Kz $$$umkd name$эпоәК атауы Жалпы психология


ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



бет2/3
Дата01.06.2017
өлшемі0,76 Mb.
#17473
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



«Тәрбиешінің шеберлігі және кәсіби іс әрекеті»

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы үшін

Құрастырған:


псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

Семей

2013

&&&&



Мазмұны:



  1. Глоссарий

  2. Жұмыс бағдарламасы

  3. Дәріс сабақтарының мазмұны

  4. Семинар (практикалық) сабақтарының мазмұны

  5. Оқытушы жетекшілігімен орындалатын

студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

  1. Студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

7. Бақылау құралдары

ГЛОССАРИЙ
Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті деп бөлуге болады.

Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен мән беру болып табылады.

Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: қстамдылық, іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.

Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.

Тәрбиеші –сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді.

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Педагогикалық техника- өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.

Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.

Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында тиімді нәтижеге жетуінде көрінетін, балаларды үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек.

Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.



Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс:

  1. Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру;

  2. Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы;

  3. Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.

Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.

Аффект- «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы) Мәселен қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффектік жағдайлар.

Әрекет- белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бағдарлау реакциясы-жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге

Эвристика-грек сөзі, қазақша табамын деген мағына береді.

Пластика-гректің пластикосдеген сөзі, мәнер қалдыру деген мағына береді.

Ассоциация-ассоциатио-латын сөзі, амал деген мағына береді.

Мнемоника-грек сөзі. Жаттау өнері дген мағына береді.

Реминисценция-латынның реминицентиа деген сөзі, еске түсіру деген мағына береді.

Ретроактив- латын сөзі, кері әсер етуші деген мағына береді.

Проактивтік- латын сөзі, ілгері әсер етуші деген мағына береді

Психастения- 1) психикалық элсіздік; 2) ақыл- ойы кем, ақыл- ой мешеулігі.

Психика- (грек рзусһікоз - ішкі сезім, көңіл күй) - объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.

Психикалық ахуал - ( Психическое состояние) - психикалық процестің динамикалық керінісін жэне индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын үғым.

Психикалық детерминизм -(Психический детерминизм) - барлық

психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тэуелді дейтін біржақты көзқарас.

Психикалық процестер - (Психические процесы)- адамның миында болатын және сезімде, қабылдауда, қиялда, зердеде, ойлауда, сөйлеуде үнемі жэне өзгермелі түрғыдан бейнеленетін ішкі өмірлік қызмет процестері.

Психикалық энергия -(Психическая энергия) -психикалық аппарат пен психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі.

«Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» пәнінің жұмыс бағдарламасы
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгенрістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің (біліктілігінің) жоғары деңгейде болуын талап етеді. Тәрбиешінің жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі - өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын дербес білімді маман болуы керек. «Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» курсы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің (оқулықтардың бірі болып табылады, әрі студенттер бойында психологиялық сауаттылықттың, компитенттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерінің дамуына үлес қосады) ықпал етеді.

Курстың мазмұны

«Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» курсы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың обьектісі болып табылады.

Курсты оқыту студенттің ойлау іс-әрекетін арттырудың түрлі әдістері: проблемалық жағдай материалды баяндаудың диалогтық әдісі, мнемосхеманы пайдалану т.б. әдстері қолданылатын елкция, семинар және лаборатория сабақтары арқылы жүзеге асады. СӨЖ формалары: педагогикалық әдебиеттерді аннотациялау мен конспектілеу, педагогикалық сөздікті енгізу, лицензиялау, педагогикалық сөздік жасау, педагогикалық тренинг.

Курстың мақсаты:

Негізгі мақсат – болашақ тәрбиеші маман ретінде студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. «Мектепке дейінгі педагогика», «Балалар психологиясы», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Педагогикалық процесс тәрбиешінің іс-әрекетінің объектісі ретінде», «Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының методикасы», «Педагогикалық шеберлік», «Даму психологиясы», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология» курсын игеруге ықпал етеді. Жоғары кәсіптік білім беруде Мемлекеттік стандартқа сай.



Курс міндеті:

Тәрбиешінің педагогикалық біліктілік іс-әрекеттің барлық түрін тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттырудағы мамандық шеберлік. Қазіргі педагогикалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт жасауды ұсынады.



Студент білуі қажет:

  • әлемдік тарихи педагогикалық ой дамудың негізгі кезендерін сипатта алуы;

  • Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық ой дамудың негізгі кезеңдерін сипатта алуы;

  • Жекелеген халықтар мен өркениетердің мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық дамуына қосқан үлесін талдай алуы;

  • өткеннің тербие мен білім беру тәжірбиесін қазақ оқу-тәрбие мәселелерін шешуде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасай білу;

  • Мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық сының сол не өзге кезендегі әлемдік тарихи жағдайларда педагогикалық процестегі орының айқындай алуы;

  • Тарихи педагогикалық әдебиетпен жұмыс істей алуы, бұл білімдерді нақты тарихи жағдайларда қолдана алуы тиіс.


Курс мазмұны




Тақырып атаулары

Дәріс

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы

2




1,5




2

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің қызметінің құрылымы




2




4

3

Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.

2







4

4

Тәрбиешінің жеке тұлғасына қойылатын психо-педагогикалық талаптар.




2




4

5

Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі

3




4,5




6

Педагогикалық техника тәрбиешінің - еңбек құралы

2




1

8

7

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті





2

1,5




8

Педагогикалық қарым-қатынас стилі

3







8

9

Педагогикалық этикет.





3

1,5




10

Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы

2







8

11

Отбасы және балабақша арасындағы байланыс

2







6

12

Тәрбиеші және бала

2




1

4

13

Тәрбиешінің жеке тұлғалық маңызды сапалары




2

4,5




14

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

4




1

4

15

Тәрбиеленушілермен жекелей жұмыс түрлері




2

1,5

2

16

Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелері

2







6

17

Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар

4







6

18

Педагогикалық ынталандыру (стимулирование)




2




2

19

Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі

2




4,5

1,5



Барлығы: 135 сағат


30

15

22,5



67,5


Негізгі әдебиеттер:


  1. Буре Р.С., Островская Воспитатель и дети. – М., 1979

  2. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

  3. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

  4. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

  5. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

  6. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

  7. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

  8. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как? – М., 1997

  9. Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Учимся общаться с ребенком. - М., 1993

  10. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006

  11. Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006

  12. Тонкова-Ямпольская Р.В., Черток Т. Я. Воспитателю о ребенке дошкольного возраста. - М., 1987

  13. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

  14. Денякина Л.М. Новые подходы к управленческой деятельности в дошкольном образовательном учреждении. – М., 1997

  15. Психология воспитания / под ред. Петровского В.А. – М., 1995

  16. Панько Е.А. Психология деятельности воспитателя детского сада. – Минск, 1986

  17. Микляева Н.В., Микляева Ю.В Работа педагога-психолога в ДОУ. – М., 2005

  18. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. – М., 1998

  19. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. – М., 1987, стр. 173-178.

  20. Кан- Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987., стр. 46-62, 96-110.

  21. Глушкова Г. Диагностический проект как форма тематической проверки // Дошкольное воспитание. 2003. №3. С.43-46.

  22. Фридман Л.М. Пушкина Т. А. Каплунович И.Я.Изучение личности учащегося и ученических коллективов.- М., 1988., стр. 15-17.

  23. Царегородцева Е.Оценочная деятельность студентов. // Дошкольное воспитание. 2006. №5. С.111-113.

  24. Горлова Н. Раннее обучение иностранным языкам: проблемы и пути развития // Дошкольное воспитание. 2001. №5.

  25. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.


Қосымша әдебиеттер

  1. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М., 1985

  2. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах. – М., 1996

  3. Мухина В.С. Детская психология. – М., 1989

  4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 1968.

  5. Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка - М., 1997

  6. Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Воспитателю о личностном общении. – М., 1992

  7. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005

  8. Методика оценки и измерения качества освоения и усвоения детьми базового содержания дошкольных образовательных программ. Алматы., 2004


Дәріс сабақтарының тақырыптары және жоспары
Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы

          1. Тәрбиешінің тұлғасы туралы тусінік .Тәрбиешіге қойылатын талаптар. Кәсіби іс-әркет мазмұны, әдістер мен формалары. Тәрбиешінің шеберлігін арттыру пәніннін басқа педагогикалық пәндермен сабақтастығы, мақсаты және міндеттерін ашу.



Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.

Тәрбиешінің қазіргі қоғамдағы алатын орны. Тәрбиешінің кәсіби іс- әрекетін жетілдіру жолдары. Тәрбиешінің біліктілігі. Тәрбиешінің қызметіндегі нормалардың сипаттамалыры, олардың мақсаты, мазмұны, қажеттігі.


Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі

Оқу-таным іс-әрекетін жоспарлау қызметі.Оқу таным іс-әрекетінің ақпараттық қызметі. Оқу-таным іс-әрекетінің бақылау және бағалау қызметі. Тәрбиеші міндетіне сәйкес тәрбиеші тұлғасының маңызды қасиеттері.



Педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы

Жаңа технологиялар және оның құрамды бөліктері.Білім берудегі инновациялық технологиялар.Жас тәрбиешілердің ұстаздық техникасында жиі кездесетін кемшіліктер. Білім беру мен тәрбиелеудік озық тәжірбиелерімен таныстыру. Қазіргі білім сапасын арттыру бағыттары.



Педагогикалық қарым-қатынас стилі

Қарым-қатынас стилдерінің түрлері. Қарым-қатынас деңгейлері және қалыптасу кезеңдері. Қарым-қатынас стилін оқу –тәрбие процесінде дұрыс қолдана білу



Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері. Жас кезеңдер. Жас кезеңдерге сай даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында кездесетін қиыншылықтар. Балабақшадағы алғашқы күндер. Еркелік. Гиперактивтілік, гиперопека


Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелер түрлері.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін диагностикалау әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің даму деңгейіне сипаттама.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеу ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері, зейінін диагностикалау әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесі және қиялының даму деңгейін зерттеу әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлері, тілінің дамуын зерттеу ерекшеліктері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлері, тілінің дамуын зерттеу ерекшеліктері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлерін зерттеу ерекшеліктері.Қолдану әдістері. Қорытынды жасау
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар түсінігімен танысу. Мектепке дейінгі мекемелердегі құжаттың түрлері. Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама. Типтік ережелер. Білім беру заңы. Бала құқығы туралы заң. Отбасы және жанұя туралы заң. Оқыту мен білім берудің жұмыс бағдарламалары.

Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі
Тәрбиеші тұлғасы ұғымының ғылыми талдауы. Тәрбиешінің жеке тұлғалық мәнді сапалары туралы жалпы түсініктер. Тұлға құрылымы, маман түсінігі, Тұлғаның сыртқы белгілерін бақылауы, олардың адам даму процесіндегі ролі. Тәрбиеші тұлғасының дамуына әсер етуші факторлар. Біліктілігін арттыру түрлері.

Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы

Тәрбиеші және ата-ана. Ата-аналармен қарым-қатынас түрлері. Тәрбиеші және бала. Ата –ана, бала, тәрбиеші. Отбасы және балабақша арасындағы байланыс. Тәрбие отбасынан басталады. Бала тәрбиесіндегі тәрбиешінің ролі.Отбасы және балабақша арасындағы байланысты нығайту шаралары. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру түрлері. Ата-аналарға арналған кеңестерді құру. Қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру. Тәрбиеші және бала. «Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасында» ерте жастағы бірінші кіші топтан бастап, балаларға қолжетімді пайдалы әдеттерді және мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға үлкен назар аударылған. Мұндайда жетістіктер педагог ата-аналармен жақын байланыс орната алуына, балаларға бірыңғай талаптар қоя алатындығына және бұл талаптардың отбасыда және балабақшада орындалуының жүйелілігімен қамтамасыз ете алуына байланысты болады. Тәрбиелеушілер, мысалы, баланың тамақ ішер алдында қол жуып немесе жатар кезде өз киімін ұқыпты жинап салуға үйренуіне қаншалықты күш салса да, бұл әдет оны үйде сақтап тұрмаса, қалыптанбайды.

Ата-аналармен жұмыс істеудің түрлері алуан түрлі болу мүмкін: бұл кездесулер, ата-аналар жиналыстары, ойлау конференциялары, тәрбиелеу мәселелері туралы тақырыптық пікірталастар, «дөңгелек үстелдер», ең үздік отбасы тәжірибесін ұсыну, ата-аналар лекторийлері, ата-аналар қатынас клубтары, балалардың шеберліктерін көрсететін фотокөрмелер, ата-аналардың балабақшадағы сабаққа қатысуы, сонымен қатар тәрбиелеушілердің өз тәрбиеленушілерінің отбасыларына баруы. Осындай жұмыс түрлерінің жемісті болуының басты шарты – еріктілік және өзара қызығушылық.

Әр топтың ата-аналарымен әңгімелескенде осы жаста негізі салынатын және барынша көп назар аударылуы керек дағдылар мен әдеттер туралы ғана айтпай, балалар одан бұрын ие болуы керек дағдылар мен әдеттер туралы айтып беру керек, яғни осы не басқа жастағы балаға қажетті ептіліктердің барлық кешенін баяндау керек. Тәрбиелеуші әңгімелесуді өз тобының баларының өмірінен алынған мысалдармен толтырып, жақын уақыттағы тапсырмалар туралы баяндайды.

Еліміздің болашақ азаматының жеке басының көптеген бағалы қасиеттерін, оның мінез-құлқын, әрекеттерін қалыптастырудың құрамына балада мектепке дейінгі жаста қажетті дағдылар мен әдеттерді: адамгершілік мінез-құлық, мәдени-гигиеналық және тағы көптеген басқа әдеттерді құру кіреді.

Ата-аналармен әңгімелескенде тәрбиелеуші әдеп сақтауы керек. Басқа балаларға тән емес жағымсыз әдеттерге қатысты кейбір жағдайларда әкемен, анамен не апасымен оңашада сөйлескен пайдалы. Әрбір отбасы біртума, кез келген адамның бейнесі де біртума, әр отбасыда дәстүр, салттары, тұрмыс салты бөлек. Сондықтан да тәрбиелеушінің ата-ананы баланың мектепке дейінгі жасқа ие болатын барлық дағдылар мен әдеттерімен таныстыру әрекеті нәтижесіз болар еді. Дегенмен ең маңызды дағдылар мен әдеттерді қалыптандыру туралы, оларды қалыптастырудың негізгі жағдайлары туралы әңгімелесу орынды болар.

Мінез-құлық мәдениеті туралы, сыпайылылық туралы айтқан кезде, мәселе этикетке қатысты емес екендігін, мәдени мінез-құлықтың мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттері алаламайтын ережелерден артығырақ нәрсе екендігін баса айтқан жөн. Басқалары сияқты осы дағдылар мен әдеттер баланың өзін қоршаған болмысқа деген саналы қатынасына және сезіміне негізделеді. Бала өседі, және біздің көмекшілеріміз болып оның сезімдері ғана емес, сонымен қатар оған неліктен жақсы істеу керек, ал жаман істемеу керектігін түсіндіре алу мүмкіндігі де болады. Ол біз оны сөзбен және өз мысалымен үйреткендей әрекет етуге дағдыланады да, ақырында осыны қажетсінеді.

Жеке әдеттер жалпылау әдеттердің қалыптасуына әкеледі, ал осы соңғылар сенушілікпен, өзін-өзі ұстаудың әдеттегі жолдың көпшілікпен қабылданған нормаларға сәйкес келуін түсінумен толықтырылады, және міне, әдет мінез-құлық белгісіне айналады.

Мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптасып, одан кейін қайталанумен орнығады. Балалардың бай қиялына байланысты дағдылар, жаттығулар кейде қызық ойынға айналып кетеді. Мұндай ойын сабын көбігін Аяз Атаның сақалына ұқсас деп табатын баланың өз бастамасымен, не балдырғанға қуыршақтың қолын жуу туралы еске салатын үлкен адамның бастамасымен жүреді.

Баланы осы не басқа мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретеді. Әрине, талаптарға бағындыруға болады. Бірақ бұл қажет пе? Баланың өзі ең орынды шешім тауып, оны қажет болса өзі пайдалануы анағұрлым маңызды. Тағы бір әдет – болмысқа дербес қарау – дәл осыдан басталмай ма?

Баланы дені сау және ақылды, ұқыпты және кішіпейіл, ұжданды және сыпайы, еңбек сүйгіш және епті етіп тәрбиелеу, оның бойына ең жақсы қасиеттерді сіңдіру – бұл балабақшаның және отбасының ортақ қамы.

Балабақша мен отбасының талаптарының бірлігі ғана балаға рухани және физикалық күшінің толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға, баланың өмірін пайдалы істермен және жақсы әрекеттермен толтыруға мүмкіндік береді.


Педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы

Мектепке дейінгі жаста баланың организмі жылдам өседі. Оның жүйке жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі белсенді қалыптасып, тыныс алу аппараты жетіледі. Бұл кезеңде мықты денсаулықтың және дененің толыққанды өсуінің негіздері салынады.

Мақсатты дене шынықтыру тәрбиесі балдырғандардың ақыл-ой дамуына жағымды әсер етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар туралы білімдер көбейеді, кеңістікте және уақытта бағдарлау жетілдіріледі, мінез-құлықтың жақсы жақтары қалыптастырылады. Балалар құрдастар ұжымында әрекет етуге үйренеді: оларда байсалдылық, дербестілік, белсенділік, бастамашылдық, серіктестік сезімі, өзара көмектесу сезімі сияқты қасиеттер қалыптасады.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Осымен қатар, ол маңызды міндет – мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу міндетін атқарады. Балалардың денсаулығының, олардың денелерінің өсуінің қамын ойлау оларда тазалыққа, ұқыптылыққа, тәртіпке деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуден басталады.

Балаларда қоғамдық гигиена дағдыларын тәрбиелеу олардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады, тұрмыста, қоғамдық жерлерде өзін-өзі дұрыс ұстауға жағдай жасайды.

Балалардың қажетті гигиеналық ережелерді және мінез-құлық нормаларын білулеріне және оларды орындауларына олардың денсаулығы ғана емес, басқа балалар мен үлкендердің денсаулығы да байланысты болады.

Мәдени-гигиеналық дағдылар адам мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ұқыпты болу, бетті, қолды, денені, шашты, киім мен аяқ-киімді таза ұстау қажеттілігі гигиена талаптарымен ғана емес, адам қарым-қатынастарының нормаларымен де түсіндіріледі.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды ойдағыдай қалыптастыруға ұтымды ұйымдастырылған жағдай, анық күн тәртібі және үлкендердің балабақшада да, үйде де, балаға жақын, үйдегідей жылы жағдайда басшылық етуі жатады.

Педагогтар және ата-аналар балалардың бойына балалық шақта сіңдірілген дағдылар, оның ішінде мәдени-гигиеналық дағдылар да адамға оның келесі өмірі бойы көп пайда әкелетіндігін есте сақтау керек.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды бала үлкендердің басшылығымен бойына сіңіп алады. Басқа балалармен бірге ол қол жууға, тамақты ұқыпты ішуге, киімінің дұрыс болуын бақылап отыруға, заттарға күтімді қарауға үйренеді. Онда дербестілік пен ұйымдастырушылық, мұқияттылық пен құнттылық қалыптасады да, үлкендер мен құрдастарға деген сыпайы қатынас тәрбиеленеді.

Дене шынықтыру сабақтарында жалпы білім беру жаттығулар кезінде балаларға осы не басқа қимыл-әрекеттердің денсаулық және даму үшін пайдалы екендігін, бұл жаттығуларды жақсы желдетілетін залда немесе далада жасауға маңызды екендігін, өз дене шынықтыру киімін дұрыс ұстау қажеттілігі туралы, сабақ аяқталғаннан кейін оны мұқият жинап салып, қолын шынтағына дейін сабынмен жуып алу (беліне дейін сумен ысқылау) қажеттілігі туралы айтып беруге болады.

Балалар мектепке дейінгі жаста жеке гигиенамен ажырағысыз байланысты қоғамдық гигиенаның қарапайым ережелерін, мысалы қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, кір қолын өзі ауырып қалмауы үшін және басқа адамдарды жұқтырмау үшін жуу керектігін білуі өте маңызды.

Үлкен мектепке дейінгі балаларға алуан түрлі жолмен, оның ішінде кір қол, заттар арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы кейбір мәлімет беріп, осы ауруларды жұқтырып алуды қалай болдырмайтындығын түсіндіріп беруге болады. Үлкендер балалардың жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жеп алмауын, тырнақтарын кемірмей, ауыздарына алуан түрлі заттарды, қарындаштарды салмауын, кітаптарды парақтағанда бармақтарын сілекеймен суламауын қадағалап тұруы керек.

Балалардың жеке гигиена ережелерін игеруі баланың ол болатын алуан түрлі жерлерде өзін-өзі ұстай білуін талап етеді.

Балалар пәтерде, топ бөлмесінде, қоғамдық ғимараттарда ғана емес, далада, саябақтарда, аулаларда, көлікте де қоқыс лақтыруға болмайтындығын жақсы ұғып алу керек. Мұнда көп нәрсе үлкендердің өздеріне байланысты болады, олардың өздері қаншалықты тәрбиеленгеніне, қандай мысал өз балаларына беретіндігіне байланысты болады.

Мәдени-гигиеналық дағдылар жөніндегі барлық мәліметтер балалардың бойына күнделікті өмірде сіңдіріледі, яғни режимнің әрбір құрамдасында гигиеналық тәрбие үшін жағымды кез табуға болады.




Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі

Баланың балабақшаға келген бірінші күндерден бастап, педагог онда мәдени-гигиеналық дағдыларды, сонымен қатар балалардың бір-бірімен, тәрбиелеушімен, басқа балалармен дұрыс қарым-қатынастарды орнату үшін мәдени мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын тәрбиелейді.



Екі және үш жастағы балаларға

Жеке гигиена дағдыларын бойға сіңдіреді. Оларды киімінде, шашында тәртіпсіздікті байқауға үйретеді «Көрдің бе, бауың шешіліп қалды, бұрымшаң тарқатылып кетті - өзің жасай алмасаң, тәрбиелеушіден, күтушіден көмек сұра». Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады (киімді кию және шешу, оны мұқият жинап салу, түймені салу және ағыту, аяқ-киімнің бауын шешу және тағы басқа).

Үлкендердің көмегімен тамақ ішер алдында және кірленіп қалса қол жууға, өз орамалымен, бет орамалмен, майлықпен сүртінуге, үстел басында тыныш отыруға, ұқыпты тамақ ішуге, қасықты оң қолында ұстауға үйретеді. Осы дағдылардың барлығын бірінші кіші топ балалары меңгеріп алуы керек. Балдырғандарды тазалық пен тәртіп сақтауға, аяғын жақсылап сүртуге, қоқыс тастамауға, жуынғанда еденге су төкпеуге үйретеді.

Екінші кіші топта

Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіруге жалғастырады. Оларды тамақты өз бетімен, ұқыпты ішуге, асықпай, шайнап жеуге, үстел басында тыныш отыруға, нанды үкпеуге үйретеді. Олар майлықты қолдана білуі керек, қажет болса, ауыздарын, бармақтарын сүрте білуі керек. Тәрбиелеушінің көмегімен балалар жуынғанда жеңді түріп қою, сабынмен жуу, қолды құрғағанша сүрту қажет екендігін ұғып алады. Балдырғандарды бет орамалды қолдануға, сырт келбетінде тәртіпсіздіктерді байқауға және оларды өз бетімен жоюға үйретеді. Тәрбиелеушіден немесе күтушіден көмекті қажет болса ғана сұрауға болады.

Біртіндеп балалар ұйымдастырушылық мінез-құлықтың күрделі емес ережелерін меңгеріп алады. Тәрбиелеуші олар өздерін вестибюльде, жуынатын бөлмеде, асханада, ұйықтайтын бөлмеде, далада, қоғамдық орындарда және үйде қалай ұстау керектігін түсіндіреді.

Орта топта

Балаларға қойылатын талаптар күрделіленеді. Төрт-бестегі балалар мінез-құлық мәдениетінің кейбір ережелерін біледі, оларды өз бетімен басшылыққа ала алады. Оларда көптеген мәдени-гигиеналық әдеттер бар, олар өздеріне қызмет көрсете алады: киіне алады, киімін шеше алады, жуына алады. Орта топтың тәрбиеленушілерінде тазалықты, ұқыптылықты тәрбиелей береді, оларды сырт келбетінде тәртіпсіздікті байқап, оны жоюға ғана емес, киімді, аяқ-киімді, жеке заттарды сақтауға үйретеді. Осы жастағы бала тісін ұйқыға жатар алдында тазалай алып, тамақ ішкеннен кейін ауызын шая алуы керек. Майлық пен тарақты өз бетімен және есіне салмай, қолданып, жөтелгенде және түшкіргенде теріс бұрылып, аузын бет орамалмен жаба білуі керек.

Тәрбиелеуші балаларды үстел басында өздерін мәдени ұстауға, тыныш тамақ ішуге, тамақты кішкентай бөлікпен жеуге, үстелден шыққанда үлкендерге рахмет айтуға үйретеді.

Үлкен топқа көшкенде

Балаларда жеке гигиена әдеттері, ұқыпты және таза болу, дене тазалығын қадағалап отыру, шашын, киімін ретке келтіру дағдылары тәрбиеленген. Осының барлығы балаға жинақы болуға, серуендеуге немесе сабаққа барғанда өзінің сырт келбетін тексеру қажет екендігі есте сақтауға көмектеседі.



Мектепке дайындау тобында

Алдыңғы жас топтарында қалыптастырылған дағдылар бекітіліп, балалардың қажеттілігі болады. Уақтылы кезекшіліктер балаларға аспаптар мен нанды қол жумай, таратуға болмайтындығын, немесе жануарлардың торларын тазалағаннан кейін ең алдымен қолды сабынмен жақсылап жуу керектігін ұғып алуға көмектеседі.

Күн сайын аяқты жуу, тіс тазалау, ауызды тамақ ішіп болғаннан кейін шаю – осының барлығы үлкен балалардың басқа әдеттерінің ішінде болуы керек. Тәрбиелеуші әрбір баланың өз киімінің, аяқ-киімінің тазалығы, ұқыпты сырт келбеті, қоршаған ортадағы тәртіп туралы ойлайтындай, сырт келбетіндегі кемшіліктерді жоятындай жасауға тырысады. Ол қажет болса өз тәрбиеленушілерін түймені немесе үзіліп кеткен тоқыма бауды, аспа бауды тігуге, киім мен аяқ-киімді тазалауға үйретеді. Тәрбиелеуші оларды барлығын өз бастамасымен, үлкендердің ескертуінсіз жасай алуына дайындайды.

Балабақша түлектері

Топ бөлмесінде және учаскеде тәртіпті өз күшімен сақтайды. Егер де олар ойыншықтарын, заттарын ойнаған орында немесе тәртіпсіздікте қалдырса, осыны тәрбиелеуші төтенше құбылыс ретінде қарастырады.

Кішкентай балаларда мәдени әдеттерді тәрбиелеу неден басталады? Ең қолжетімді, нақты және көрінетін нәрселерден. Себебі балдырғандарда өнегелі түсініктердің жинақталуы мінез-құлықтың сыртқы формаларын меңгеруге қарағанда баяуырақ өтетіндігін ескере қалмауға болмайды. Сондықтан да кішкентай балаларда осы мінез-құлықтың сыртқы формаларын тәрбиелеуден бастауға тура келеді және бір уақытта бұл формаларды өнегелі ұғыну үшін олар үшін алғышарттар жасау қажет. Мінез-құлықтың ішкі және сыртқы формаларының өзара әрекеттесуі және өзара тәуелді болуы баланың ішкі дүниесіне белгілі бір дәрежеде әсер ететіндігін ескеру қажет, әсіресе біз олардың бойына ішкі мәдениетті сіңдірсек, балаларды оны көрсетудің сыртқы тәсілдеріне де үйретуіміз керек.

Тәрбиелеуші үсте басында тыныш жағдай жасауға тырысады. Жиі ескертпе жасамай-ақ, ол жағымды мысалдарға сүйене отырып, балаларға әсер етеді, үстел басында өзін-өзі ұстаудың ережелерін еске салады, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырады. Ең жиі ол балалардың біреуіне бүкіл топтың назарын аудартпай, баяу ғана сыбырлап, бала неліктен босаң тамақ ішіп отырғандығын, асығып тұратын, тез, бірақ өте ұқыпсыз тамақ ішіп отырғандарға ынтасыз назар аударатындығын сұрайды: тынышсыз балаларды жұбатады, үйреншікті емес тамақты ішкісі келмейтін жеке балаларды көндіреді.

Таңғы ас, түскі және кешкі ас өткізумен мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптастырылуы байланысты. Алайда оларды сәтті және уақытында тәрбиелеу үшін шарттардағы тұрақтылықты сақтап тұру қажет. Педагог үстелді әзірлеудің және қасық, шанышқыны, майлықты қолдану әдеттерін тәрбиелеудің арасында тікелей байланыстың бар екендігін ескереді. Және де балаларды, мысалы, компот сүйектерін табақшаға салуды үйреткенде, олар компот бар болғанда, табақшалар мен қасықтар әкелінгенін тексереді, ал майлықты қолдану әдетін тәрбиелегенде, тамақ ішкен кезде майлықтардың үстел үстінде болуын талап етеді.

Шарттар тұрақты болу керек, ал педагог қолданатын әдістемелік тәсілдерді өзгертіп отыру қажет.

«Енді жуынамыз» - дейді тәрбиелеуші жыл басында және барлығын көрсетеді: қалай жең түріп алу, қолды қалай сабындап, қалай жуу, қалай құрғағанша сүрту керектігін көрсетеді. Балалардың барлығы үлкеннің бақылауы мен байқауымен әрекет етеді. Осылай, күннен-күнге. Осы күнделікті қызметте мәдени-гигиеналық дағдылар жетілдіріп, әдеттер қалыптастырылады: тамақ ішер алдында және кірленгенде қол жуу, өзінің сырт келбетін қадағалап отыру. Бірақ балалар өсіп келеді. Және тәрбиелеуші біртіндеп оларға көбірек дербестікті береді. Ол балаларда ережелерге, сендіруге, ережелердің мәнін түсіндіруге деген саналы қатынасын дамытуға мүмкіндік беретін тікелей нұсқаулардан еске салуға, көрсетуден кеңес беруге, мысалдан әдіске көшеді. Педагог балалардың үнемі өсетін тәжірибесін, олардың дағдыларының жетілдірілуін, белгіленген ережелерді өз бетімен орындай алуын ескерген жағдайда ғана, балаларда тұрақты әдеттер қалыптастырылады, жаңа шарттарға көшкенде бұзылмайтын болады. Осыны ескермей, балаларда үлкендердің талаптарына бағыну әдеті ғана қалыптасады.

Жуынуды дұрыс ұйымдастыру – мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасу шарттары ғана емес (әсіресе үлкен топтарда), мектепке дейінгі үлкен бала бәрін өз бетімен де жасай алады: мұқият жуынуға, өзін ретке келтіруге, алайда мұндайда балалардың арасындағы жағымды қарым-қатынастарды тәрбиелеу аса маңызды. Жуынатын бөлмеде балалар әрқашанда өздерінің құрдастарының арасында болады. Тәрбиелеуші оларды қасындағыларға көңіл бөлуге, сыпайы, кішіпейіл болуға үйретеді. Мысалы, жолдасы өте алатындай, шетке шығу, жерге түсіп қалған орамалды көтеріп, орнына ілу, басқа балалар да уақытында жуынуы және үстел басына отыруы керектігін есте сақтап, басқа ештеңеге алаң болмау, кезекші өз міндеттерін орындауды уақытында бастауы үшін оны өз алдына өткізу.

Құрдасқа деген жағымды қатынасты, қасында отырғандарға, сонымен қатар тамақты дайындаған адамдарға деген сыпайы қатынасты қалыптастыру үшін алуан түрлі жағдайларды қолданады.

Үстелге нан салынған тәрелке немесе алмалар салынған сауытты қойды. Нан тілімдерінің арасында балалар әсіресе жақсы көретін нанның қыртысы біреу, ал сауытта ең албыраған алма да біреу. Бұлар балалардың қайсысының қолына түседі? Себебі ұнаған нан қыртысы не шатақты тудыратын зат, не тәрбиелеуші қалай жасау керектігін түсіндіре алатын мысал бола алады. Ал балдырған үшін ең жақсысын басқаларға беру өте оңай емес: себебі ең жақсысын дәл оған, ең кішкентай болғандықтан береді. Педагог мұндай жағдайларда қалай істейді?

- Бүгін албыраған алма Катяға қарап тұр. Ол да Катюша тезірек және ұқыпты жей бастағанына мәз, - дейді тәрбиелеуші, алмалар салынған сауытты үстел үстіне қойғанда. Бұл сөздермен ол кейбір балалардың ең жақсысын алу әрекеттерін болдырмайды. Ал келесі рет ең әдемі алма басқа біреуіне қарайтын болады. Барлығына кезек бойынша. Осылай балалар тәрбиелеуші әзіл-шынын араластырып айтқан ережесін: ортақ тәрелкеден өзіне ең жақын жатқан тілімді алу туралы меңгеріп алады. Ал біраз уақыт өткеннен кейін, бұл сияқты жағдайда олардың өздері бұл ережені басшылыққа алатын болады: «Саған «қарайтын», яғни ең жақын жатқан тілімді алу керек».

Үстел басында қалай отыру, шанышқы, қасықты қалай ұстау, майлықты қалай пайдалану, тамақты қалай алу, нан үзіп алу, т.б. керек екендігін балалар меңгеріп алғанда, олар өздерін үстел басында жақсы ұстау деген талап не білдіретіндігін түсінетін болады. Осылай, сөзге сәйкес көрсету балаға одан не талап етілетіндігін түсінуге көмектеседі. Мұны әсіресе кішкентай балалармен жұмыс істегенде ескеру қажет.

Балдырғанға «Жолдасың сияқты істе» деп айтуға болады. Мұндайда өзінің не баланың әрекеттеріне түсінік беріп, әрекетке баға беруге болады: «Дұрыс істедің, жарайсың!».

Кішкентай балалар түсініктемелердің мәнін түсіне алмауы да мүмкін екендігін ескеру керек, және қарапайым талаптарды оларға жеткізуге қиын болады. Мұндай жағдайларда ойын тәсілдері ауыстырғысыз болады. Ойын түрінде білдірілген ережелер балаларды қызықтырады және олар талап ететін нәрсені оңай орындап береді. Ойын тәсілдерінің көмегімен балалардың қарсыластығын сынамай, олардың мінез-құлықтарын басқаруға болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, ол өз мінез-құлқын бақылап, ережелерді есінде сақтап, орындауға соншалықты жарамсыз болады. Сондықтан педагог балдырғандарға осы не басқа ережелерді сақтау туралы үнемі естеріне салып отырады. Мысалы, «Ал енді шәркемізді алып тастап, серуенге шығайық».

Мектепке дейінгі орта және үлкен жастағы балалар жиі ескертулерді қажет етпейді, олар көп нәрсені біледі және істей алады. Тәрбиелеушінің нұсқаулары ше артығырақ дербестікке арналған: «Қолыңды жудың деп үміттенемін», «Барлығын дұрыс істегеніңді тексер». Педагог жанама тәсілдерді қолданады. Кейде ол балаға «Сен үлкенсің, және саған өзіңізді үстел басында қалай керек ұстау қажет екеніңді есіңе салмау қажет сияқты» деп, мінез-құлық бағытын белгілеп қана қояды. Бұл тәсіл баланың үлкен болуына тырысуға, өзінің пайда болып жатқан ар-намыс сезіміне негізделген. Ережелері меңгеріп алу үлкен балалардан адамгершілік ынтасын, күш, еркін, ұстамдылық пен тұрақты қарапайым өзін-өзі бақылауын қажет етуі аса маңызды, бала өз әрекеттерін ережемен белгіленгендермен салыстырып жүретіндей болу керек. Бұл онда өзін-өзі тануды, өз мінез-құлқын бағалай білуді дамытады. Педагог, сонымен қатар ата-аналар үйде бала сүйетін көркем шығармалардан алынған орынды салыстырмаларды қолдана отырып, таныс қызық сөздерге жүгінеді. Сондай-ақ орынды айтылған әзілдер, қызықты өлеңдер, мақалдар мен жұмбақтар балаларға жақсы әсер етеді. Балалар оларды жеңіл жаттап алады, өздері жиі қолданып отырады: «Соң күлген – оң күледі». Мектепке дейінгі орта жастағы балаларға тәрбиелеуші өнегелі мәнін түсіндіреді (нанды үкпе).

Мәдени-гигиеналық дағдылар мәдениеттің маңызды бөлігі. Ұқыпты болу, қол, бетті, денені, шашты, киім мен аяқ-киімді тазалықта ұстау қажеттілігі гигиена талаптарымен ғана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынастарының нормаларымен түсіндіріледі.

Педагогтар мен ата-аналар балалық шақта бойына сіңдірілген дағдылар мен әдеттер адамға оның келесі өмір бойы үлкен пайда әкелетіндігін есте сақтау қажет.

Тамақ ішу мәдениетін жиі гигиеналық дағдыларға жатқызады. Бірақ оның мәні физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруда ғана емес. Ол үстел басында өзін-өзі ұстаудың эстетикалық аспектіне ие, қасында отырған балаға, сонымен қатар тамақты даярлаған адамдарға деген құрметке негізделген. Мектепке дейінгі жастан балалар белгілі ережелерді меңгеріп алуы керек: шынтақты үстел үстіне қоюға болмайды, тамақ ішкенде аузын жауып жеу керек, тамақты асықпай, шайнап жеу керек, нанға және басқа азық-түлікке ұқыпты қарау, ас аспаптарын дұрыс қолдану. Тамақ ішу мәдениетін меңгеру мектепке дейінгі балалар үшін жеңіл емес, бірақ осы дағдыларды қалыптандыру қажет, балалардың тамақты сүйсініп, шың көңілмен және ұқыпты ішуіне қол жеткізу керек.

Мектепке дейінгі жастың өзінде балаларда мінез-құлықтың адамгершілік және ерік аспектілері біртіндеп қалыптасуы керек.
Мектепке дейінгі балаларда дағдылар мен

әдеттерді тәрбиелеу
«Дағдылар мен әдеттердің маңыздылығын бағалай білген және негізін оларға қалаған тәрбие тұрақты тұрады... Тек әдет қана тәрбиелеушіге тәрбиеленушінің мінез-құлқына, оның жүйке жүйесіне, оның табиғатына осы не басқа қағидаттарды енгізу мүмкіндіктерін береді», - деп жазған орыс педагог К.Д.Ушинский.
Дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу – баланы жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі. Бала бойына сіңдіріп алған әдеттер ұзақ уақыт сақталып, халық даналығы айтқандай, екінші табиғатына айналады. Олардың көбі мектепке дейінгі жаста қалыптасып, бүкіл өмірге қалады.

Психология ғылымында дағдыға автоматтандырылған әрекет деген анықтама берілгенмен, меңгеру үрдісі оны түсінумен міндетті түрде байланысты. Дағдылар біртіндеп жетілдіріледі де, әдеттерге, яғни белгілі жолмен әрекет ету қажеттілігіне айналады. Мысалы, тамақ ішер алдында қолды балабақшада ғана емес, үйде де күнделікті жуып отыру, өз заттарын ұқыпты ұстау және т.б. Мұндай қажеттілікті ойдағыдай қалыптастыру үшін балада олар үшін ең маңызды әрекеттерге деген қатынасы эмоциялық жағынан жағымды болуы керек, және қажет болса, нәтижеге жету үшін белгілі ынта көрсете алуы қажет.

Балада өте ерте, өмірдің бірінші-екінші жылында, оның жүйке қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда зиянды әдеттер пайда болып, бекітіліп алуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет (саусақты сору, жуынудан бас тарту, тамақты тәрелкеден қолмен алу, нанды үгу және басқалар).

Мектепке дейінгі балаларда жағымды дағдылар мен әдеттерді тәрбиелегенде келесі қағидаттарды басшылыққа алу қажет:



  • тәрбиелеу үрдісінің біртұтастығы мен бірлігі, тәрбиелеу міндеттерінің, әдістері мен құралдарының өзара әрекеттесуі,

  • тәрбиелеуде бірізділік пен жүйелілік,

  • жаттығуларды уақытта ұтымды үлестіру кезінде дағдылар мен әдеттерді қалыптастырудағы жаттығулардың қайталамалығы.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде және мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудағы мұндай жағымды нәтижелер тек қаталдық және балаларға деген құрмет пен сеніммен тіркесуінде ғана мүмкін.

Адамгершілік сезімі қоғамдық моральды жеке мүдделерді көрсететін өзімшілдік сезімдерден өзгеше, белгілейді. Адамгершілік сезіміне негізделетін ережелер, талаптар, әрекеттердің себептері мектепке дейінгі балаға әдетте түсінікті, себебі өмірінің алғашқы жылдарынан бастап, оның қоршаған дүниемен қатынастары алуан түрлі. Сондықтан сезімдердің жалпы алғанда баланы және нақты алғанда мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудегі ерекше рөлі туралы айтуға болады. Өнегелі мінез-құлық формаларын бекіту, олардың әдетке айналуы және қажеттілік баланың жасалған әрекеттерге де, бұл әрекеттерді ұйымдастырып, реттейтін үлкендерге де эмоциялық жағынан жағымды қатынасының негізінде ғана болады.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде бастапқы маңызға үлкендердің: тәрбиелеушілердің, ең алдымен ата-ананың мысалдары ие. Олардың сырт келбеті, әрекеттері мен пікірлері, сыпайылылығы, байсалды әңгімелесуі, қоршаған адамдарға және ең алдымен балаларға әділ қарау еліктеудің маңызды, әрі пәрменді мысалы. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі өте күрделі, ол педагогтардың алуан түрлі әдістерді икемді қолдануын қажет етеді. Тәрбиелеу құралдарын да тұрақты түзетіп отыру керек. Педагог оның қол астындағы балалар тәрбиелеу шараларын қалай қабылдайтынын және бұл шаралар балаларға қалай әсер ететіндігін мұқият қадағалап отыруы керек. Балалардың әрбіреуінің өнегелі тәрбиелілік деңгейін мүмкіндігінше ерте анықтап алу қажет. Байқаулар әр балаға тән әрекеттері мен мүдделерінің, қоршаған адамдармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгеріп алудағы қиыншылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Баланы танып білу үшін, оның үйіндегі мінез-құлқы туралы мәліметтер қажет. Сондықтан оқу жылы басталмағанша балабақшаға бірінші рет келетін балалардың отбасыларымен міндетті түрде танысып алған дұрыс. Бұл отбасы мүшелерімен танысуға, балдырғанның өмір сүру жағдайларын, тәрбиелеу ерекшеліктері мен дәстүрлерін анықтап алуға, балдырғанмен оған үйреншікті жағдайда қатынасуға мүмкіндік береді.

Бірақ отбасымен қарым-қатынастар осымен әрине шектелмеу керек. Баланың үйіне жылына шамамен екі рет жоспарлы түрде баруды белгілеу қажет. Бұл ата-ананы өз баласын тәрбиелеудің нақты мәселелерін дұрыс шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Тәрбиелеудің ерекше назарын балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру талап етеді. Бір жағынан, тұрмыстың көптеген элементтері күннен күнге қайталанып отырады, ал бұл мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру үшін өте жағымды, бірақ екінші жағынан, тұрмыста көп жағдайда бала қараусыз қалады. Осының нәтижесінде дәл күнделікті өмірде бала қоғамдық мінез-құлық нормаларын қаншалықты меңгеріп алғанын, олар оған қаншалықты қажет екендігін жақсы көруге болады.

Режимдік үрдістер: жуыну, киіну, ұйықтау, тамақ ішу және тағы басқа мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу үшін жағымды мүмкіндіктерді береді. Талай рет қайталанып, олар балада уақыт сезімін, қажетті белсенділікті, мінез-құлықтағы дербестікті қалыптастыруға қатты әсер етеді.

Орта топтың балалары балдырғандарға қарағанда әдетте көбірек дербес болады. Бұл төрт жастағы балаларда күш көбейіп, бірқатар дағдылары мен әдеттері бар болуымен түсіндіріледі.

Жуыну және киімін шешу дағдыларын меңгеріп алғаннан кейін бес жастағы бала кезекшінің міндеттерін атқара алады, өз бетімен киіне және киімін шеше алады. Баланы тәрбиелеу үшін ол бір нәрсені істей алғандығынан басқа, белгілі міндеттерді атқаруға дағдылануы маңызды.



Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

Мектепке дейінгі орта жасқа толған балаларда дағдылармен қатар әдетте кейбір әдеттер қалыптасады. Дағдылар сияқты әдеттер де балаға тұрақты әсер ететін жағдайлар оның тарапынан тұрақты жауап реакцияларын тудырған кезде құрылады. Бала мінез-құлықтан көрінетін бір әрекеттермен жауап беруге дағдыланатын талаптарды қайталау балалардың жақсы әдеттерін, мысалы тазалық пен тәртіп, қалыптастырады. Егер тәрбиелеуші бірінші кіші топтағы балаларды тек таза қолмен, әдемі әзірленген үстел басында ғана жеуге, тәрелкеге қол сұқпауға үйретіп қойса, балада жақсы және тез қол әрекеттері (дағдылар) қалыптасып қана қоймай, белгілі әдеттер де пайда болады. Ал бұл қолдың таза ұстауындағы, үстел үстінде ас жаулық таза болуындағы қажеттілік.

Әрбір әдет, қарапайым болсын, күрделі болсын, И.П.Павлов ашқан белгілі заңдар бойынша шынығып шығады. Қайталанған әдеттер бекітіліп, тұрақты болады да, өсіп келе жатқан адамның мінез-құлқының ерекшеліктеріне айналады.

Үлкендер бір нәрсенің әдеті, дағды сияқты балаға, оның әрекеттеріне қойылатын бір талаптарды жүйелі түрде қайталағанда қалыптасатындығын білуі керек. Балалар бүгін ақ ас жаулықпен жабылған үстел басында, екінші күні – клеенкамен жабылған үстел басында тамақ ішсе, немесе бір үлкен кісі балалардың «рахмет», «өтінемін» деп сыпайы сөйлеулерін талап етіп, екіншісі балалардың әдепсіз мінез-құлықтарына еш назар аудармай отырса, мектепке дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар әрине қалыптаспайды.

Яғни, ерекше назарды балабақшаның балаларда пайдалы әдеттерді шынықтырудағы жұмысының отбасыда да жалғастырылуы қажет етеді. Бала үшін оның туыстары әсер етудің үлкен күшіне ие. Таңертең және кешке, жай күндері және бүкіл демалыс күндері балалар үйде тұрады. Егер де ата-аналар, апасы, әпкесі, балалар тұрақты қатынасатын басқа үлкен туыстары балаға ол балабақшада бағынуға мәжбүр болатын талаптарды қоймаса, онда қалыптасып жатқан нәзік, тұрақсыз әдеттер тез бұзыла бастайды. Ең жаманы, бала үлкендердің талаптарын орындамау міндетті түрде емес және ережелерді бұзу олар үшін ешқандай жаман салдарға әкелмейтіндігіне тез көз жеткізіп алуында.
Сонымен, әдеттерді шынықтырудың бірінші шарты оларды жүйелі түрде қайталау және бекітіп отыру. Бекіту бұл мақтау, мақұлдау немесе айып, кінә, дәл осылар балаға ол істегені жақсы ма, әлде жаман ба екендігін көрсетеді.

Бала дұрыс істемесе, оған ашуланып отыру бекер, оның қажетті әрекетті дұрыс орындап, қайталауына қол жеткізу керек. Ұрыспау, ақыл айтпау, ұялтпау, бірақ ең алдымен балаға дұрыс істеуге көмектесу.

Осы не басқа жағымды әдеттерді қалыптастыруда ертегілер мен басқа әдеби шығармалардың кейіпкерлеріне жүгінеді. Әрине, «Маша-растеряша» да, «Мойдодыр» да, басқа көптеген көркем әдебиет шығармалары да балаға орасан зор әсер ете алады: қуантып, абыржыта алады, тіпті өзі үшін ұялуға әкелуі мүмкін.
Мұндағы ең маңыздысы, бала қажетті талапты өзінің іс-жүзіндегі әрекеттерімен бекітіп алуы керек, әдетті тек осылай ғана шынықтыруға болады.
Егер балабақшада және отбасыда баланың өмір сүруінің бірдей жағдайлары жасалып, оған бірдей талаптар қойылса, кішкентай балаларда әдеттер өте тез қалыптасады. Балдырғандар өз киімін өз шкафтарына ілуге, жуынатын бөлмеде өз кезегін күтуге, таза қолмен тамақ ішуге, т.б. салыстырмалы тез үйреніп алады.

Дегенмен баланың жүйке жүйесі үйлесімді ғана болмай, барлық жүйке байланыстарының, оның ішінде шынықтырылатын әдеттердің негізінде жататындардың тез бұзылатындығымен сипатталынады.

Осыған байланысты балада балабақшада тәрбиеленген әдеттер бала нашар жағдайларға түсіп кетсе немесе оның мінез-құлқын үлкендердің тарапынан бақылау әлсіреп қалса, жеңіл бұзылуы мүмкін.

Тәрбиеленіп, бекітілген әдеттерді қайта тәрбиелеуге өте қиын. Мысалы, бес жастағы бала оны ата-анасы жуып, киіндіретініне, үлкендерге айғайлай алатындығына, киімін іліп, жинап қоятынына, аяқ-киімін ата-анасы тазалап қоятынына дағдыланып кетсе, мұндай әдеттерді қайта тәрбиелеу тәрбиелеушілерден орасан, әрі қауырт жұмысты қажет етеді.

Баланың жеке ерекшеліктеріне, оның жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне, мысалы, жүйке үрдістерінің күші мен қозғалмалылығына байланысты әдеттердің келесі қалпына келуі немесе өзгертілуі алуан түрлі өтеді. Бірақ барлық жағдайларда баланы қайта тәрбиелеу, оның әдеттерін өзгерту тәрбиелеуші үшін де, бала үшін де қиын мәселе болып табылады.

Пайдалы әдеттерді бала дамуының әр кезеңінде, емшектегі жасынан бастап тәрбиелеу керектігін баса айтқан жөн. Орта тобының балалары туралы айта отырып, әдеттерге ерекше назарымызды дәл осы жаста балалардың шынайы дербестігі мен ақылды еркі ойдағыдай дами алатындықтан аударамыз.

Бала дамуының әрбір кезеңінен, әсіресе мектеп жасынан көрінетін, арта беретін дербестік сезімі, өз күші мен мүмкіндіктерін түсінуден қуаныш сезімі олардың негізінде белгілі бір тәрбиеленген әдеттер болмаса, неге айналатындығын елестету оңай. Мұндай «негізсіз» дербестік бағынбаушылыққа айналады: бала, әсіресе мектеп оқушысы режимнің, гигиена мен мінез-құлықтың барлық талаптарын бұзады. Балалар жуынғылары келмейді, төсек-орындарын жинамайды, дөрекілік істейді, «Не істесем де, соны істеймін» деп өмір сүреді.

Ерікті тәрбиелеу адам өз күшін белгілі бір мақсатқа жетуге жұмсап, оған қоғамдық қабылданған және белгіленген ережелер мен мінез-құлық нормаларына жауап беретін жолмен жететіндігінде жатады. Балада тәрбиеленген ерік бар болса, оның «тілеймін» не «тілемеймін» сөздері оның еркелік пен өткінші тілектерін емес, қалай істеуге болатынына және қалай болмайтынына бағыну тілегін білдіреді.

Балада белгілі бір дағдылар мен әдеттерді шынықтыру үшін бір әрекеттерді қайталай беру қажет болса, мектепке дейінгі баланың жеке басын ойдағыдай қалыптастыру үшін, оның дамуы үшін балаға қойылатын талаптарды жүйелі түрде жоғарылатып тұру, яғни тапсырмаларды күрделендіру керек. Мысалы, екі жастағы балаларға өз бетімен киінуге, ұқыпты тамақ ішуге, қолды дұрыс және таза жууға алдында қиын болады. Тәрбиелеуші балаға қажетті әрекеттерді жасауға көмектеседі, балдырғанды күш жұмсатып, жаттықтырады, және белгілі бір уақыттан кейін бала өз бетімен киініп, қолын жуады, қасықты қолданады.

Балаға ол оңай, көп күш салмай, орындайтын талаптарды қойса, біраз уақыттан кейін ол өз бетімен дамитын болады.

Балаларды мұқият бақылап отырып, тәрбиелеуші тапсырмалардың күрделілігін уақытында жоғарылатып тұрады, ол балаға мысалы, өз бетімен жең көйлек пен шұлықты ғана емес, шалбарын, аяқ-киімін де киіп, одан кейін басқа балдырғанға көмектесуді ұсынады. Педагог балалардың осы дағдыларды меңгеріп алғанына көзін жеткізгенде, ол балалар алдында жаңа қызықты, әрі қиын тапсырманы қояды – түймені ағытуды үйренуге.

Балалармен күнделікті жұмыс істеу барысында жеке гигиена ережелерін орындау олар үшін табиғи болатындай, ал гигиеналық дағдылар өсе берген сайын тұрақты жетілдіріліп тұрғандай тырысу керек.

Алдымен балаларды қарапайым ережелерді орындауға үйретеді: қолды тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ойнағаннан кейін, серуенге шыққаннан кейін жуу, т.б. Осымен қатар үлкендер мектепке дейінгі балаларда күрделірек дағдылардың дамуына жағдай жасайды: қолды, бет, мойынды, қолды шынтаққа дейін жуу, ұйықтар алдында аяғын күн сайын жуу, қарапайым шынықтыру жаттығуларын орындау. Екі жастан бастап, балаларды тісін тіс пастасы мен қылшақпен таңертең және кешке тазалауға үйретеді. Мектепке дейінгі кішкентай жастағы баланың бойына аузын тамақ ішкеннен кейін ауыз сумен шаю әдетін, осыған алдын ала үйретіп сіңдіреді. Мектепке дейінгі орта және үлкен жастағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға жауаптырақ қарауы керек: қолын өз бетімен сабындатып жуу және құрғағанша сүрту, өз орамалын, тарағын, ауыз шаюға арналған стақанын қолдану, осы заттардың таза болуын қадағалап отыру.

Жеке гигиена дағдылардың қалыптасуы балалардың ұқыпты, таза болып, киімінде тәртіпсіздікті байқай алуын, оны өз бетімен немесе үлкендердің көмегімен жоя білуін талап етеді.

Балалардың бойына жеке гигиена дағдыларын ойдағыдай сіңдіру үшін балалар бойына сіңдірілетін барлық гигиеналық талаптар үлкендердің өздерімен: күтушімен, тәрбиелеушілермен, ата-аналармен мүлтіксіз орындалуы аса маңызды. Бұл үлкендер өз мысалдарымен балаларда білімдер, дағдылар мен әдеттердің қалыптасуына көмектесіп, жеке мысалының арқасында олардың бекітілуіне жағдай жасауы керек.
Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру жөнінде

әдістемелік ұсынымдар
Негізгі гигиеналық дағдылар мен әдеттердің барлығын дерлік адам мектепке дейінгі балалық шақта меңгеріп алады.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі гигиеналық рәсімдердің бір уақытта күн сайын қайталануымен қамтамасыз етеді, ал бұл мінез-құлық мәдениетінің дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды. Дағдылардың бекітілуі ойындарда, сабақта, тұрмыста өтеді.

Балабақшада және отбасыда гигиеналық тәрбиелеу ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Гигиеналық ережелерді мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің барлық шаралары жағымды нәтиже беруі үшін сақтау керек.
Оқыту мен тәрбиелеудің жүйелілігі
Белгілі бірізділікпен қайталанатын режимдік үрдістер көптеген шартты рефлекстердің қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан дұрыс әсер еткенде балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар оңай қалыптасады.
Оқытудың бірізділігі мен біртіндеушілігі
Мұнда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың оңтайлы мерзімдерін өткізіп алмау маңызды. Уақытында меңгерілген дағдылар әлжуаз дағдылардың ұзақ уақытқа сақтап қалуына, жағымсыз мінез-құлық формаларының бекітілуіне әкеледі. Егер бала бір нәрсеге үйреніп, оны істей алса, ол оны өз бетімен істеу тиіс.
Барлық нұсқаулар балаларға жылы шырайлы және баяу сарынмен айтылу керек
Мұндай сарын әдеттермен алмастырылатын әрекеттерге деген жағымды қатынасты қоздырады.

Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелі ойлау басым болады. Оларда гигиеналық дағдыларды ойдағыдай қалыптастыру үшін көрсетуге және түсіндіруге жүгіну керек. Көрсету әдетте түсіндірумен жанамаланады. Балаларға талаптардың лайықтылығы түсінікті болады: қолды таза жуу керек, суды еденге төкпеу керек, т.б. Әрекеттерді көрсету «Ал енді орамалыңды алып, әр саусағыңды сүртіп аламыз» сияқты сөздермен міндетті түрде жанамаланады. Бұл балаға ең маңызды жақты көріп, әрекетті жалпы алғанда түсінуге мүмкіндік береді.

Кейбір дағдыларды, мысалы тамақты мәдени ішуге үйрету айтарлықтай еңбекті қажет етеді, себебі бұл үшін балалар белгілі бірізділікпен жасалатын бірқатар әрекеттерді меңгеріп алуы керек: үстел басында дұрыс отыру, тамақ ішуге арналған аспаптарды, майлықты қолдану, т.б.
Баланы бір әрекеттерді жасауда жаттықтыру
Бұл үлкендердің тарапынан тұрақты бақылаумен жанамаланады, талап етілетін дағдылардың біртіндеп қалыптасуына әкеледі.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде педагогтың бағасы орасан зор маңызға ие
Педагогтың бағасы, яғни педагогтың бала мінез-құлқы және бөлек әрекеттері туралы оң не теріс пікірі. Мақұлдау, мадақтау, мақтау, ұнату, дәл осылар балалардың әрі қарай осылай істеуге, жақсырақ істеуге деген тілегін сақтап тұрады, бірақ бала мақтауды үнемі күтпеу үшін, осыны қиянат етпеген жөн. Үлкендердің талаптарын орындау бала үшін мінез-құлық нормасы, қажеттілік болуы керек.

Кейбір жағдайларда айыпты пайдалануға болады, бірақ осыны жанама түрде, баланың атын атамай жасау керек.

Оң бағаны балалардың өздері қалай істеу керектігін ұмытпаса беру керек. Мақтау қажетті дағдыны шынықтыруды тездетеді. Мысалы, «Мен Маликаның есіне қалай отыру керектігін салмаппын, ал ол дұрыс отырды. Жарайсың!».
Жаңа әрекеттің түсіндірмесі өте егжей-тегжейлі беріледі
Одан кейін бекіту барысында түсіндірме тарылып, барлық балаларға немесе кейбіреулеріне айтылуы мүмкін ережені еске салумен ғана шектеледі. Әсіресе жақсы болып тәрбиелеуші оның нұсқауларын балалар дұрыс орындайтындығында сенімді екенін алдын ала айтып, талаптарды жол-жөнекей еске салатын жанама форма болып табылады. Мысалы, тәрбиелеуші былай дейді: «Қазір балалар өз орындықтарын орнына қалай қоятындығын қарап көрейін. Мұны олар дыбыссыз жасайтын сияқты».

Алуан түрлі режимдік үрдістерде талай рет қайталанып, өз бетімен киіну, тарану, жуыну және т.б. сияқты әрекеттер балаға қуаныш әкеледі: балалар нені, қалай және қандай ретпен жасау керектігін меңгеріп алады.

Балдырғандарда мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың тағы бір ерекшелігін есте сақтау қажет: жаңа әрекеттерді меңгерген сайын, балалар оларды бірнеше рет қайталай бергісі келеді. Балдырғандар бұл әрекеттерді ойынға айналдырады. Осыны көріп, мен де ойынға қосылып, баланың әрекеттерін дағдыны бекітуге бағыттадым. Осылай, дұрыс әрекеттердің тәсілдерін қайталай отырып, кішкентай балалар оларды мұқияттырақ орындайтын болады.
Дағдыны меңгеріп алудың алғашқы кезеңінде балаларды асықтыруға мүлде болмайды
Балаларға меңгерілетін әрекеттерді асықпай орындауға мүмкіндік беру керек. Мұндай жағдай оларда жағымды эмоциялық көңіл-күй сақтап қалуға көмектеседі. Алайда режимдік үрдістерге тағайындалған уақыттан асырмау қажеттілігі қалады. Сондықтан балалардың күштерін мақсатқа көбірек лайықты әрекеттерге епті жұмсау керек. Бұл үшін, мысалы, мадақтаудың жанама тәсілдері тиімді: «Балалар, Айжанның тез, әрі таза да қол жуғанын қараңдаршы. Ал енді, Айжан, қолыңды қалай сүрте алатыныңды көрсетші».
Ойын тәсілдері баланың өнегелі мінез-құлық ережелерін өте жақсы түсінуін қамтамасыз етеді
Мысалы, мұндай тәсіл көңілі оңай бөлінетін балалармен жақсы. Балалар серуендеуге шығайын деп жатыр. Барлығы шалбарларын дайындап қойды. Саша бәтеңкесінің бауын шешкісі келіп, шеше алмай жатыр, оның көңілі бөлініп, ол тентектікке салынып кетті. Тәрбиелеуші оның қасына келіп, оған бәтеңкенің бауын шешуге көмектеседі, мұндайда «Сашенька, сенің аяқтарың кішкене қояндар сияқты. Оларды түлкіден індерге тығып қояйық па!» деп айтады.

Бала қызығып қалады: «Ал індер қайда?»

Тәрбиелеуші: «Міне індер – шалбар. Бір аяғыңды бір інге, екіншісін – басқасына. Міне аяғыңды тығып та қойдық. Түлкі таба алмайды ғой». Саша қуана күлімсірейді.

«Бәтеңкені де киіп алайық!», - дейді ол.

Тәрбиелеуші: «Иә, шалбарыңды да, бәтеңкеңді де киіп аламыз. Басымызды да тығып қоямыз» - бала бас киімін қуана киеді.

Балдырғандардың киіну тәсілдерін меңгеріп алуы үшін ойынға бірнеше қуыршақтарды, маусымдық киімдерін таңдап, қосуға болады. Мысалы, қуыршаққа колготки, көйлек, шәрке, бас киім кигенде, балалардың өздері тез киінуге үйренеді.

Басқа ойын тәсілдері колготки және басқа киімді дұрыс кию, жуыну, т.б. дағдысын қалыптастыруға бағытталған. «Колготки дұрыс киіп алдық», «Қазір Таня қуыршақ сендер қалай қол жуа алатыныңдарды келіп тексереді», «Мишутка балалардың бет орамал барлығында бар екендігін тексеруге келді».

Ең алдымен, балдырғандарды жуынатын бөлмеде, ұйықтайтын бөлмеде өздерін қалай ұстау керектігін үйрету керек. Тәртіпті түрде: итермеу, шуламау, шүмек қасында көп уақыт тұрмау. Мысалы, «Марина, Никитадан бері тұр, жақын тұрма, сен оған жуынуға кедергі жасап тұрсың». Немесе «Дамир, шұңғылшаның қасында көп тұрма, Вадим де, Юля де жуынғысы келеді».

Алайда балалардың барлығы меңгерілуі олардан белгілі күш салуды талап ететін дағдыларды бір уақытта меңгере бермейді. Белгілі дағдыларды меңгеруді балаға жеңіл ету үшін бұл үрдісті қолжетімді, қызықты, еліктіргіш ету керек. Бұл үшін көрсету және түсіндіру, жаттығулар және бақылау, алуан түрлі ойын сабақтар сияқты әдістік тәсілдерді қолдануға болады. Мұндайда балалардың жас ерекшеліктерін – олардың дербес болуға талпынуын ескеру міндетті түрде қажет.

Режимдік үрдістерде алуан түрлі әрекеттерді талай рет қайталай отырып, балаларда дербестік қалыптасады, ол балаларға олардың көп нәрсені өз бетімен жасай алатындығын түсінуден қуаныш әкеледі. Мектепке дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудағы жағымды нәтиже алудағы ең жақсы тәсіл – олардың қызығушылығы.

Бұл тақырыпты жан-жақты зерттелінуіне талаптанбай, мен өзіме келесі мақсаттарды қойдым: балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастырудағы жалпы заңдылықтарды белгілеп алу, балалардың әрекеттері мен мінез-құлықтарындағы жағымды әдеттерін тәрбиелеудің және жағымсыздарын жоюдың әдістерін ашу.

Тараулардың мазмұнын жалпы және топтық ата-аналар жиналыстарында баяндамаларды дайындау үшін пайдалануға болады.


Практикалық (семинар) сабақтардың такырыптары
Тәрбиешінің жеке тұлғасына қойылатын психо-педагогикалық талаптар.

Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі

Тәрбиешінің психологиялық шеберлігі
Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастырутшеберлігі

Оқу-таным іс-әрекетін жоспарлау қызметі

Оқу таным іс-әрекетінің ақпараттық қызметі

Оқу-таным іс-әрекетінің бақылау және бағалау қызметі

педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынас құралы – тіл

Педагогтың өзін-өзі ұстауы

Тәрбиешінің сыртқы техникасы, мимикасы, пантомимимкасы, сөйлеу мәнері


Педагогикалық қарым-қатынас стилі

Қарым-қатынас стилдерінің түрлері

Қарым-қатынас деңгейлері және қалыптасу кезеңдері

Қарым-қатынас стилін оқу –тәрбие процесінде дұрыс қолдана білу

Педагогикалық қабілеттілік

Педагогикалық қабілет жеке психологиялық ерекшелік

Педагогикалық қабілетті дамыту жолдары

Педагогикалық қабілетті әдіс тәсілдері


Педагогикалық этикет

Ұстаздың білімділігі және мәдениеттілігі

Этиканың негізгі міндеттері

Ұстаздық борыш


Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы

Тәрбиеші және ата-ана

Отбасы және балабақша арасындағы байланыс

Бала тәрбиесіндегі тәрбиешінің ролі


Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында кездесетін қиыншылықтар

Балабақшадағы алғашқы күндер

Еркелік

Гиперактивтілік, гиперопека



Педагогикалық ынталандыру (стимулирование)

Ынталандыру әдістері

Ынталандыру техникасы

Баланың жан дүниесін түсіне білу


Тәрбиеленушәлермен жекелей жұмыс

Тәрбиеленушәлердің психологиялық ерекшеліктерін білу

Тәрбиеленушәлердің қабілетін дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру

Балабақшадағы ойын әекеті

Ойын түрлері

Жас ерекшеліктеріне сәйкес ойындарды өткізу

Оқу процесінде ойынды тиімді пайдалану.




Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмасы және орындау кестесі




ОСӨЖ тақырыптары және мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Орындалу уақыты

1.

Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы

Барлық негізгі әдебиеттер

картотека

1,2-апта

2

Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі

Қосымша әдебиттер

жазбаша

3,4-апта

3

Педагогикалық техника тәрбиешінің - еңбек құралы

Барлық негізгі әдебиеттер

жазбаша

5,6-апта

4

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті


Қосымша әдебиттер

реферат

7-апта

5

Педагогикалық этикет.


Барлық негізгі әдебиеттер

жазбаша

8-апта

6

Тәрбиеші және бала

Барлық негізгі әдебиеттер

өздігінен зерттеу жұмыстары

9-апта

7

Тәрбиешінің жеке тұлғалық маңызды сапалары

Барлық негізгі әдебиеттер

жазбаша

10-апта

8

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

Барлық негізгі әдебиеттер

жазбаша

11-апта

9

Тәрбиеленушілермен жекелей жұмыс түрлері

Барлық негізгі әдебиеттер

Реферат

12,13-апта

10

Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі

Барлық негізгі әдебиеттер

жазбаша

14,15-апта



СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың жекелей және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.



Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмасы және орындау кестесі




СӨЖ тақырыптары және мазмұны

Дайында лу түрі

Көлемі орындалу шарты

Бақылау формасы

Өткізу уакыты

1.

Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы

Жазбаша

5-6 бет талдау

Жасау,


мазмұнын

толықтай


ашу

Конспект


Тексеру

Баяндама


Реферат жазу

1-апта

2

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің қызметінің құрылымы

2-апта

3

Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.

3-апта

4

Тәрбиешінің жеке тұлғасына қойылатын психо-педагогикалық талаптар.

4-апта

5

Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі

5-апта

6

Педагогикалық техника тәрбиешінің - еңбек құралы

6-апта

7

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті


7-апта

8

Педагогикалық қарым-қатынас стилі

8-апта

9

Педагогикалық этикет.


9-апта

10

Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы

10-апта

11

Отбасы және балабақша арасындағы байланыс

11-апта

12

Тәрбиеші және бала

12-апта

13

Тәрбиешінің жеке тұлғалық маңызды сапалары

13-апта

14

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

14-апта

15

Тәрбиеленушілермен жекелей жұмыс түрлері

15-апта

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Пәнді оқытуды аяқтау курс бойынша өткен барлық материалдарды толық қамтыған емтиханмен аяқталады. Студент емтиханға бағдарламада көрсетілген барлық талаптарды орындаған жағдайда ғана босатылады.

Пән бойынша қорытынды баға қою аралық бақылау жұмысының нәтижесінде жинаған баллмен есептеледі.

Оқу семестрі 15 аптадан тұрады. 8 апта бірінші аралық бақылау және 15 аптада қорытынды аралық бақылау болады. Бірінші аттестация 30 балл және екінші аттестация 30 баллды құрайды.

А1= 30 балл; А2=30 балл; А1+А2 =60 балл (60%)
Аттестациялық бағаның көрсеткіші (0-30 балл)

Аттестация

0-14

15-22

23-26

27-30

Баға

Қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлық

Жақсы

Өте жақсы

Емтиханға рұқсат рейтінгісі (мысалға)

А1 12 + А2 13= 25 (15 тен 29 ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді

А1 16 + А2 18= 34 (30 тен 60 ға дейінгі балл) емтиханға жіберіледі
Емтихан бағасының көрсеткіші (0-40 балл) Емтихан – 40 балл (40 %)

Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

Қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлық

Жақсы

Өте жақсы




    1. Емтихан 0-ден – 19ға дейінгі балл қанағаттанарлықсыз (академиялық борыш)

    2. Емтихан 20-ден – 40 қа дейінгі балл- емтьихан тапсырылды

Мысалға:

Қорытынды: А1 16+А2 18+22 (е.б.) = 56 (D+ ; 1,33; қанағаттанарлық)



Студенттің білім, іскерлік және дағдаларын бағалаудағы қорытынды баға көрсеткіші:

Әріптік жүйемен бағалау


Балдық сандық эквивалентті

Пайызға есептегенде

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4

95-100

Өте жақсы

А -

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ


0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет