Л I әдістемелік нұсқау



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#4915
түріСабақ
1   2

Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау

а) - Орманньщ табиғи жағдайларының жайы жайлы

түсініктерін пысықтау.

Орман ағаштары, орманның түрлері қандай?

Орман бүталары, шөптекті өсімдіктері.

Орман еліміздің қай бөлігін алып жатыр? (картадан көрсетеді)

Ормандағы тіршілік, оның алуан түрлі болу себебі? Орман жануарлары;

Тоғайдың орманнан ерекшелігі; тоғай өсімдіктері;

  • Жануарлары. Тоғайлар қандай жерлерде өседі?

Қайыңды, қарағайлы ормандардың бір - бірінен ерекшелігі

Өзіміз түратын жерде қандай орман бар?

ә) Орман жайлы сипаттама жазып келу тапсырылған 1 топ оқушылары - орманның көркемдігін әдеби тілмен сипаттайды: 2 топ - ғылыми тілмен сипаттама береді.

б) Орман тақырыбына салынған суретті сөйлетейік. Плакатқа қүстар, өсімдіктер, жануарлар суреттерін енгізейік.

  • Ендеше балалар, осындай тамаша табиғатты қорғауымыз керек екен.

  1. Жаңа сабақ.

ә) «Орманның пайдасы және оны қорғау»

Орманның адам өміріндегі маңызы;

Орман- тоғай табиғатын сақтап, қорғаудың қажеттігі. Еліміздегі орман - тоғайлардың өткен кезеңдегі және қазіргі кезеңдегі жайы;

Ормансыз тіршілік ете алмайтын қандай жануарларды білесің?

Қандай жануарлар ормансыз жерде де тіршілік ете алады деп ойлайсын?

Қазақстанда ұйымдастырылған кандай қорықтарды білеміз? (Алматы, Наурызым, Ақсу - Жабағылы, Марқакөл, Қорғалжың, Барсакелмес - 6 қорық бар). 1993ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік корықтарды дамыту» туралы қаулысы шыққан. 2005 жылға дейін Қазақстанда 5 жаңа қорық ашылуы тиіс. Соның бірі - өз облысымыздың оңтүстік- шығЫсында орналасқан Алакөл қорығы. Құстың 257 түрі оның 19 қызыл кітапқа енген. Сүтқоректілердің 20 түрі кездеседі. Сулары балыққа бай.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер - жабайы долана, жабайы алмүрт, арша, мейқарағай,т.б. Жануарлар: қара кірпі, көксуыр, қызыл қасқыр, сусар, сілеусін, барыс, арқар. Қүстар: қоқиқаз, дуадақ, тарғақ, бүркіт, лашынд.б.

Егер қорғамайтын болсак, олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. «Қызыл кітап»міне, осындай өсімдіктерді, жануарларды қорғауға шақырады.

ә) Орманға бара қалған жағдайда оны ластап, қоқыс қалдыруға болмайды. Отты арнайы орындарда ғана жағуға рүқсат етіледі. Кетерде отты әбден сөндіру керек. Орманды таза үстап, өрттен сақтауға сендер де атсалысыңдар.

Экологиялыц карточкалармен жүмыс

б) - Халқымыз обал, сауап үғымдарына ежелден ерекше мән берген. Ендеше табиғатты қорғау жайлы жинақтаған мақал - мәтелдерімізді айтайьщ.

Қандай тыйым, ырым сөздер білеміз?

-- Үйге кіріп кеткен жыланды қалай шығарған? - Төле би атамыз неліктен «Қарлығаш би аталған?»

в) Енді табигатты цоргауга арналган өлеңдерімізді

тьіңдап көрелік:

  1. оқушы: - Орман, орман! ¥лы Орманы халқымның

Сан өртеніп, сан көктедің толыстың Бақытты екен байтақ елім сенімен Оның талай тағдырына болыстың

(Ғ. Қайырбеков)

  1. оқушы: - Орман, орман күңіренген қаптаған

Орман, орман судырлаған соқпақ ән Орман, орман самғай - самғай сабылып ~ Сансыз қыран көлеңкеңе тоқтаған.

  1. оқушы: - О, қүдірет, неткен шалқар күй- ең сен,

Бүгін менің бар байлығым ием сен Осындайда ойланып қой, жігітім Жығылмайсың орманыңа сүйенсең.

(Т. Айбергенов)

  1. оқушы: - Табиғат, сен - тіршілік, түнып түрған,

Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан Сен -көлсің, сен ормансың, сен - бүлбүлсың Адамға сүлулықты шын үқтырған

(С. Хангелдин)

  1. оқушы: - Жерден асқан жоқ жомарт, тақсыр үлы,

Жақсылыққа - жүз есе жақсылығы Түйір дәнге береді түтас масақ Оралады орман боп бақ шыбығы

(Ж. Молдағалиев)

  1. оқушы: - Сырдың бізге сары қүмы алтындай, -

Орманын да сыйлаймыз ел қартындай Көл жағалап көкала үйрек атпаймыз Арал суы түрса дейміз тартылмай.

(Ә. Тәжібаев)

  1. оқушы: - Жүрегімді тербеген бір арман бар,

Аман болсын аңдар, қүстар, ормандар Ақыл - ойды жоюға емес, адамдар Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар

(Н. Исабеков)

  1. окушы: - Мен далаңның үлымын,

Келгем жоқ сені

кескелі

Келдім сәлемдескелі Қабыл ал, сен қария Келдім сені әз тұтып Бір талың бон өскелі Жасыл желек

орманым!

Жыр сәулеті

жайқалған,

Ел дәулеті қорғаным (Ж.

Өмірбеков)

  1. оқушы: - Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке

әрқашан бас иемін

Атаңнан .мал

қалғанша тал қалсын деп,

Халық айтқан

орынды өсиетін.

(Р.Сәтімбеков)

  1. - оқушы: - О, достарым қүста қандай айып бар

Келген қүсқа

қүшағыңды жайып қал

Әлем теңіз,

өмір толқын, жыл қүсы

Желкендерін

жел көтерген кайықтар.

(М. Айтқожина)

  1. окушы: - Жерде тудың. Сонау көп заманнан Адам деген сол жер үшін жаралған Жазда қыста, бар уақытта мәпелеп Сеп үрықты. Жер өзіңнен нәр алған!


п.і Жерде тудың! Ие болып сенімге міндеттісің тегінде орман, суын, ауасын Қалсын сенің ізіңде.

Қорғауға оны Қорға бәрін,

Сеп ұрықты! (М. Дудин)


13- оқушы: - Орман- кімнің орманы Кімдер оның қорғаны?!

  • Орман- Адам орманы

  • Бізбіз оның қорғаны!

14- оқушы: - Жақсы аң- қүс толғаны Жақсы таза болғаны Ағаш егіп, гүл егіп Қамқор болып жүрелік

Хормен: Сақтау барды ондағы Іс емес пе қолдағы!

Ән: «Табиғат байлық».

  • Өте жақсы, балалар! Енді ойын ойнап жіберелік «Егер де мен Президент бол сам...» (экологияға септігін тигізер едім...)

  1. Қорытынды, үйге тапсырма беру. 97 - 99 беттер. Өзіңе үнаған орман жануарларының суретін салу.

Тыйым сөздер

  1. Шалғынды бейсуат баспайды, обал болады.

  2. Көкті жүлса, «көктей соласын» деп жамандыққа жориды.

  3. Қүстардың үясын бүзуға болмайды!

Қарғаса үй ішіне кесапаты тиеді.

  1. Жолбарыс, аюды көп ауламайды,оларды аң иесі деп ойлайды

  2. Өсіп түрған ағашқа балта тигізуге болмайды

  3. Қүмырсқаның илеуін бүзсаң, кесірі тиеді.

  4. Қарлығаш - адамға дос, сондықтан үясын бүзбайды.

  5. Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді Басына ақ қүйып шығарады.

Мацал - мәтелдер

  1. Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап бала өсер

  1. Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз кірпіш қорған болмас

  1. Жалғыз жігіт би болмас,

Жалғыз ағаш үй болмас.

  1. Ел көркі - мал,

Өзен көркі - тал

  1. Отансыз адам - ормансыз бұлбүл

  2. Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

  1. Сулы жер -нулы жер,

Бүлақты жер - түрақты жер

X. Қоянды қамыс өлтіреді,

Врді намыс өлтіреді.

  1. «Жақсы ата - орман,

Жақсы бала - сол орманға қорған».

Ана тілі (сыныптан тыс сабак)

Сабақтың тақырыбы: Сөз маржанын терейік.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың игерген білімдері мен дағдыларын бақылау мен қайталауға арналған репродуктивтік және шығармашылык тапсырмаларды орындауларын қадағалау.

ә) Дамьітушылық: Тілге деген ықылас-ынтасын ояту. Ойлау, сөз қолдану шеберліктерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шығармашылықгіен жүмыс істеуіне ықпал ету.

б) Тәрбиелік мәні: Білімге деген қүштарлықтарын үштау, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін таныта отырып экологиялық тәрбиемен үштастыру.

Сабақтың түрі: тренинг- сабақ (сайыс түрінде өтеді).

Сабақтың әдісі: баяндау, сүрақ-жауап, фронтальды

сүрақ

қою, проблемалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: қазақ, орыс, ағылшын тілдері,

дүниетану.

Көриекі кұралдар: үлестірмелі қима қағаздар,

тренинг

ережелері жазылған плакат, топ аттары, үпайлар белгілейтін көрсеткіш, экологиялық карточкалар, алғыс

алқалары.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу, топтарға бөлу.

  1. Жаңа сабақ.

  • Бүгінгі сабагымыз сыныптан тыс тренинг түрінде отеді. Тренинг-сабақтың негізгі мақсаты сендерді үйымшылдыкка, топтасып жүмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашык айтуға дағдыландыру.

Біздің білімге деген қадамымыз тіл арқылы жүзеге асады. Ата-бабаларымыз «Өнер алды- қызыл тіл» деген қанатты сөзді үран етіп үстаған Х-ХІ ғасырда Түркістан өңірінде өмір сүрген халқымыздың ойшыл ақыны Жүсіп Баласағүн былай дейді:

Ақыл, білім тілмашы - тіл, бүл кепіл,

Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл!

  • Ендеше, бүгінгі «Сөз маржанын терейік» атты сабағымызда сөз өнері жайлы, тіліміздегі бейнелі, көркем сөздер жайлы, мақал-мәтелдер, жүмбақ-жаңылтпаштар жайлы тапсырмалар орындап, осы уақытқа дейінгі алған білімімізге пысықтау жасаймыз.

  • Қазір қай мезгіл? Көктемде табиғатта қандай өзгеріс болады? Ендеше, орындалатын тапсырмаларымыз осы жандана, түрлене бастаған табиғатты қорғау тақырыбында болады.

Сабагымызды бастамай түрып топтарға бөлінейік:

Білімділер.

Талаптылар.

Ынталылар.

Жігерлілер.

Өнерлілер.

  • Осылайша сыныпты 5 топқа бөле отырып, ережесін құру (сабағымыз кызықты жүру үшін оқушылар көмегімен ереже қүрастыру).

  1. Тыныштық сақтау.

  2. Бір-бірін тындау.

  3. Қол соғу.

  4. Ойын ашық айту тТб.

Әрбір дүрыс жауап 5 үпаймен бағаланады.

  • Енді эр топ өздерінің:

  1. топ басшысын;

  2. уақыт есептеушісін;

  3. жазып отырушысын;

  4. көпшілікке таныстырушысын сайлау керек.

  • Әр топтың топ басшысы өз мүшелерін сабақ бойы бақылап, соңында еңбегіне орай бағалайсыңдар.

  1. бөлім. «Атадан қалған асыл сөз»

Эр топ жетекшілері келіп тапсырмалар салынған қалталарды алады. Ойлануға 2 минут.

Тапсырмалар:

1.



«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден қүт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз...» деген жолдар кімнің сөздері екенін еске түсіріп, жатқа айт.

«Бақ дегеніміз не? Байлық дегеніміз не? Бала дегеніміз не?» деген сұрақтарға Төле бидің қалай жауап бергенін есіңе түсір.

3.

Төмендегі өлең жолдары кімнің сөздері екенін есіңе гүсір және мәнерлеп оқы.

Ашу бар жерде ақыл гщрмайды Аіиу деген - агын су Алдын ашсаң аркырар Акыл деген - дария Алдын тоссаң /поқырар.

4.

«Су атасы - бүлақ, сөз атасы - қүлақ, жол атасы - түяқ» деген жолдар кімнің сөзі, мағынасын түсіндір.

5.

Мына өлең жолдары кімдікі екенін анықта, мәнерлеп

оқы.

Кеткенім жоқ, елім сенен атақ, бақыт, тоқ іздеп

Шъщтым, журтым, шалгай гылым атты шам іздеп

Ацтадым мен ақ сүтіңді келгенімше шамамның

Ассамдагы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын..

  1. бөлім. « Білгенге маржан, білмегенге арзан»

1.

Мәнерлеп оқы, өлең жолдарына сүйене отырып «Отан деген не?» сүрагына жауап беріп көр.

Отан - мынау өз уйің, кара, жаным.

Ойнаган дала, багың

Атаң шыщын бул үйден, әкең шыццан,

Өскен мунда баягы бабаларың.

Жасыл орман тыцдаган булбүл әнін,

Асқар may, мың булагың

Отанесік алдында бірге ойнаган

Өзіцнің қурбыларыіі.

(Ф. Оңғарсынова)

2.

Өлең шумағын жатка айт, көркем сөздерді теріп жаз. Жасыл эісайлау, жайсаң бел,

Жері жаннат Шыгыстыц.

Толкып жатыр Зайсан көл,

Айдынында куміс куи.

(Ү. Есдәулетов)

3.

Өлең шумағын жатқа айт, ақын қолданып отырған көркем сөздерді теріп жаз.

Біздің ауыл көктемде Көл жагалай цонады.

Айдын іиалкар көк көлге Ащу-каздар толады.

(С. Жиенбаев)

4.

Өлеңді жаттап ал, теңеу сөздерді ата.

Бидай, тарым маржандай,

Суым бейне нарзандай Жылцыларым қуландай Қульшдарым цүнандай.

Өлеңді жаттап ал. Адамға тән қимылды білдіріп гұрған сөздерді теріп айт. Олар қалай аталады?

Қайгылы қайың!

Аяныш жайың.

Сыбырлайсыц,

Дірілдейсің,

Еңкейесің,

Кубірлейсің Ызгарлы жел Соццан сайын.

(М. Жұмабаев)

  1. бөлім. «Халық айтса, қалт айтпайды»

1. Мақал дегеніміз не? Табиғат тақырыбына 1 мақал

айт.

2. Мәтеді қалай түсінесің? 1 мәтел айт.

3. Нақыл сөзді қалай түсінесің?

4. Жүмбақты қалай түсінесің? Табиғат тақырыбына 1 жүмбақ айт.

5. Жаңылтпашты қалай түсінесің? Жаңылтпаш айту.

  1. бөлім. «Ойлан, тап!»

  2. топқа жеке-жеке жүмбақ жасырамын. Шешуін 3 гілде, яғни қазақша, орысша, ағылшынша айту керек. Ойлануға 10 секунд.

1.

Бір үйге көзсіз боп басыңды сүғасың, бүл үйден көреген болып шығасың.

(мектеп, школа, school [скуул]).

2.

Тындырып адам жүмысын,

Тазартып үйдің жуды ішін.

Кейде дауыл соғады,

Кейде ішіне сорады.

(шаңсоргыш, пылесос, vacuum cleaner [вакуум

клинэ])

3.

Ымырт түссе шығамын,

Таң атқанда батамын.

Көк теңізде шашылып,

Көзімді ілмей жатамын.

(жүлдыздар, звезды, stars [стаз])

4.

Ішегіне мұз қатқан,

Өзін-өзі мұздатқан.

(тоцазытцыш, холодильник, fridge [фридж])

5.

Жылыны суытпайды,

Суықты жылытпайды.

(термос, termos [темос])

  1. бөлім. «Шеберлікті шыңдайық»

Экологиялық карточкалар бойынша шағын әңгіме құрастыру.

1. Құстың ұясын бұзуға болмайды!

2. Ағашты (өсіп тұрған) тіліп жазу жазба!

3. Гүлдерді, шөптерді орынсыз басып, бүлдірме!

4. Орманда от жақпа!

5. Өзен суын ластама!

  1. бөлім. «Жарыспа, жарысқан сон қалыспа!»

(ойындар ойнау)

«Сөз ойыны».

Жекелеме сөздердегі әріптерді пайдаланып, баска мағынадағы сөздер құрастыру.

1. Балмұздақ.

2. Тоқылдақ.

3. Оспақшыл.

4. Жүзтаныс.

5. Дастарқан.

«Ұйқасын тап!».

Өлең соңындағы үйқас сөздерді табу.

1.



Қайсы күні қандай сабақ?

Қалай менің үлгерімім?

Еш жаңылып қалмай, санап Жүреді ылги ....

(күнделігім)

2.

Ой маржанын тере білген,

Әр жазушы, әр ақынның Әр сөзіңді емемін мен,

Ана сүті

(ана тілім)

3.

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Алдымнан шам жағып берген Айналайын ....

(әліппемнен)

4.

Тіл - ырысың, өрісің де Тіл көктегі ғажап күнің Ғажап күнсің

Мен үшін де,

Бабам тілі - ... .

(казак тілім)

5.

Мекендеген портфелімді

Беттері аппақ, ақ көңілді.

Қызаратын қатем үшін

Кірлетпеймін ....

(дәптерімді)

  1. Сабақты бекіту, қорыту.

  • Тренинг сабақ үнай ма?

Сабақтың барысында қойылған мақсатымызға жеттік пе? т.б.

  1. Бағалау. Әр оқушыны еңбегіне орай багалау, топтың жүмысын қорытындылап мадақтау. Ton басшылары өз тобының мүшелеріне қойған бағаларын жазбаша түрде хабарлайды. Осылайша 45 минут оқушылар түгелдей бағаланады. Көзге ерекше түскен оқушыларды алғыс алқасымен мадақтау.

  2. Үйге тапсырма. Ана тілі оқулығында «Сыныптан тыс оқу» айдарымен берілген «Келіңдер, санамақ ойнайық!» мәтінін оқып, үнаса жаттап келу.

Математика

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша көбейту

және бөлу

Сабақтың мақсаты: 1. Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру; баған түрінде көбейту менбұрыштап бөлу жағдайларын меңгерту.

  1. Жазбаша есептеу тәсілдерін кең көлемде талдап, оқушылардьщ негізгі мәселеге сәйкес білімдерін бекіту; өздігінен жүмыс_істеудің дағдыларын дамыту.

  2. Экологиялық тәрбие негізінде оқушылардың сабаққа

қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшандылыққа, дәлдікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта іске асатын істер: оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар ( тест ), ауызша, жазбаша есептёу, математикальщ диктант, логикалык есеп.

Сабақтың көрнекілігі: кесте ( таблица ), кеспе сандар,

мысалдар жазылған плакат, тест жүмыстары, «Қызыл кітап»

беті, күстар суреті, бағалау беттері.

Сабақтың барысы:.



  1. ¥йымдастыру кезеңі.

Балалар, қазір математика сабағы. Сабаққа дайынбыз ба?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді? - Қалай орындағандарынды меп тексеріп шыгамын.

Балалар, бүгінгі сабагымызды “Табигатты қорғау” тақырыбына арнаймыз. Осы сынып оқушыларынан “Табиғат қамқоршылары” тобын қүрайық. Ол үшін менің қолымда тест тапсырмалары тұр, дұрыс орындасаңдар тобымызға қабылдаймыз.

Балалар, бәріміз дұрыс орындауға тырыстык, енді дүниетану пәнінен өткен “Қызыл кітап” жайлы үғымдарымызды еске түсіре кетейік. - Неге “Қызыл кітап” деп аталады? - Оған кандай табиғат беліктері кіреді? Қазір біз ШҚО, Семей өңірінде сиреп бара жатқан жыл қүстарын “Қызыл кітапқа” енгіземіз. Ол үшін қүстар тапсырмасын орындаймыз, дұрыс орындасақ, қүстардың сақталып қалуына септігімізді тигіземіз. ( Кітап беті үлгісіне жасалып әкелінген плакатқа әр есеп шыққан сайын құстар суретін қыстырып отыру ).

а) - Мынау қандай қүс? - Дүниетану сабағында танысқанбыз.

  1. Бүйра біркезен. Желкесінде бір шоқым бүйра айдары болады.

Ол немен қоректенуші еді? - Балықпен. Алқымындағы қапшыққа

4 кг балык сияды. Терісі, майы бағалы болғандықтан аңшылар аяусыз көп аулаған. Қазір Зайсан көлінде сирек кездеседі. №1 жаттығуды кесте бойынша түсіндірсек, аяқталып қалуына септігімізді тигізгеніміз. 64-48, 3072:64 мысалдарының жазбаша орындалу тәсілін 2 оқушы түсіндіреді. ә) Сүңқылдақ аққу. (Алакөл, Зайсан көлінде кездеседі. Сүңқылдақ аққу өсімдік, жәндіктермен қоректенеді). Оның тапсырмасы 163-бет.

2 жаттығу (4 оқушы тақтада орындайды)

б) Қутүмсық қаз. - Мынау қандай қүс? Ол Зайсан ойпатындаЕртіс бойында сирек кездеседі. Қутүмсық қаз тапсырмасы №3 жаттығу. Қалдықпен бөлуді орындаймыз.

Балалар, тапсырманы жақсы орындап, қутүмсық қазды «Қызыл кітапқа» кіргіздік.

н) Балықшы тұйғын тапсырмасы. Жайық, Ертіс өзендерінде кездеседі. Имек тұмсығы, өткір тырнағымен балык аулап жейді. Тапсырмасы кітаппен жұмыс, №4 жаттығу.

Есепте не туралы айтылды?

Есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?

Ол үшін не істейміз?

Арпа үны - 430 ц-ден 10 вагон ? ? артық Ьидай ұны - 500 ц-ден 7 вагон ,г

г) Дуадақ тапсырмасы 8-жаттығуды теңдеу құру арқылы шешуді сұрайды.

Х+5+3 = 12

  1. см \ 5 см

3 см

д) Бүркіт тапсырмасы. - Мынау қандай күс? Оны не үшін үстайды? Аң аулау үшін көптеп үстайды, азайтып жіберген. Біздің өлкемізде Тарбағатай, Қалба тауларында кездеседі. Оның тапсырмасы - математикалық диктант.

9000-ды 18-есе кемітіп, шыққан нәтижені 4 есе арттық; 86 мен 82-нің көбейтіндісін 1025-ке кеміт;

3025 және 30 сандарының қосындысын 7 есе кеміт;

1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт. Балалар, қүстар тапсырмасын жақсы орындап, өз олкеміздің сиреп бара жатқан қүстарын «Қызыл кітапқа» енгіздік. Бүгінгі сабағымызда қүрған «Табигат қамқоршылары» тобы өз жүмысын жалғастыра берсін. Қүстарға жемсауыт жасап, азықтандыруға тырысайық, айналаны ластамауға тырысайық.

  1. Бекіту, оқушылар білімін бағалау, қорытындьшау.

9 (ауызша тез есептеп үйренейік)

Табиғат қамқоршылары болу үшін терең білім, үлкен талап қажет.

Мүзафар атамыз айтқандай:

Туған жерді сүю парыз Сүю үшін - білу парыз Қасиетін үғу парыз

Күзетінде түру парыз, -деп айтқанындай туған жер табиғатының күзетшілері бола берейік. Бүгінгі сабағымызда жақсы көзге түскен «табиғат күзетшілерін» бағалау беттерімен бағалаймыз.

  1. Үйге тапсырма беру. № 5,6 (164 бет)

Сыныптан тыс сабақтарда экологияльщ білім беруге мүмкіндік мол. Осы мақсатта «Табиғатты қорғайық», «Ол - сүлулық, ол - байлық» тақырыбымен ертеңгілік өткіздік.

Сынып бөлмесі мерекеге сай безендіріліп, ұстаздар, ата-аналар шақырылды.

«Табиғатқа аялы көзқарас», «Табиғат - алтын бесік», «Біз - табиғат қорғаны», т.б. қанатты сөздер ілінді. Экология тақырыбына арналған сурет кормесі койылды. Сынып оқушылары көмегімен жасалған оз өлкеміздің «Қызыл кітабы» жәие «Экология әліппесі» (кітап түрінде жасалған макеттер) қойылды. Оқушылар аң, күс, өсімдіктер костюмдерін даярлаи киінді. Семей экологтарының эмблемасы түмарша түрінде жасалынды.

Балалар, Мүзафар Әлімбаев атамыз:

  • Туган жерді сүю парыз Сүю үшін - білу парыз Қасиетін үғу парыз Күзетінде түру парыз, -деп ■ ійтқаидай кең байтақ еліміз жайлы, еліміздің табиғаты, аң- қүстары жайлы терең білуіміз керек.

  • Еидеше табиғат жайлы білімдеріңді байқап көрелік.

  1. оқушы: Сүлу дала! Меиің сүйген еркемсің Жаны жайсаң жаратылғаи өлкемсің Қаидай жақсы казак болып туғаным

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

  1. оқушы: Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан

Аскар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне сол анам еді мені тапқан.

(С.Сейфуллин)

  1. оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?

Табиғатсыз коғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз, табиғаттың өзін де өлі деңіз.

(Т.Әбдірахманова)

  1. оқушы: Табиғаттың бауырысың, досысың

Аянбау да керек шығар дос үшін Екеуіңнің араңдағы байланыс Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.

(Қ.Асанов)

  • Енді кең байтақ еліміздің табиғатынан сыр шертіп көріңдер.

  1. оқушы: Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына Арайлы атамекен туған жерім Мен үшін артық сенің әр тасың да.

  1. оқушы: Ажарлы туған өлке атырабым

Жайқалқан жасыл әлем жапырағын Тіршілік атаулыға куат берген,

Ол сенің қасиетті топырағың.

  1. оқушы: Қойнау қазыналы асыл кендер,

Бауыры малға толы жасыл белдер Табиғат аямаған бар байлығын Коз тартар көркіменен айдын көлдер.

  1. оқушы: Төсінде аң-күстары еткен мекен,

Табиғаттың ғажабы осында екен Тауында аю, арқар, бүғы, барыс Жайлаған кең даламды елік, бөкен.

  1. оқушы: Әйнеғі - күн, шатыры - аспан,

Кен, дала ... Төсі шалқыған егін Көлдері көкке күмістер шашқан Қазақстан - республикам менің.

(Д.Әбілев)

Ән: «Менің Қазакстаным» (хормен орындалды)

  1. оқушы: Табиғат, әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып түрғандай бар тынысын.

  1. оқушы:

Қазына - қара жерде», - дейді халык Күн көрген осы жерден ырзық алып,

Жер анадан үзіліп кете алмаған Кемеңгер небір дана, небір алып.

  1. оқушы: Кен айтады ел мен жүттың өлшемін

Кенде жатыр күш-куат пен мол сенім.

Кенің бар ма? Жоқ болса егер, жарлысың Кенің болса, келешегің зор сенің!

  1. оқушы: Орман, орман күңіренген, қаптаған

Орман, орман судырлаған соқпақ ән.

Орман.- орман самғай-самғай сабылып Сансыз қыран көлеңкеңе тоқтаған.

  1. оқушы: О, қүдірет, неткен шалқар күйең сен,

Бүгін менің бар байлығым ием сен. Осындайда ойланып қой, жігітім, Жығылмайсың орманыңа сүйенсең.

  • Өте жақсы, балалар! Енді сендердің табиғатты қорғау жайлы білімдеріңді байқап көрелік.

  1. оқушы: Кеме жасап, теңізде

Балык аулап ойнаймыз.

Кенші болып, кен іздеп Тауды барлап ойнаймыз.

Архитектор, кұрылысшы Малшы болып ойнаймыз.

Теміржолшы, жұмысшы Әнші болып ойнаймыз Қиялменен келешек Асуларға самғаймыз.

Хормен: Кең әлемді шарлаймыз

Табиғатты қорғаймыз.

1,6 оқушы: Терек бүгін корғайды Тікен гүлін қорғайды Ара балын қорғайды Киік лағын қорғайды Егінші жерін қорғайды Ер жігіт жерін қорғайды.

(Ө.Түманжанов)

  1. оқушы: Аламыз табиғаттан аласыны

Ойламай келешекте жарасымын Ағашты, суды қорғау қиындық па,

Үрпақ үшін әлі де таласы мың.

  1. оқушы: Қүртамыз табиғаттың аңын, қүсын

О, адам, ең әуелі соны түсін!

Жан дүниең тап-таза болу үшін Өсу керек табиғат =- сүлу мүсін.

(1 оқушы жергілікті ақын К.Кокебаеваның “Аялайық гүлдерді” өлеңін оқып берді.)

Аялайық гүлдерді”


Табиғатты өзіндей Ерке нәзік сезімдей Үлбіреген гүл - ару Күзетейік көз ілмей

Қолға ұстап шығамыз Сол гүлдерден сүлулық Тазалықты үғамыз.

Нәзік гүлдер - әніміз Жайнап өссін - бауымыз Еңсесі биіктеп барады,

Кілемдейін қүлпырып Жүздерінен нүр түнып

Өсе берсін, гүл - қыздар Болашаққа үмтылып.


Гүлдерге оранған тауымыз.

Гүлдер деген жыр-аңыз _

  1. Бастаушы: - Балалар, маңайымызға қарауды үмытыппыз, арамызда қонақтар бар сияқты ғой.

  2. Бастаушы: - Иә, мерекемізге өлкемізде өсетін өсімдіктер, “Қызыл кітапқа” енген қүстар келген. Енді соларға сөз берейік.

Жолжелкен: - Мен жол жиегінде өсемін. Сондықтан Жолжелкен деп атаған. Емдік мақсатқа жапырағымды, дәнімді, тамырымды қолданады. Асқазан, іш ауруларына, жараға, жәндіктер шаққанда жас жапырағымды қолданады.

Долана: - Өзен жағаларында, орманда өсемін. Жемісім тамыз айында піседі. Жемісім мен гүлімді жүрек ауруларын емдеуде қолданады. Отан соғысы кезінде дәрі-дәрмектер жетіспей жатканда мені кеңінен қолданған. Қарынды аштырмаймын, төзімділікті күшейтемін.

Итмууын: - Мен далада, өзен жағасында, тау ормандарында өсемін. Тікен басқан сабақтарым бар, жемісім қызыл. Тамыз-қыркүйек айларьінда пісемін. Менде адамға өте кажет саналатын С дәрумені бар. Бауыр ауруын емдеймін.

Меңдуана: - Күй таңдамай өсе беремін. Мамыр, тамыз айларында гүлдеймін. Тісің ауырса емдеймін.

Балалар, мен өте улымын. Мені тергенде, қолданғанда сақ болыңдар!

Еумен: - Осы облыстың тау беткейлерінде өсемін. Мені арам шөп дейді. Биіктігім 1 метрге дейін жетеді. Сабағым қырлы-қырлы, гүлім шоқталып өседі. Адамның табаққа тәбетін шаптырып, тері ауруларын емдеймін.

  1. Бастаушы: - Енді қанатты достарымызға сөз берсек.

Қарлығаш: - Мен, досыңмын - Қарлығаш Есігіңді аш, ауланы аш Досың бола аламын „ Сендей жақсы баланың.

Тоқылдақ: - Дәрігермін орманға

Қүрт, шіркей көп ол маңда Тоқылдатам, жатпаймын Тоғайларды баптаймын.

( Бүдан соң Шығыс Қазақстан, Семей өңірлерінің қатары сиреп, “Қызыл кітапқа” енген қүстары сөз алды. )

Донестумсык турпан: Алтай тауында, Күршім өзенінің бойында сирек кездесемін. Түмсығымның үстіңгі жағында сәл көтеріңкі өсіндім бар, танау тесіктерім дөңгелек. Су насекомдарымен қоректенемін. Етім тәтті болғандықтан көп ауланып, мүлдем азайып барамын.

Аккуйрык то так: Қазақстанның бірқатар облыстарында, соның ішінде Семей өңірінде кездесемін. Аяқтарым ұзын, айдарымның жоқтығы болмаса, қызғышқа өте ұқсаспын. Шөл және шөлейт аймақтың жыл құсымын. Насекомдармен қоректенемін. Қазакстанда ұя жасап, балапан өргізген соң жылы жаққа ұшып кетемін.

Балыкшы туйгын: - Ертіс өзенінің бойын мекендеймін. Тұмсығым имек, тырнақтарым өткір. Суда жүзген балықтарды биіктен шүйліге ұстаймын. Кейде саршұнақ, тышқандармен қоректенемін. Қазір мүлде азайып барамын.

Кара дегелек: - Түмсьщты, сирақты қүспын. Сирақтарым қызыл, бауырым мен төсім ақ, қалған денем қап-қара. Орман қүсымын. Ұямды ағаш басына, адам бара алмайтын жартастарға саламын. Тарбағатай, Маркакөл, Күршім өзендері маңындағы ормандарда кездесемін.

Буркіт: - Батыл да, үшқыр, түмсығым өткір ірі денелі, жыртқыш қүспын. Республикамыздың таулы аймақтарына үя саламын. Алтай, Тарбағатай тауларында кездесемін. Мен жайлы білмейтін қазақ жоқ шығар. Аң аулауға көп пайдаланғандықтан азайып барамын.

  1. Бастаушы: - Енді осы қонақтарға арнап “Аққулар” биін үсынамыз. (Н.Тілендиевтің “Аққу” күйімен биленді.)

I Бастаушы: “Гүл мен Оспадар” (скетч-ертегісін) тамашалап көрелік. (Оқушылар өз рөлдеріне сай костюммен шықты.)

Автор: Ерте-ерте ертеде, Ағаш біткен орманда

Одан да бәлкім ерте ме ?! Гүлге басын иіпті Бір Гүл өмір сүріпті Алтын Күн де аспанда

Бүрала басып қадамы, Қөздің жауын алады. Сүлулыққа ұйытып Бәрінің тілін табады.

Г үл: Орман - тоғай - Өсіп келем сиялап Ақ қайындар - ағалар Өсірді ғой аялап.

Әйтседағы өмірде Кездеседі Оспалар Сүлулықты өштірер Көрмесін деп басқалар. саябақ. Нәр береді Жер-ана

Қуат кұйып санаңа. Жұпар сыйлап өсемін Мен айнала ауаға.


Тал теректер мәуелі Дауысы бар әдемі Бесік жыры сияқты Уілдеген әуені.

Сұлулықты сүйіңдер Жақсыға бас иіңдер Жүпар ауа, хош иіс Жан рахаты - біліңдер.


Автор: Бүл дауысты алыстан

Естіп қалып Оспадар Асығыс жетті ақырып Кім бар одан жасқанар.

Оспадар: Ей, Гүл, түрма ырғалып Сүлульщты сүймеймін,

Негып түрсың нүрланып Сендерге бас имеймін.

Қүрту үшін мен сені, Бүғып жатсаң мәңгілік

Келдім Күннен үрланып. Сонда ғана тимеймін.

Болмасаң жүлып алам да,

Таптап өтем табанға Оспадар атым жайылсын Мынау байтақ ғаламға.

Автор: Қорқады Гүл дірілдеп,

(Тікен торда бүрілмек)

Әйтсе де ол сездірмей Тіл қатады күлімдеп.

Гүл: Сен Оспадар - баласың, Ұнамайды сенің бүл,

Әрине жүлып аласың Оспадарлық істерің

Ойланшы өзің осыдан Мына қылық-түріңмен

Қандай пайда табасың.

Жүлып алсаң сен мсні. Баскасы тағы өседі.

Табиғат деген і ажам кой. Қызығы көп деседі.

Сен Оспадар жолама. Маңайымнан кетдеймін. Жер мен Күнім түрганда Өніп. өсіп, көктеймін.

Оспадар: дұрыс екен бэрі де Жаңа ғана түсіндім. Мойындаймын алдында Қателігін ісімнің.

Автор: Деп үстады бұрымды,

Жапырағы жұлынды. Осылайша Оспадар Бұзықтыкқа ұрынды.

Оспадарды желкеден Бүріп тұрады Тамылжып бар табиғат Сөзге мойын бұрады.

Күн: Еркімнен жібермей, Бұзықтарды ұстаймыз. Түсінсе егер жөн сөзді Орынсыз біз де қыспаймыз.

Жүгенсізге ауыздық

Сany керек, эрине Габигагтың қызыгын Сыйлау керек эр үйге!

Габигатты коргайық,

Ол - сүлулык, ол - байлык Байкаусызда адамдар Акылсызга таптатып. Көпке киянат істедің.

Нәрін беріп Жер-ана Жылу берген Күн гана Тоқтамасын тіршілік Гүра берем ыргала.

Кешір мені Гүл бикеш Жер бетіне нұр бикеш Апарайын үйіңе Менімен жүр бикеш.

Жапырақ жерде қалады Гүл шырылдап барады. Осы кезде дөңгелеп Күн де келіп қалады.

Күн тіршілік көзіндей Табиғаттың өзіндей Ау, Оспадар, саған бұл Қалайша жүр сезілмей.

Бұл ісіме сендагы Рахмет дегейсің Оспадарлар жойылып Ақылдылар көбейсін.

Бэрі: Жогалтып оны алмайық!

Ән: «Табигат - байлык»

  1. оқушы:

Орман - кімнің орманы Кімдер оның корғаны?!

Орман - Адам орманы.

Бізбіз оның корғаны!

  1. оқушы: Жаксы аң - кус толганы Жақсы таза болтаны

Ағаш егіп, гүл егіп Қамқор болып жүрелік.

Хормен: Сактау барды ондагы Іс емес пе қолдағы!

  1. оқушы: Жердетудың.

Ие болып сенімге

Қорғауга оны міндеттісің тегінде Қорға бэрін орман, суын, ауасын Сеп, ұрықты! Қалсын сенің ізің де.

Бэріхормен: Табиғаттың панасымыз Түйіп айтар сөзіміз Табигаттың панасы - Біздің мына өзіміз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі сөйленді, сурет көрмесіне шолу жасалынып, ертеңгілікке катысушыларға тұмарша түрінде жасалынған экологтар эмблемасы таратылды. Осындай түрде жүргізілген жұмыстар оқушылар таным-түсініктерін молайтып, табиғат камқоршылары катарын көбейте түсері сөзсіз.

Курмашева А.А. Семей қаласы, №3 орта мектеп-кешенінің бастауыш мүгалімі.

Көгілдір планета біздің жеріміздің экологиялык апаттың алдында гүрганы ешкімге купия емес. Шынында да ана сүті сәбиінін бойына у бо.пын гараса, каншалықты катер екені түсінікті гой.

Бүгінде біз дэм гатып отырган азық-түлік онімдері озінің нағыз табиғи сапасында емес. 'Гіпті ен таза деген жаңбыр суы да бұзылған. Айналага көз жіберсек. дала қурап, өзендер тартылып. құстар эні сирек. шөптер мен гүлдердің жұпар иісі аңкымайды.

Мұғалімнің міндеті оз шэкіртін табиғаттың сұлулығына тамеандырып, еліктіріп, окушының бойына соны пайдалана бер деген тоғышарлык сезімді калыптастыру емес. Кейбір адамдар эрекеті табиғатты тоздыруга себепші болатын, эрбір өлкеніц өзіндік экологиялык проблемасы барлығын. табиғат касіретін қалпына келтіріп, емдеуші жас ұландар өздері болатындығын үнемі сезіндіре отырып, тәрбиелеу қажет. Табиғат-Анаға аялы алакан, жүрек жылуын арнау эрбір саналы адамның парасатты парызы жэне адамгершілік ары екенін ұрпак санасына сіңіру эрқайеысымыздың міндетіміз.

Пайдаланылған әдебие і і ер:

1 - Ьайболатова Б. Білім тексеру түрлері Бастауыш мектеп, 2003, №3

  1. Дмитриев Ю. О природе для больших и маленьких. Москва: Педагогика, 1982 г.

  2. Егоносова А. Экологиялык тэрбие ко л. Ьастауыш мектеп, 1999, №3

  3. Майгаранова Ш. Окушыларды күндылык - бағдарлы тэрбие аркылы дамыту. Бастауыш мектеп, 2003, №2

  4. Лайыкова JI. Экология және біз. Бастауыш мектеп, 1991, №6

  5. Тарабарина Т.Н., Соколова Е.И. И учеба, и игра: природоведение. Ярославль: Академия развития, 1998 г.

  6. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. Алматы: Мектеп, 1972 ж.

  7. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп, 1976 ж.

  8. Цветкова И.В. Экология для начальной школы. Ярославль: Академия развития, 1997 г.

  9. Я познаю мир: Детская энциклопедия. Москва: ТКО ACT, 1995 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет