Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет38/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Бақылау сұрақтары мен жаттығулар



  1. Периодтық жүйенің үшінші тобының негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасын беріңіздер.

  2. Алюминий атомының электрондық конфигурациясын жазыңыздар. Бұл элементке қандай валенттік күй сəйкес келеді?

  3. Суға, қышқылдарға, ауа құрамындағы оттекке алюминий қалай əсер етеді? Алюминийдің азот қышқылына тұрақтылығы қалай түсіндіріледі?

  4. Al(OH)3-тен Ga(OH)3-ке өткенде гидроксидтердің негіздік қасиеттерінің төмендеп, қышқылдық қасиеттерінің артуы қалай түсіндіріледі?

  5. Ga2O3 – Tl2O3 оксидтер қатарында олардың қышқылдарда еруі қалай өзгереді?

  6. Бордың екі табиғи изотопы бар: 10В жəне 11В. Бордың салыстырмалы атомдық массасы 10,8 болғанда, табиғи бордағы əрбір изотоптың мас- салық үлесін анықтаңыздар.

  7. Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңыздар: А12О3→Al→AlCl3→Al(OH)3→Al2(SO4)3.

  8. Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция

теңдеулерін жазыңыздар: бор оксиді → бор → бор қышқылы → бура.

  1. 108 г алюминийдің натрий гидроксидімен əрекеттесуі нəтижесінде қанша литр сутек (қалыпты жағдайда) түзіледі?

  2. А1С13 жəне КА1О2 тұздары гидролизінің молекулалық жəне иондық теңдеулерін жазыңыздар. Тұз ерітінділерінің реакциялық ортасын көрсе- тіңіздер.

  3. In3+ ионының электрондық конфигурациясы қандай?

  4. MnO2-ден марганецті алюминотермиялық жолмен қалай алады?

  5. Алюминий хлоридінің сулы ерітіндісінің реакциялық ортасы қандай? Гидролиз реакциясы теңдеуін жазыңыздар.

  6. Өнеркəсіпте алюминийді қалай алады?




Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің екінші тобының ns2-элементтеріне: бериллий Be, магний Mg, кальций Ca, стронций Sr, барий Ba жəне радий Ra жатады. Соң- ғы төрт элементті сілтілік жер металдар деп атайды, олардың гидроксидтері Ме(ОН)2 сілтілік қасиеттер көрсетеді, ал оксидтері МеО қиын балқитындықтан, ертеде «жер» деп аталған метал- дардың оксидтерінің қасиеттеріне ұқсас. Бұл элементтердің атом- дарының сыртқы энергетикалық деңгейінде екі s-электроны бар: ns2. Химиялық реакцияларда топша элементтерінің атомдары сыртқы энергетикалық деңгейіндегі екі электронын оңай беріп жіберіп, элементтің тотығу дəрежесі +2-ге тең қосылыстар түзеді. II А топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары 13-кестеде берілген.

    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет