орнатудың әдістері негізінде адамдардың бойында бұрыннан орын алған ашу-ызасы мен кекті пікірлерін ұмытып, нақты істерді атқаруға бағдарлайды. Бесіншіден, әрбір адамның өз бойындағы қадір-қасиеті мен қабілетінің сипаттарын ашып көрсетіп, оның кісілік ерекшеліктерінін беті ашылып, бойындағы күш-қуаты мен ақыл-ойының дамуына кеңінен жол ашылады. Осы орайда дау-дамайлы қарым-қатынасты жеңген жағдайда адамдардың бойынан ауыр жүк түскендей сезімде болып, күнделікті өмір мен тіршіліктен қаңараттанарлық ләззат алады, ал талас-тартыс онан әрі жалғаса беретін болса, онда адамдардың жемісті еңбек етуше кедергі келтіріп көңіл күйін жабыранқы етеді. Сондықтан адам өз өмірінде, қалайда пайдасыз талас-тартыс туғызатын жәйттерден бойын сақтай білгені барынша пайдалы болмақ. Дау-дамайлы мәселелердің туындап, адамдар арасындағы іскерлік қатынас орнатуға кедергі жасайтын әр түрлі себептердің бар екендігі жасырын жәйт еместі. Сондай жәйттердің бірнеше түрлері бар. Оның, бірі-өндіріс орындарындағы бастықтар мен жұмыскерлер арасындағы жоғарылы-төменді даулы мәселелер болса, ал жұмыскерлер мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасындары талас-тартыстардың туындап отыруы. Мұндай талас-тартыстардын, туындауы бір жағынан ар алуан іс-әрекеттер мен қызмет түрлерінің жөнге салынуына байланысты талап-тілектер болса, ал екінші жағынан өндіріс орны мен ұжым ішіндегі іс-әрекеттердің қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын өсек-өтірік пен әр алуан алыпқашты пікірлерді таратумен байланысты. Істің жөні мен өнімділігін артыруға байланысты дау-дамайлар әдетте ұжымдағы байсалды түрде талас-тартысты мәселелерді көпшіліктің ашық түрде айтылатын сын мен өзара сын пікірлерін талқылау нәтижесінде шешілсе, ал өсек-аяң мен жеке бастық кикілжіңге тіректелетін талас-тартыстар ұжым ішінде іріткі тудыратын жағымсыз әрекеттер болып саналады. Өндіріс орындары мен мекемлерде, ұжымдар мен жеке адамдар арасындағы дау-дамайдың туындауына көбінесе мынадай жәйтердің себеп болатынына көз жеткіземіз: Ұжымдар мен адамдардың топтары арасындағы мақсат-мүдделердің сәйкессіздігі олар арасындағы алауыздық; ұжым мен өндірістегі адамдарға қатысты ұйымдық құрылымның, атқаратын істерінің уақыт талабына сәйкессіздігі және жұмыс стилінің ескіруі; ұжымдағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы үйлесіміз қарым-қатынас; адамдардың міндетті істері және олардың. құқының айқынсыздығы; кейбір қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатар атқаратын істерінің көптігі, мақсат-міндетердің, айқынсыздығы; кәсіптік іскерліктің, жетімсіздігі; мамандықтың мардымсыздығы; қызметкерлердің болашақ іс нәтижелеріне және қызмет бабында өсу жолына сенімсіздігі; жетекшілер тарапынан қарамағындағы адамдарға немқұрайды көзкарасы мен кейбір қызметкерлерге қоятын орынсыз талаптар; өзгелерге деген реніш-өкпесі мен қызғаншақтыры, күңшіл пиғылы — мұның бәрі адамдарға қатысты психологиялық жәйттер екенін үнемі ескертіп отыруды қажет етеді. Жетекші қызметкердің өз бойындағы қабілетін, мінез-құлқындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарын таразылап, қарамағындағы адамдарға істің жәйін ашық та, шынайы түрде айтып отыратын болса, оның ұжымдағы беделі артып, іскерлік әрекеті мен өзгелермен қарым-қатынасы нығая түсері даусыз. Жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас-тартысты мәселелердің мән-жайына жете көңіл аударып, оларды дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымындағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады. Мұндай жағдайда жетекші өзінің басшылық ісін мынадай ретпен жүзеге асыруды мақсат етеді: — дау-дамай туғызған мәселе мен оның жағдайы. Бұл жәйтті аңыктауда жетекші қызметкер болған оқиғаның себептерін, оның туындауы туралы қажетті мағлұматтарды толық білуі керек; — сол дау-дамайлы мәселенің түйінін шешіп, оны болдырмаудың тиімді амал-тәсілдерін белгілейді; — сондай-ақ адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің одан әрі қарай шиеленіспеуі үшін оны барынша қысқа мерзім ішінде шешуді қарастыру қажет; — талас-тартысты топтардың арасында туған кикілжің мен дау-дамайлы мәселелер өршіп кетпеуін тоқтату үшін жанжалдасушы жақктардың мақсаттарын қанағаттандырарлық тиімді жолдарын бірлесе отырып шешкен жемісті болары күмәнсіз және ол топтардың мақсаттарын да жүзеге асырудың адал-тәсілдерін іздестіру керек. Басшылар мен жетекшілердің даулы мәселелерді шешуде олардың туындау себептері мен салдарын жан-жақты талдай отырып, объктивті турғыдан шешіп отырудың, нәтижелері әлдеқайда тұрақты болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Дау-дамайлы мәселелерді шешуде мынадай факторларды үнемі ескеріп отырран пайдалы болмақ: — талас-тартысты мәселенің туындау себептері мен оған қатысушы адамдар мен топтардың пікірлерін екі жағының да ашық-айқын түрде айтып ортаға салынуы және оны шешүдің тиімді жолдарын белгілеу; — талас-тартысқа қатысушылардың өзара біріне-бірі сенімділік білдіріп, істін мән-жайын анықтауға ықыласты болуы. Дау-дамайлы мәселені әділ түрде шешудің тиімді жолдары. Әдетте біз даулы мәселенің түйінің, шешуде өзіміздің мақсат-мүддеміз бен іс-әрекетәмізді қарсыластарымыздың, көзқарасы тұрғысынан пайымдап түсінуге мән бере бермейміз. Сондай ерекшеліктерге жататын түсінігіміздің бірі — біз өзіміздің қылығымыз бен мінезіміз жайында теріс көзқараста болып, қарсылас адамдардың зулымдығының құрбанына айналып отырмыз, біздің пікіріміз бен мақсатымыз дұрыс, шындық біздің жағымызда деген ойда боламыз да, ал біздің қарсыластарымыз даулы мәселені шешуге ықылас білдіріп отырған жоқ деп санап, қарсы жақтар өз көзқарастарын мақұлдаумен шектеледі де қарсыластарына жеккөрушілікпен қарайды. Сөйтіп қарсыластар арасындағы даулы мәселенің шешілуі онан әрі қарай шиеленісе түседі. Мұндай шиелісітң бұдан былайда күрделене беруі қарсылас жақтардың бірін-бірі дұшпан деп санап, өзара келісімге келе алмай ашу-ызаның қармағынан шыға алмауынан деп бағалаған дұрыс. Қарсыластар арасындағы бұл жәйт тек екі жақтың да көңіл күйі мен іс-әрекетін берекесіздікке дұшар етумен ғана шектелмей, жалпы ұжым ішіндегі қалыпты жағдайдың бұзылуына әкеп соқтыратын жағымсыз ахуалдың туындауына себепші болады. Ұжым мен адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің байыпты шешілуіне себепші болатын тиімді тәсілдің бірі - адамдар арасындағы ашық-жарқын сөйлесіп өзара пікір алысу. Қарым-қатынас жасаудағы мұндай тәсілдің тиімді болуындағы бір жәйт-қарсыластар даулы мәселе жайында өз пікірлерін ашық айтып, көздеген мақсаттарын да білдіреді. Алайда қарсыластардың қарым-қатынасының бұл тәсілінде қалайда қарсы жақтарын кінәлап, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кемшіліктерін бетіне басып көрсетіп, өз айтқандарының үстем болуын көздейді. Өздері тарапынан жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарын ортаға салып, ашық талқылаудан корғанады. Дау-дамайлы істің түйінің шешуде қарсы жақтардың мұндай айла-тәсілдері тиісті нәтижелерге жеткізуі қиын.өвйткені талас-тартықка тускен жақтар әр қайсысы өз пікірін қостап, бірін-бірі зейін қоя тындамай, даулы мәселенін байыбына бара қоймайды. Психологиялық тұрғыдан даулы мәселені шешудегі бұл тәсілді — адамды сезім билеп, істің мән-жайын ақылға салып шешуден алыстайды деп санайды. Адамды сезім бнлеп, әрбір істін, мән-жайына ой жугіртпей оған атусті қарайтын болсақ, даулы мәселені салқын қандылықпен шешу мүмкін емес. Дегенмен адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатуда сезімдік күйдің қандай арнада көрінуіне орай пікір алысуда мынадай жәйттерді үнемі ескеріп отырудың пайдасы кқп екенін ұмытпаған дұрыс. — Дау-дамайлы мәселені шешуде мендегі көкейтесті мақсат не? — Менің ой-пікірім мен көніл күйімді қарсылас жағым қалай түсінеді? Оған нендей жауап береді? — Егер қарсыласым менің сезімді тыңдамай, айтқан ойыма мән бермейтін болса, онда мен нендей айла-тәсілдер қолданып, оның ой-пікірің ашық айтқызуыма болады? — Қарсылас жақпен жалпы тіл тауып, онымен келісімге келетін болсам, мен алдағы кезде нендей нәтижелерге қол жеткізуім керек? деген жәйтердің мән-жайына баса көңіл аударуды талап етед!. Сонымен қарсыластардың өзара тілдесіп, бірін-бірі түсінуі үшін мынадай пікір алысу жәйттеріне ерекше мән бергені нәтижелі болмақ: — Қарсы жақтың айтқан сөздері мен іс-әрекетінен оның көздеген мүддесін дұрыс қабылдап, түпкі ойының мәнін ацра-рып биту; — өзінің ниеті мен тілегін ашық айтып білдіруі арқылы менің жай-күйімді қалайша пайымдай алатындырына көзін жетіп, оның, мінез-құлқының сырын атқарғандай болдым; — менің әңгімелесуім нәтижесінде қарсыласымның кісілік қасиетін аңғарып, оның не себептен маған, менің жақтастарым жайында айтқан сын пікірлерін талдап, мұндай жәйттердің нендей жағдайларға байланысты айтылатын себептерін аңыктауға мүмкіндік болды; — қарсыластармен пікір алысқанда олардың бізге жасаған қоқан лоққыларын, алдамшы сөздерінің шынайы мәнің оның түрлі қимыл-қозғалысынан, бетқұбылыстарымен, дауыс ырғағынан анық аңғаруыма мүмкіндік болды. Сөйтіп, қарсыласымның әр алуан айла-тәсілдері мен кемсітуші ой-пікірлерінен оның маған деген көзқарасынан қалайда үстемдік етіп өзінің билік жүргізгісі келетінін аңғардым. Бірақ оның менің пікірімді құптап, екі жақтың істің мақсаты үшін келісімге келіп бірігіп тіршілік етуді қажет деп санамайтындығына көз жеткіздім. Бір сөзбен түйіндеп айтқанда, қарсыласым қалайда маған (біздерге) айтқанын істетің айдауына көндіруді талап ететін ниетте екеніне түсіндім. Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы — ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда қарсыластардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім. Өзара келісімге келіп жалпы тіл таба алмайтын адамдар бір ұжымда қызмет істегенімен межелі нәтижелерге қолы жетпейді. Өйткені қарсы жақтар бірінің-бірі кем-кетігін тез аңғарып, жеке адамдардың бойындағы олкылыктарын ездершщ тер!с ниеттеп максатына пайдаланады. «Туймедей нэрсеш туйедей етш көрсетуге тырысады. Әрине, мұндай ұжымдағы қызметкерлер мен жұмыскерлер арасындағы кикілжің онан әрі шинелісіне түсіп, жалпы еңбек адамдарының ұнжырғасын түсіріп, енжарлық тудырады. &&& $$$002-012-100$ Дәріс №12. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1 Еңбек ұжымындағы талас-тартыс мәселесінің психологиялық сипаты№ &&&
$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Дәрістің атауы. Дау-дамайдың туындау себептері және оларды жеңу жолдары Қарастырылатын сұрақтар: Дау-дамай не талас-тартыс деген не? &&&
$$$002-013-001$3.2.13.1 Сұрақ атауы 1. Дау-дамай не талас-тартыс деген не? Кез келген даулы мәселе, талас-тартысғы жәйтті біз психологиялық мәселе, соның ішінде әлеуметтік психологиядағы өзекті мәселенің бірі — адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау проблемасымен тығыз ұштастыра отырып қарастырамыз. Сондай-ақ бұл мәселені жалпы психология ғылымындағы адамның жеке басына тән жан дүниесінің қасиеттерімен мінез-құлқының айырым ерекшеліктері мен өзара ұштастыра отырып іздестіреміз. Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруі, әр алуан іс-әрекет түрлерімен шұғылдануы үнемі қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетеді. Дау-дамайдың шығу себебі неде? Бұл мәселені жеңу үшін алдымен оның туындау себебін, ерекшеліктерін аңыктап алу керек. Мұндай сипаттарға: 1) талас-тартыстын мәні; 2) оның туындау себептері; 3) дауда-майды шешу жолдары; 4) дау-дамайды бірлесе отырып жеңу тәсілдері; 5) ондай шараларды жүзеге асыру жолдары; 6) даулы мәселені шешудегі тиімді әдіс-тәсілдер. 1.Қай кезде және қандай ортада болса да дау-дамай мен талас-тартысты жәйттердің туындауы екі жақтың қатысуымен, олардың әрқайсысының өзіндік мақсат-міндеті болатыны мәлім. Осы тұрғыдан алғанда талас-тартыстын, айырмашылықтары мен ұқсасты ерекшеліктерін нақты аңықтап біле қою белгісіз болып қала бермек. Сондықтан бұл мәселенің мәнін айқындап білу үшін ең алдымен, осы даулы мәселеге мен қалай қараймын бұл даулы істін туындауына қарсыласымның қатысы қандай және бұл мәселе не себепті шиеленісе түсті? деген жәйттерді аңықтап алу керек; екіншіден, менің қарсыласымның осы даулы мәселенін шығу себебін және оның шиеленісуіне тигізген әсері қандай? Үшіншіден, даулы істі шешуге екі жақтын ынтасы мен құлқы қандай?; төртіншіден, біз қарсыласымызбен қандай мәселе жөнінде келісе алмай жүрміз?; бесіншіден, біз нендей мәселелер жөнінде қарсыласымызбен тіл табыса алар едік деген жәйттерге барынша мән беріп оларды ақыл ой елегінен өткізіп талдаған дұрыс болмақ. 2. Дау-дамайдың туындау себебі неде? Ертелі-кеш біздер өзара түсініскенімізбен адамдар арасында талас-тартыстын болып отыратыны шындық жәйт. Алайда, біз «Бәледен машайық қашыпты» деген мәтелді туғыр етіп тұтсақ, дау-дамайдан бойымызды аулақ ұстауға тырысып барамыз. Дегенмен, біздің қарсыласымыздың кейбір іс-әрекеттері қалайда өзара тіресіп қалуға дұшар етіп отырады. Сондықтан әрбір адам өз қарсыласының мінезіндегі жағымсыз іс-әрекеттерін дұрыс бағдарлап білу үшін: 1-ден, менің қарсыласыммен тіресе қалғанда мен не істеуім керек; 2-ден, осы таластын, туындауы неден деген жәйттерді аңықтап алып білген тиімді болмақ. 3. Дау-дамайды шешудің мүмкіндігі бар ма? Бұл міндетті шешіп жүзеге асыруда: а) Мен осы дауды шешу үшін өз мүмкіншілігім бар ма? э) Менің қарсыласым нендей әрекеттер жасай алады? б)біздің жалпы мақсатымыз не? деген сұрақтарға жауап іздеп, дұрыс шешімнің жолын іздестіру қажет болады. 4. Дау-дамайды бірлесе отырып шешу үшін қарсыластар жағы осы мәселенің соңы бізді неге әкеп тірейді? деген сауалға жауап іздеп: а) дауды шешудің нәтижесі қандай болмақ? ә) белгіленген істі жүзеге асыру үшін не істеу керек? б) біздердің қолданған айла-тәсілдерімізден нендей нәтижеге қол жеткіздік деген жәйттердің жай-жапсарын жете түсінетіндей болуы керек. 5. Белгіленген шараларды нақты және нәтижелі іске айналдыруды екі жақ бірдей қалайда бірлесе отырып дау-дамайды шешуге күш салады да, одан туындайтын нәтижелерге іштей қанағаттандық сезімін білдірді. Даулы мәселе шешімін табатын болса, істе өнімді болмақ. Осы орайда халқымыз «Бірлік түбі-тірлік, тірлік түбі-береке» дейтін мәтелді біздерге мұра етіп қалдырған. 6. Даулы мәселені шешуде қолданылған әдіс-тәсілдер тиісті нәтижелер беретін болса, ондағы қарсылардың жұмсаған ерік-жігері мен күш-қайратын басынан аяғына дейін талдай отырып, сәтті әрекетер мен олқылықтардың, бәрі ескеріліп, таразылап отырып қарастырылады да, оған тиісті бара беріледі. Әриие осы айтылған жәйтердің бәрі даулы мәселені шешуден тұрақты өлшем, қасан, қағида деуге болмайды. Дегенмен адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясына қатысты дау-дамай мен талас-тартысты мәселелерді шешуде осы көзге дейінгі өмір тәжірибесінен жинақталған факторлар екені шындық. &&& $$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1 Дау-дамай деген не? 2 Дау-дамайды шешу тәсілдері. &&&
&&&
$$$002-014-001$3.2.14.1 Сұрақ атауы 1. Жеке адамдар арасындағы қақтығысу Жеке адамдар арасындағы қақтығысу мен дау-дамай стихиялық түрде болып отыратын болжамсыз да жоспарсыз құбылыс. Бұл құбылыс адам өмірінде «Қой арқасына боз торғай жұмыртқалайтын» заманда да кездесіп отырады. Өйткені тіршілік бейнесі сан алуан әрі әр қилы. Адамдар арасындағы кикіжің мен реніш, талас-тартыс пен дау-дамайдың, туындауына адамдардың тіршілік бейнесі мен өмір жолы, алға ұмтылып өрлеу талабы, тіпті жансыз заттар мен мінез-құлықтың, жағымсыз қасиет-ерекшеліктері де себеп бола береді. Дау-дамай шиелінісе түсіп, адамдар арасындағы жеккөрушішік сезімге, бітіспейтің жаулық, көзқарастарға да ұласып кетуі де ғажап емес. Дау-дамайдағы өмір,қайырымдылық, балалардың қамы сияқты ізгі қасиеттермен бірге, бақталастық, бас араздық, күңшілдік пен көреалмаушылық сияқты жек-сұрын сипаттары ерекшеліктерден де туындап отыратыны мәлім. Алайда адам өзін-өзін дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмір тіршілігінде жанына батарлық, әділетсіз мінез-қылықтардан бойын аулақ сала алмайды. Өзін ренжіткен, дұшпандық жасаған адамға көзін тас қараңғы жұмып алып «не болса, сол болсын» деп кемістікке, қорлау мен кемсітуге шыдай алмайды. Мұндай жәйттердің бәрі адамның дара басына тән аса күрделі психологиялық өзгешелігін білдіретін мінез сипаттары. Осы заманғы психология адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыпты нормаларын қалыптастыру мәселесіне баса назар аударады. Осы мақсатқа орай қатынас жасаудың неғұрлым адами тиімді қасиеттерін жетілдіре түсу үшін оның тек сезіміне ғана әсер етумен шектелмей, сондай игі қасиеттерді игерудің әдіс-тәсілдерін кісінің бойындағы тұрақты сипаттары етіп қалыптастыруды көздейді. Адамның бойындағы игі қасиетердің бәрі жақсылыққа ұмтылып талпыну, әр қилы іс-әрекетер арқылы жаттығу әрекеттерімен ұштасты болып отырады. Адамның бойындағы ұнамды қасиетерді қалыптастырудың кез келген түрі ең алдымен, топ адамның бірлесіп жаттығыуына байланысты болса, екіншіден мұндай жаттығулар (тренингтер) адамның жүйке жұмысының, қызметін нығайтып, оны түрлі ауру-сырқаттан сақтандыруға көмектеседі. Дау-дамай, теке тірестік, салғыласу, біріне-бірі ренжісу әрбір адамның жеке басының өзіндік кісілігін, талап-тілегін қалайда өзгелердің мойындап онымен санасып отыру талап-тарымен байланысты. Осы бағытта әрбір адам өзінің материалдық мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерден басқалар екендігін, талап-тілегін қалайда іске асыруға ұмтылып бойындағы күш-қуаты мен қабілетіи көрсеткісі келеді. Мұны біз психологияда адамның үш түрлі нәрсеге қызығып, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы бәсекелестігі деп атаймыз. Міне, осындай талаптарға ұмтылу нәтижесінде адамдар арасында талас-тартыс тудыратын жәйттердің болып отыратындырын объективті құбылыс, әркімнің өмір сүру құқы деп санауымызға болады. Ал бәсекелестік ашу-араздыққа, ыза мен кекшілдікке ауып кетегін болса, онда мұндай жәйттің әділетсіз және әдепсіздік қылық екенін баса көрсетіп, ондай адамның мінезін жағымсыз, әрі өркөкіректік деп бағалаймыз. Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста біріне бірін, кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен реніш сезімін шиеленістіре түсетін қате тәсіл болып саналады. Адамдардың теке-тірестік әрекеттері, біріне бірінің кемісіту көзқарасы дау-дамайды онан әрі өршітіп, олардың, өзара түсіністігін қиындатады.әсіресе, мінезі ашық-жарқын адамның қарсыласына айтқан сөзі оның жүрегіне инедей қадалып, бұрынғы ренішін өшпенділікке айналдырып жіберуі ықтимал. Өз пікірін ашық айтатын адам қарсыласын «тұйық», «қу, залым», «менмен», «өркекірек» деп санап, оған қалай да өзінің артықшылығы мен өктемдігін көрсеткісі келеді. Ал «тұйық» адам өзінің ашық-жарқын сөйлейтін қарсыласын «бөспе» «ұшкалақ» деп кемітеді. Бұл орайда әрбір адамның мінезіндегі даралық сипаттарды үнемі ескеріп отыру қажет. Талас-тартысты мәселе мен дау-дамай тек екі адам арасында ғана емес, сол топтағы өзге адамдарға да теріс әсер етіп, олардың бірлесіп атқаратын ісіне, ңцбек ұжымына теріс ықпал етіп, жұмыстарын берекесіздікке ұшыратады. Әдетте талас-тартысты мәселелер мен теке-тіресіп жүрген адамдары мен топтар арасындағы дау-дамайды шешіп оларды өзара үйлестіріп басу айту, белгілі келісімге келіп ынтымақтасу үшінші бір адамның, мекеме басшысының немесе ел-жұрт арасында беделі бар жасы үлкен кісілерге тапсырылады. Дау-дамайды басып, керіс-жанжал тудырып жүрген адамдарды, олардың ашу-ызасы мен өшпенділігін басып сабасына түсіруді — қарым-қатынастағы психотерапия немесе психокоррекция деп те атайды. Мұндай тәсіл «ашу-ызаны басу» делінеді. Белгілі психолог маман К.Роджерс мұндай жәйтті түзетіп, ретке келтіру үшін жанжалдасушы адамдарды беттестіріп, олардың наразылықтары мен ашу-кегін басу үшін әр-қайсысы өздерінің ой-пікірін, талап-тілегін бүкпей толық баяндап айтып беруше мүмкіндік беру керек деп санайды. Олардың сезін бөлмей, бірінші де сөзін қозғап бекерлемей тыңдау керек. Олар не айтса да шыдап, бірде-біріңе қарсылық, көрсетпей, тек жаңашырлық сезіммен қарал, оның екі жағына да қолдау көрсетудің қажеті жоқ деген кеңес береді. Адамдар арасындағы дау-дамайлы мәселеде «Сезімдік күйдің орнын толтыру», оның «есесін қайтару» дейтін ұстам бар. Бұл ұстаным бойынша Сізге шағынған адам «азап көруші жәбірленуші ретінде саналуы қажет. Ал істін шындығында жәбірленуші оның қарсыласы екендігі өзінен-өзі айқын байқалып тұрады. Шағынушының көнілін басу үшін сіз онымен әңгімелескенде бір жағынан мадақтап та қойғаныңыз пайдалы болмақ. Өйткені халық даналығы «Жылы-жылы сөйлесен жылан інінен шығады» дейді. Әңгіме кезінде Сіз шағынушыға: «Сіз әрбір істің мән-жайын жете түсетіндей нәзік те, ақылды кісі көрінесіз, қалайша пәленше пәленшеұлымен (не қызымен) араларыңыздағы әңгіме осыншама шиеленісіп, дөрекілікке әкеп тіреген. Өзіңізге мәлім, ертеден келе жатқан халық даңалығы «екі адам керісе қалса, әр кезде ақылдысы кінәлі» деген мәтелді білесіз ғой. Сізді бірге қызмет істейтін адамдар ол ақылды адам деп санайды екен. Мұндай қасиет Сізде бар екеніне көз жеткізіп отырмын дегенде шағынушы адам өзінің қарсыласы туралы және өзінің шынайы пікірін жасырмай айтып ағынан жарылады. Мұнан кейін ол қарсылас адамымен қалайда жалпы тіл табысып, бірлесе отырып жұмыс атқаруға бел байлайды. Бейтарап адамның ықпалы. Жауласып, бірін-бірі жек көретін адамдар бірбеткейлік көрсетіп өзара түсінісу түгіл, бір-біріне айтқан сөзін де, мадақтауын да теріс қабылдап, мұның бәрін керісінше кекетінді айла деп санайды. Қарсыласып жүрген екі жақты татуластырып мәмлеге келтіру үшін үшігші бір бейтарап адамның араласуы керек. Ол адам еш жағына да беделі бар істін мән-жайын жете білетін кісі болуға тиіс. Ондай келістіруші бейтарап адамды жауласып жүрген екі жақта сыйлайтын, бір жағына қарай бұра тартатын кісі деп күдіктенбей, істің жол-жосығын білетін әділ адам деп санайтын болсын. Ең бастысы керісуші екі жағы да бейтарап адамды бізді психологиялық тұрғыдан үгіттеп өз айтқанына көндіруші деп күмәнді пікірден аулақ болып, ак ниетті ынтымақшыл кісі деп қабылдауы қажет. Бейтарап адамның сөзінің 99%-і айтыс — тартысты екі жағының да ортақ мәселесіне арналып, тек 1%-ғана екі жағының наразылық жағдайын білдіретін ұстамдылық қақпайлау сөздері болу керек. Ренжіген адамның өзінің қарсыласы айтқан ол жайындағы ұнамды пікірі екі жақтың да келешекте татуласып келісімге келу керектігі жайында ой салатын себеп болады. Қарсыластар арасындағы шабуылды басудың айла-тәсілі. Қарсыласып жүрген адамдардың арасындағы наразылықтары мен жек көрушіліктерін анықтап білу үшін оларды әдейі белгілі бір жағдайда өздері білмейтіндей етіп кездестіріп отыру керек. Мәселен, тайталасушыларды спорттық жарыста, талас-тартысты мәселені талқылауда, ойын түрлерінін, үстінде, еңбек жарысында кездестіріп, оларды бақылау керек. Сөйтіп, қарсыласып жүрген адамдардың біріне-бірінің ешпенділігі мен дұшпандығын сейілту үшін психолог маман, не бұл істі қолға алған өзге адам өзінің тікелей қатысуымен олардың айтысып, талас-тартысқа түсуіне бейімдегі, ұзақ мерзім бойы бірін-бірі кінәлауы мен жек көрушілік сезімін оятып, дауластырады. Бақылаушы олардың ішкі сырына қаныққанша жаңдалдасқан адамдарды әдейі тоқтатып, сабырлық, сақтауды талап етпейді араларына түсіп бітім де айтпайды. Жанжалдасушылардың жанын жегідей жеп жүрген пікірлерін ашық айтып, бар сырын ақтарғанша бақылаушы үндемейді. Іс шиеленісіп керіс-жанжал төбелеске айналар кезеңде бақылаушы (психолог) оларға төрелік беріп, енді мынадай амал-тәсіл қолданады: 1. Жанжалдасушылардың 6ірін-бірі «міндетті түрде тыңдауын» талап етеді, олардың ашу-ызасы мен іште сақтаған кегін ашық айтқызуға мүмкіндік жасайды. Дау-дамай шарықтау шегіне жетті-ау дегенде бақылаушы олардың жанжалдасуын тоқтатады да, мынадай нұскау береді: Сіздердің әр қайсыңыз қарсыластарыңызға айтқан сөздеріңізді асып-саспай, бойларыңызды ашу-ызаға билетпей, анықтап қайталап толығымен айтып беріңіздерші дейді, ол өзі жанжаласушы адамдармен тілдеседі, айтысушы жақтардан бірінен нұсқауды бұлжытпай орындауларын талап етеді. Әдетте, айтысушы адамдардан жанжалдасқан кездегі айтқан сөздерін қайта жаңғыртып дұрыс айтулары мүмкін еместін көрсетеді. Өйткені олардың бойын ашу-ыза кернеген кездегі айтқан сөздерін дәл жаңырта алмай, тек өз сөздерін ғана қоштайды да, қарсыласының айтқан пікірлерін естігісі келмейді, өзін ренжіткен қарсыласының айтпаған сөздерін айтты деп оны кінәлайды. Бақылаушы қарсыласушы жақтардың бірінің сөзін бірі дұрыс тыңдап, оны ұғына білу қажетігін талап етеді де, олардың, сөзін магнитофон таспасына жазып та алады. Жанжалдасушы адамдарға мұндай әрекет ерекше әсер етіп олар бірінін сөзін бірі анықрақ тыңдауға баулиды. Сөйтіп, олар өздері айтқан сөздеріне сын көзімен қарап, өздерінің бойындағы ашу-ызасы мен кекті көңіл күйінен арылуға ниетті болады. Жанжалдасушылардың өзіндік ұстанымын анықтау — бақылаушы не психолог маман керіс-жанжал күшейіп келе жатқан кезде айтысушы адамдардан өзара орын ауыстырып, біріне-бірінін, сырына көз жіберіп қаруын талап етеді. Сөйтіп бақылаушы жанжалдасушыларға мынадай нұсқау береді: Сен, Ахмет өзінді мына Сейсенбай деп сана, ал Сейсенбай, сен өзінді Ахметпін деп 6іл. Сендер енді өздеріне айтылған кінәлауды ақыл-ойларына салып, таразылап көріндерші дейді. Шындығына мән беріп, оған өзінше қарғран кезде жан-жалдасушылардың, көзқарастары мен пікірлерінде әдеттегі адами қарым-қатынас орнатудан ауытқу мен асыра сілтеу, тіптен жаза басып, қателесулері бар екендіктерін анғара бастайды. Әрине, әркімнің ашу-ызасы мен кегі, ренші мен өшпенділігі өзге бейтарап кісінің араласуымен анықталған жағдайда, бұрыннан бойды билеген мінез қылықтарынан арыла қою оп-оңай болады деу де қиын. Мұндай тәсілмен от басындағы керіс-жанжалды басуға ұзақ мерзімге созылатын психологиялық күй. Алайда әр алуан талас-тартысты, дау-дамайлы мәселені шешуде мұндай тәсілді кең түрде пайдалану тиімді болатындығын өмір тәжірибесінде анықталып отыр. &&&
$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1 Жеке адамдар арасындағы келіспеушіліктердің себебі неде? &&&
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.1 Сұрақ атауы1. Адамның рухани көзқарасын өрістету және дау-дамайды басу Бұл тәсіл өзінше бір ұстаным. Дау-жанжалды реттеудің амалы. Психолог маман, не қарсыластарды келістіруге кіріскен кісі қарсы жақтардың ренішін, наразылық пікірі меи жеккөрушілік мінезін анықтау мақсатымен жанжалдасушыларды беттестіре отырып әңгімеге тартады. Зерттеуші олардың жанжалы мен талас-тартысын хаттап жазады, не магнитофон таспасына жазып алады. Сонан соң психолог жанжалдасушыларды тізіндеп, араздасқан сөздерін өздеріне оқып береді не магнитофон таспасынан тыңдатады. Әдетте мұндай жағдайда керіскен жақтар өздерінің сөзін тыңдап, әңгіме кезінде өздерін дөрекі ұстап, ұстамсыздық көрсеткеніне өкінеді, ұнжырғысы түсіп өздерінің мінез-қылықтарының адамн қасиетке лайықсыз екендігіне көз жеткізеді. Осыдан кейін психолог маман олардың дау-жанжалын талдай отырып әр қайсысының менменшіл, өркөкіректік, айтқан дәйектерінің маңызсыз екендігін өздерінің бетіне басады. Олардың - жан-жалдасу себептерінің ұсақ-түйек өмір үшін де, іс-әрекеті мен маңындағы адамдар үшін де түкке тұрмайтын қаңқу сөз, өсек-өтіріктің жетегінде жүргендерін түсінеді. Сонымен бірге, олар өздері өмір сүрген ортада әлеумет үшін аса маңызды мәселелермен шұғылданатын болса, өз бастарына да, қоғамға да, әлдеқайда пайда келтіре алатындығын ұғындырады. Мұндай игі мақсаттарды жүзеге асыру әрбір саналы азаматтың кісілік қасиеті екеніне көздері жетеді. Дау-дамайды басудың төте тәсілдері адамдар арасында тұрақты және жағымды қарым-қатынас орнату әлеуметтік өмірдің өзек жарды мәселелердің бірі.. Сондықтан жеке адамдар мен ұжымдарда, үлкенді-кішілі топтарға жататып адамдардың бірімен-бірі жалпы тіл табысып, қоғамдық өмірді көркейту жолындағы еңбек әрекетін дамытып, бүткіл қоғамдық игіліктер жасауда шексіз маңызды, әрі мұндай әрекеттер игі мақсат болып табылады. Кейбір жеке адамдар арасындағы кикілжің, өзгелерге зияның тигізетін жағымсыз қылықтар, керіс-жанжал тудыратын жәйттер ертелі -кеш кездесіп отыратынын бекерлей алмаймыз. Осындай мәселелерді реттеуде жетекші қызметкерлер мен мекеме басшыларының атқаратын рөлі үлкен. 1. Жанжалдасушы адамдарды басшы қызметкерлер шақырып альш, олардаң дау-дамай-туғызып жүрген жәйттерді ірікпей ашық-жарқын баяндауды талап етеді, жанжалды жәйттің бүге-шігесін талдай отырып, қатысушылардың пікірін еске алып, ол өзінің шешімін айтады. Мұндай жағдайдан керісушілердің бір жағы риза болса, ал екінші жағы наразы болып қалуы мүмкін. Алайда басқарушы адамның шешімі тиянақты, байсалды, іскер болғандықтан қоғамдық өмірде жетекшінің пікірі мәселенің түйінін орынды шешті деген қорытындыға келіп тоқтайды. Ал мұндай шешім бұдан былай сөз тудындайтындай жағдайға ұшыктыратын болса, онда еңбек адамдарының уақыты мен күш-қуатын бекерге жұмсау деп саналады. 2. Жетекші дау-дамай қуушы адамдарды көпшіліктің бас қоскан мәжілісінде ұжым жиналысында талқылап, бұл мәселені барынша объективті шешіп, жанжалдасушыларға тиым салынады. Мұндай шешімге айтысушылар да қосылып, әділеттікке тоқтайды. 3. Жанжалдасушы жақтар жоғарыда қолданылған шараларды ескермей, дау-дамайды бұдан былайғы кезеңдерде де жалғастыра беретіп болса, мекеме басшылары, не жетекшілер өнеркәсіп орнында, мекемеде, оқу орынында дау-жанжалдың ұжым өмірне зиян келтіретін жағымсыз құбылыс деп саналып, оларға әкімшілік жолмен тиісті жаза қолданылады. 4. Егер бұл шаралардан да тиіті жағымды нәтижелер шықпайтын болса, онда мекеме басшылары жанжалдасқан адамдарды өзге цехтарға, не басқа топтар мен түрлі жұмыс түрлерін атқаруға таратып жібереді. Қалайда дау-дамайдын, орынды шешімін тауып одан тиісті нәтижелер шығарып отыруды талап етеді. &&&
$$$002-015-100$Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары Адамның рухани көзқарасы деген не? Дау-дамайдың туындау себептерін атаңыз? &&&
$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі. .«Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелері» пәнінен семинар сабақтарының тақырыптары Семинар сабақтарын орындауға әдістемелік нұсқау Семинар-практикалық сабақ курстың дәріс материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша дәрісте қарастырылмайтын қосымша білімді меңгеруге бағытталған. Бұл сабақтарда көбінесе әңгімеге негізделген тапсырмалар дайындалып, олар пікір-сайыс формасында шешіледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді: дискуссия, конференция, дөңгелек үстел, кейс технологиялары,модельдеуші ойындар және т.б. оқытудың белсенді әдістерін қолдануға болады. Аталған әдістердің көмегімен ұйымдастырылған сабақтар студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне, қарым-қатынас жасаудың негіздерін үйренуге мүмкіндіктер туғызады. Семинар тақырыптары белгілі жоспар бойынша құрылады. Әрбір семинар сабағының мақсат, міндеттері, қолданылатын әдебиеттер көздері көрсетіледі. Тақырыптың әр сұрағына конспект жазу қажет. Конспект – сұрақ бойынша маңызды аспектілерді көрсету, сонымен қатар сұраққа толық жауап беру. Әр сұраққа деген конспектінің көлемі 1,5 – 2 дәптердің беті. Конспект бірнеше әдебиетке негізделіп жазылуы тиіс. &&& 1 Модуль. $$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Ғылыми білімдер жүйесіндегі еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелерінің алатын орны Талқылауға арналған сұрақтар: Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелеріның теориялық негізі, пәні және мақсат-міндеттері Қоғам өмірінде еңбек қжымының атқаратын ролі &&& $$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Мақсаты – Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелері пәнінің мазмұнын ашу. Бұл сабақта аталған пәннің мақсат, міндеттері, зерттеу әдістері қарастырылады. Сонымен қоса, басқару ұғымы талданып, басқарудың психологиялық әдіс-тәсілдері зерттеледі. &&& $$$003-001-002$3.3.1.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №1 Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелеріның құрылымын сызба арқылы көрсетіңіз? &&&
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. ХХ ғ. өндірістік күшінің даму тарихында «адам-өндіріс- орта – машина» мәселесі. 2. Ф.У.Тейлор бойынша басқарудың негізгі принциптері 3. Басқарудың классикалық мектебінің өкілі – А.Файоль Адамдық қатынас мектебі және Э.Мэйо және Г.Кунц және С.О.Доннелл басқарудың негізгі функциялары жайлы Отандық психология зерттеулеріндегі басқарудың мәні (В.Г.Афанасьев, А.Н.Китов, В.Ф.рубахин, А.Л.Журавлев, Т.С.Кабаченко). &&& $$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2 Мақсаты: Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелеріның тарихымен танысу. Бұл сабақта Еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық мәселелеріның тарихы және басқару функцияларына байланысты әртүрлі ғалымдардың теориялары қарастырылады. &&& $$$003-002-002$3.3.2.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары №2 Басқару функцияларына байланысты әртүрлі авторлардың көзқарастарын салыстырмалы кесте арқылы толтырыңыз? &&&
Талқылауға арналған сұрақтар: «Мекеме» ұғымының жүйелік мәні. Мекеменің формалды және формалды емес құрылымы Мекемедегі жеке адамның алатын орны, рольдердің жиынтығы Мекеме және басқару туралы қазіргі ойлар &&&
$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3 Мақсаты: Мекеме ұғымының ерекшелігімен танысу. Бұл практикалық сабақ мекеменің мазмұнын ашуға, мекемедегі жеке адамның атқаратын роліне және мекемедегі басқару теорияларына арналған. &&&
$$$003-003-002$3.3.3.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №3 Қажетті материалдар: қағаз, түрлі-түсті қарандаштар, өшіргіш. Тапсырма: Ақ қағазды екіге бөліп, бір жағына «Қазіргі жағдайдағы мен» (осы сәттегі жағдайыңыз) және екінші жағына «Мен - 5 жылдан кейін» (қиял арқылы өзіңізді бес жылдан кейін қандай қызметте елестететініңізді суреттеңіз) деп атқару қызметтеріңізге байланысты өз портреттеріңізді салу ұсынылады. &&&
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Басқарудың мазмұндық мінездемесі 2. Басқару іс-әрекетінің индивидуалды стильдерінің классификациясы 3. Мекемедегі бағынудағы линейлі, функционалды, штатты және матрицалық ерекшеліктері &&& $$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4 Мақсаты: Басқару ісінің мазмұнын ашу. Бұл сабақ басқару қызметінің мазмұнына, басшының басқару стильдеріне, түрлі мекемелердегі басқару ерекшеліктеріне арналады. &&& $$$003-004-002$3.3.4.2 1 модуль бойынша тапсырма Құрметті студент! 1 модульдің төрт тақырыбын негізге ала отырып, компьютердің көмегімен «Басқару функциясының ерекшеліктері» атты слайд жасаңыз? &&&
$$$003-005-000$3.3.5 Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Жоспарлар функциясының психологиялық ерекшеліктері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Жоспарлау тиімділігінің төмендеуінің объективті және субъективті негіздері 2. Мекеме функцияларын атқарудың психологиялық ерекшеліктері 3. Мекеме функцияларының мәні &&& $$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Мақсаты: Жоспарлау қызметінің ерекшеліктерімен танысу. Бұл тақырыпты талдауда студент жоспарлау қызметінің мәнімен, жоспарлау қызметінің тиімділігімен және жоспарлау ерекшеліктерімен танысады. &&& $$$003-005-002$3.3.5.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №5 Өзіңіздің іс-әрекетіңізді реттеу мақсатында 1 аптаға немесе 1 айға жоспар құрыңыз. Жоспардың орындалған, орындалмағандығын бақылап, белгілеп отырыңыз. Соңынан талдау жасап, жемісті нәтижеге жетудің психологиялық себептерін, жолдарын қарастырып көріңіз? Өз іс-әрекетіңізді жоспарлау Сізге қалай әсер етті? &&& жүктеу/скачать 1,49 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |