Тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
І деңгей
а)Екінші қосылғышы 6 болатын қосындыларды жаз.
ә) а = 0, а = 1 деп алып, а және 8 сандарының қосындысын жаз.
2. а) Азайғышы 3 болатын айырмаларды жаз.
ә) Қосындылардың мәнін тап.
3 + 2 = 4 + 5 = 6 + 2 = 4 + 4 =
3. Бақшада 10 алма ағашы мен 3 алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы неше жеміс ағашы өсіп тұр?
4. а)Әріпті өрнектердің астын сыз.
а + 2 , 4 + 2 , 5 – 2, 4 – а .
ә) а = 2 және а = 0 деп алып, 3 саны мен а – ның айырмасын жаз, өрнектің мәнін тап.
5. а) Сыныпта барлығы 20 оқушы бар. Олардың 10 – ы қыз бала. Сыныпта неше ұл бала бар?
ә) Торкөздің орнына тура теңсіздік және тура теңдік орындалатындай сандар жаз.
□ см < 6 см □ см = 5 см
ІІ деңгей
а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой.
а * а + 4 а * а – 2
Тауық бір аяқпен тұрғанда 4 килограмм болады, ал екі аяқпен тұрғанда неше килограмм болады?
а - 0 = 0 теңдеуін шешіп көр.
ІІІ деңгей
Жұлдызшалардың орнына қандай амал таңбаларын қойғанда теңдік орындалады?
4 * 3 * 2 = 3 5 * 2 * 1 = 4
Екі таңбалы сан жаз, сонда оның бірлігі ондығынан 8 – ге артық болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |