Қосылыстардың: N2, NH3, NH4Cl, N2O, NO2 арасында қандай химиялық байланыстар бар?
Азоттың валенттігі 4-тен, тотығу дəрежесі +5-тен жоғары болмауын, ал осы топшаның басқа элементтерінің валенттігі 5-ке, тотығу дəрежесі +5- тен жоғары болмауын қалай түсіндіресіздер?
Неге аммиак ерітіндіде негіздік қасиет, ал НС1 мен Н2S қышқылдық қасиет көрсетеді?
Берілген реакциялардың тепе-теңдік константаларының формуласын құрастырыңыздар:
а) NО2+ NО↔ N2О3;
ə) N2O3+ H2O↔2HNO2. Тепе-теңдікті: а) оңға; ə) солға ығыстыруға мүм- кіндік беретін əдістерді ұсыныңыздар.
НС1-дың фосфинмен əрекеттесуі мүмкін бе? Бұл үдерістің механизмі қандай? Бұл жағдайда химиялық байланыстың қандай типі түзіледі?
Аммиактың қышқылдық-негіздік жəне тотығу-тотықсыздану қасиеттері қандай? Мысал келтіріңіздер.
Аммоний катионына қандай реакция сапалық реакция болады?
Азот изотоптарының 14N,15N айырмашылықтары неде?
Тірі ағзада азот қандай рөл атқарады?
17 т аммиак алуға қажетті азот пен сутектің (қалыпты жағдайда) көлемін есептеңіздер.
Кальций нитратын аммоний карбонатымен əрекеттестіру арқылы аммо- ний нитратын алуға болады. Бұл реакцияның теңдеуін құрастырыңыздар жəне оның неліктен аяғына дейін жүретінін түсіндіріңіздер.
Орта жəне қышқылдық фосфаттар гидролизінің айырмашылығы неде?
4
Натрий висмутаты қышқылдық ортада Mn2+ ионын MnO - ионына дейін
тотықтырады. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Фосфордың а) жай суперфосфаттағы, ə) қос суперфосфаттағы, б) пре- ципитаттағы массалық үлесін анықтаңыздар.
Тірі ағзадағы фосфордың атқаратын рөлі қандай? Табиғаттағы фосфор айналымының ерекшелігі неде?
Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңыздар:
P → Ca3P2→ PH3→ P2O5→ HPO3→ H3PO4→суперфосфат.
Электрондық баланс əдісін қолданып, реакция теңдеулерін теңесті-
ріңіздер:
а) P + CuSO4+ H2O → H2SO4+ Cu + H3PO4;
ə) As + HNO3+ H2O →H2AsO4+ NO;
б) Bi + HNO3→Bi(NO3)3+ NO2+ H2O.
Элементтердің жалпы сипаттамасы: Периодтық жүйенің IV тобының негізгі топшасын көміртек С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn жəне қорғасын Pb құрайды. Олардың валентті электрондық конфигурациясы – ns2np2. Бұл элементтер атомдары- ның сыртқы энергетикалық деңгейінде бос р-орбиталі бар, сон- дықтан сыртқы энергетикалық деңгейдің бір s-электроны осы р-орбитальге өте алады (атомның қозған күйі).
Бұдан олардың тотығу дəрежелерінің -4, +2, +4-ке тең бола- тынын көруге болады. IV А топшасы элементтерінің жалпы си- паттамалары 11-кестеде келтірілген.