Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет46/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

В топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы



Элементтің сипаттамасы

Zn

Cd

Hg

Реттік нөмірі

30

48

80

Салыстырмалы атомдық массасы

65,39

112,41

200,56

Табиғи изотоптары

64Zn,66Zn,
68Zn,70Zn

106Cd,108Cd
114Cd,116Cd

196Hg,198Hg
202Hg,204Hg

Сыртқы жəне оның алдындағы электрондық қабат құрылысы

3d104s2

3d105s2

4f145d106s2

Атомдық радиусы, нм

0,139

0,156

0,160

Иондық радиусы Э2+, нм

0,083

0,099

0,112

Тотығу дəрежелері

+2

+2

+1,+2

ОЭО

1,5

1,7

1,8

Жай заттар: Т. балқу, ºС



419,7



321,3

-38,7



Т. қайнау, ºС

906,4

766,7

356,8

Тығыздығы, г/см3

7,14

8,65

13,55



Мырыш


Жер қыртысындағы мырыштың массалық үлесі 5·10-3 %-ды құрайды. Ол тек қосылыстар ZnS, ZnСО3 құрамында кездеседі.


Мырыш – күмістей ақ металл. Электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді. Ауада мырыш оксидтер мен карбонаттардың қорғаныш қабықшасымен қапталғандықтан, оның металдық жылтыры тө- мендейді.
Мырыш – химиялық белсенді металл. Қыздырғанда бейметал- дармен (күкірт, хлор, оттек) жеңіл əрекеттеседі, мысалы:

2Zn + O2 = 2ZnO


Таза мырыш суда аздап ериді, бірақ оның бетінде пайда болған мырыш гидроксиді металды əрі қарай еруден сақтайды:


Zn + 2HOH = Zn(OH)2 + H2


Сілтінің сулы ерітінділерінде, сұйытылған жəне концентрлі қышқылдарда ериді, мысалы:


Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2


Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2 + 2H2O
4Zn + 10HNO3(сұй.) = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O Zn + 2NaOH + 2H2O = Na2[Zn(OH)2] + H2
Мырыш оксиді ZnO – суда ерімейтін ақ түсті зат. Мырыш оксиді жəне мырыш гидроксиді Zn(OН)2 сілтілермен де, қышқылдармен де əрекеттесетін екідайлы қосылыстар:

ZnO + 2HCl = ZnCl2 + Н2О


Zn(OH)2 + 2NaOH = Na2[Zn(OH)4]
Мырыш гидроксиді аммиактың сулы ерітіндісінде комплексті қосылыстар түзе, ериді:

Zn(OH)2+4NH4OH = [Zn(NH3)4](OH)2+4H2O


Металлургия өнеркəсібінде мырыш пен кадмийді екі əдіспен пирометаллургиялық жəне электрметаллургиялық əдістермен өн- діреді. Екі əдіс бойынша да алдымен металдың сульфидтерін өр- теп, тиісті оксидтерге айналдырады:

2ZnS + 3O2=2ZnO + 2SO2 ZnСО3 =ZnO +СO2


Термиялық əдіс бойынша металл алу үшін түзілген металл оксидін кокспен қосып, жоғары температурада тотықсызданды- рады:


ZnO + C = Zn + CO

Таза металл алу үшін мырыш оксидін күкірт қышқылында ері- тіп, оны электролиз арқылы бөліп алады.


Мырышты құймалар өндірісінде, мысалы жез (мыспен құйма- сы), нейзильбер (мыс пен никель құймасы) өндірісінде қолданады, ал оларды конструкциялық материал ретінде машина жасауда пайдаланады. Коррозиядан қорғау үшін болаттан жəне шойыннан жасалған бұйымдарды мырышпен қаптайды. Мырыштың біраз мөлшерін əртүрлі гальваникалық элементтердің электродын жа- сауға қолданады.
Мырыш оксиді ZnO бояулар (мырышты ақ сыр) өндірісінде, медицина, косметика, резеңке өнеркəсібінде жəне жартылай өт- кізгіш материал ретінде пайдаланады.
Мырыш өте қажетті микроэлементке жатады. Адам ағзасын- дағы мырыштың мөлшері 0,5-тен 2,3 г-ға дейін жетеді. Ол ақ- уыздармен əрекеттеседі, РНҚ құрамына кіреді, қант алмасуын реттейді, гидратация реакциясын катализдейді.


Кадмий жəне сынап


Жер қыртысындағы кадмийдің массалық үлесі 5·10-5 %-ды құ- райды. Оның маңызды минералдары – CdS жəне CdСО3. Олар мырыш минералдарына ұқсас келеді.


Сынап табиғатта бос күйінде жəне киноварь HgS минералының құрамында кездеседі. Жер қыртысындағы сынаптың массалық үлесі 7·10-6 %-ды құрайды.
Кадмий жəне сынап – күмістей ақ түстес металдар. Сынап бал- қу температурасы төмен болғандықтан, кəдімгі жағдайда сұйық күйде болады. Бұл ең оңай балқитын металл. Көптеген металдар

(мырыш, қалайы, натрий, мыс, алтын) сұйық сынапта жақсы еріп,


амальгама деп аталатын қоймалжың сұйық құйма түзеді.
Бұл металдар қыздырғанда бейметалдармен əрекеттеседі, мы- салы:
2Hg + O2 = 2HgO
Cd + Cl2 = CdCl2
Мырыш сияқты кадмий де сұйытылған жəне концентрлі қыш- қылдарда ериді, мысалы:

Cd + 2H2SO4(сұй.) = CdSO4 + H2


Cd + 2H2SO4(конц.) = CdSO4 + SO2 + 2H2O
Сынап тұз қышқылымен, сұйытылған күкірт қышқылымен жəне сілтілермен əрекеттеспейді. Азот жəне концентрлі күкірт қышқылдарымен тотығады, мысалы:

Hg + 2H2SO4(конц.) = HgSO4 + SO2 + 2H2O Hg + 4HNO3(конц.) = Hg(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O


6Hg + 8HNO3(сұйыт.) = 3Hg2(NO3)2 + 2NO + 4H2O
Кадмий екідайлы қасиет көрсететін кадмий оксидін CdO жəне кадмий гидроксидін Cd(OH)2 түзеді, алайда олардың негіздік қа- сиеті басым келеді. Бұл қосылыстар қышқылдарда оңай ериді, ал сілтілердің концентрлі ерітінділерінде еруі қиынырақ болады. Кадмий гидроксиді аммиактың сулы ерітіндісінде еріп, комплекс- ті қосылыс түзеді:

Cd(OH)2+6NH4OH = [Cd(NH3)4](OH)2+6H2O


Сынапты қыздыру арқылы оттекпен тотықтырғанда сынап (II) оксиді HgO түзіледі, оны 400°С-ден жоғары температурада қыз- дырғанда ол жай заттарға ыдырайды:

2HgO = 2Hg + O2


Сынап гидроксидтер түзбейді. Сынап (II) тұздарына сілтімен əсер еткенде, сынап (II) оксиді түзіледі:


Hg(NO3)2 + 2KOH = HgO + 2KNO3 + H2O



2
Сынап (II) хлориді немесе сулема HgС12 – суда өте жақсы еритін түссіз кристалдық зат. Ол əлсіз электролит болып табылады, практика жүзінде иондарға диссоциацияланбайды. Сынап тотығу дəрежесі +1-ге тең қосылыстар түзеді. Мұнда сынап катиондары екі атомнан Hg 2+ тұрады. Екі атомды иондар сынап (I) тұздары ерітінділерінде де болады:

6Hg + 8HNO3(сұйыт.) = 3Hg2(NO3)2 + 2NO + 4H2O


Сынап (I) хлориді немесе каломель Hg2С12 қатты сулеманы сынаппен қыздырғанда түзіледі:

HgС12 +Hg =Hg2С12


Кадмийді алу үшін бірінші оның оксидін бөліп алады да:


CdS + O2=CdO + SO2


одан кейін күкірт қышқылында ерітеді:


CdO + H2SO4= CdSO4 + H2O


Алынған ерітіндіден CdSO4 металды мырышпен ығыстырады немесе электролиз арқылы алады.
Сынапты киноварьдан күйдіру арқылы алады:

HgS + О2 = Hg + SО2




Кадмий мен сынап қосылыстары өте улы!

Кадмийді құймалар алу үшін қолданады. Кадмийді сонымен қатар металдардың бетіне қорғаушы қабат ретінде пайдаланады. Кадмий нейтрондарды жақсы сіңіретіндіктен, атом реакторла- рында тізбекті реакциялардың жылдамдығын азайтуға, құрамында 1 % кадмий бар мыс трамвай, троллейбустар сымдарын жасауға, металдарды қаптауға қолданылады.


Хлор мен сілтілерді электрхимиялық жолмен алу үшін қол- данылатын катодтар сынаптан жасалады. Сынап буымен люми- несцентті шамдар толтырылады. Амальгамдар металлургия са- ласында кейбір металдарды, мысалы алтынды бөліп алу үшін пайдаланылады. Сынап (II) оксиді HgO теңіз кемелерінің түбін су жалбырларынан қорғау үшін боялатын бояу алу үшін қолданы- лады. Сулема HgС12 улы химикат ретінде ауыл шаруашылығында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет