Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» мм


сынып оқушыларына арналған логикалық тапсырмалар



бет5/60
Дата26.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#129846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de

1 сынып оқушыларына арналған логикалық тапсырмалар.

  1. Үстелде 2 ыдыс тұр. Оның біреуінде 8 алма бар. Ал екіншісі бос. Бір ыдысты алып кеткенде үстелде қанша алма қалды?

  2. Бір үйдің 6 баласы бар. Олардың әрқайсысының бір – бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?

  3. Дастарқан басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Олардың әрқайсысы неше алма жеді?

  4. Ақ, жасыл және қызыл сызғыштар бар. Ақ сызғыш жасылдан ұзын, ал жасыл сызғыш қызылдан ұзын. Ең ұзын және ең қысқа сызғыштардың түстерін айт.

  5. Мұқтар үйдің 6 – шы, ал Дастан 9 – қабатында тұрады. Тоқтар мен Ләйлә Мұқтардан жоғары, Дастаннан төмен тұрады. Тоқтар Ләйләдан жоғары тұрады. Тоқтар мен Ләйлә нешінші қабатта тұрады?

  6. Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Ең кіші доптың түсі қандай?

  7. Үстел үстінде түстері қызыл және жасыл барлығы 3 текше тұр. Олардың ішінде түстері бірдей 2 текше бар ма? Қызыл түсті 3 текше болуы мүмкін бе?

  8. Балықшы шабақ, шортан және сазан аулады. Шортанды шабақтан бұрын, ал шабақты сазаннан бұрын ұстады. Ең алдымен қандай балық ұстады? Ең соңында ше? Шортанды бұрын ұстады ма, әлде сазанды бұрын ұстады ма?

  9. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?

  10. Автобусқа қызыл, жасыл, көк көйлек киген 3 қыз отырды. Айжанның көйлегі көк түсті емес, ал Маржанның көйлегі қызыл түсті емес, Әсемнің көйлегі қызыл да, көк те емес. Әр қыздың көйлегінің түсі қандай?

  11. Асқар мен Талғаттың және Дәулеттің әкелері дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

  12. Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға бір – бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма?

  13. Екі саяхатшы өзен жағасына келді. Жағадағы қайық бір кісілік екен. Олар өзеннен өтіп, саяхаттарын жалғастырады. Саяхатшылар өзеннен қалай өтті?

  14. Шаруа қайыққа отырып, өзеннен бір бау шөпті, қасқырды, ешкіні алып өтті. Қайыққа шаруамен бірге үшеуінің біреуі ғана сыяды. Шаруа жағада қасқыр мен ешкіні бірге қалдырса, қасқыр ешкіні жеп қояды, ал ешкі мен шөпті бірге қалдырса, ешкі шөпті жеп қояды. Шаруа оларды бір – біріне жегізбей өзеннен қалай алып өтеді?

  15. Әр қатардағы сандар қандай ереже бойынша жазылғанын ойлап тап:

1,3,2,4,3,5,4,6, ... 2,5,3,6,4,7,5,8, ...

Жазуды жалғастыр.



  1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

  2. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектердің саны – он болды. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

  3. Самат, Қанат, Маратты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады?

  4. Жанұядағы 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда неше қыз бала бар?

  5. Айгүл мен Нұргүл апалы – сіңілі. Айгүл менің 8 ағам бар дейді. Нұргүл де менің 2 ағам бар дейді. Олардың жанұясында неше бала бар?

  6. Азамат пен Еркештің фамилиялары Болатов, Әміров. Әрқайсысының фамилиясы қалай?

  7. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

  8. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

  9. Балалар сурет сабағына түсті қарындаштар және бояулар әкелуі керек еді.

  1. Асқар бояу ғана әкелді:

  2. Ернар түсті қарындаш та, бояу да әкелген жоқ;

  3. Айнұр түсті қарындаш және бояу әкелген. Сабаққа кімді дайын деп айтуға болады?

  1. Үй тышқанының неше құлағы бар?

  2. Жанаттың сөмкесінде 2 торкөз және 2 жолды дәптер бар. Егер:

1) Жанат сөмкесінен 1 дәптер алса, ол қандай дәптер болуы мүмкін?

2) Жанат 2 дәптер алса, ол қандай дәптерлер болуы мүмкін?

3) 3 дәптер алса, ол қандай дәптерлер болуы мүмкін?

27. Айгүл кесіндінің бойына арақашықтығы 3 см – ден үш нүкте қойды. Бірінші нүктеден соңғы нүктеге дейінгі арақашықтық неше сантиметр?

28. Үш түрлі шаршыны негізгі үш: қызыл, жасыл, сары түске неше әдіспен бояуға болады?

29. Жанұядағы жасы үлкен кім? Бойының ең қысқасы кім? Апаң мен көкеңнің қайсысы ұзын? Сенен кім ұзын?

30. Тақта алдында 3 бала тұр. Олар: Самат, Марат, Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?

31. Шаршының сол жағында ұшбұрыш, оң жағында дөңгелек орналасқан. Шаршы қай жағында салынған?

32 . Үш доптың ішіндегі қызылы қоңырынан ауырлау, ал қоңыры жасылынан ауырлау. Ең ауыр доптың түсі қандай? Ең жеңіл доптың түсі қандай?

33. Ертайдың бірнеше жаңғағы бар, ал Ақтайда одан 2 – еуі артық,. Оларда барлығы 6 жаңғақ болса, әр балада неше жаңғақ бар?

34. Еркебұлан мен Жасұланда барлығы 8 ойыншық бар. Жасұлан Еркебұланға 3 ойыншықты бергенде, олардың ойыншықтарының саны бірдей болды. Әрқайсысында қанша ойыншықтар болған?

35. Ертай мен Дулат ыдыстағы жаңғақты 3 – тен тең бөліп алайын десе, бір жаңғақ жетпейді. Ыдыста неше жаңғақ болған?

36. Азамат пен Беделде 11 жаңғақтан, ал Сәтжан мен Асхатта 13 жаңғақтан, Дулат пен Қанатта 12 жаңғақтан бар. Әр балада неше жаңғақтан болған?

37. Қалаға қарай 3 жеңіл машина бара жатыр, оған қарсы 2 жеңіл, 3 ауыр машина келе жатыр. Қалаға барлығы неше машина бара жатыр?

38. Торғай бір жылда неше қадам аттайды?

39. Үш ағайынды жолда жүріп барады. Біреуі алда, екеуі артта. Артындағы екеуі алдыңғыға жете алмайды. Ол не?

40. Электравозда 7 вагон бар. Бір бала басынан санағанда 4- вагонға отырды, ал екінші бала соңынан санағанда 4- вагонға отырды. Олар бір вагонға отырды ма, әлде әртүрлі вагонға отырды ма?

41. 9 – ды қоса есептегенде, 4 – тен 9 – ға дейін неше сан бар?

42. Сандар қатарын жолдар бойынша және бағандар бойынша салыстыр.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

4

6

8

10

5

6

7

8

9

3

6

9







4

5

6

7

8

4

8










3

4

5

6

7

5

10










2

3

4

5

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет