Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет44/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Күміс жəне алтын





2
Жер қыртысындағы күміс пен алтынның массалық үлесі 1·10-5 жəне 5·10-7 %-ды құрайды. Күміс Ag аргентин Ag S минералының құрамында жəне бос күйінде кездеседі. Алтын Au табиғатта негізінен бос күйінде кездеседі.
Күміс жəне алтын – өте жылтыр, жұмсақ, күмістей ақ түсті, ал алтын сары түсті. Барлық металдардың ішінде күміс кəдімгі жағдайда электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді.
Күміс жəне алтын – химиялық белсенділігі төмен металдар, химиялық тұрақтылығына сай оларды бағалы металдар қатарына жатқызады. Олар оттекпен, сумен, сілті ерітінділерімен, тұз жəне сұйытылған күкірт қышқылымен əрекеттеспейді. Күміс азот қыш- қылында жəне концентрлі күкірт қышқылында ериді, мысалы:

Ag + 2HNO3(конц.) = AgNO3 + NO2 + H2O


Алтын тек концентрлі HNO3 жəне HCl қоспасы «патша сұйы- ғында» ериді:

Au + 3HNO3 + 3HCl = AuCl3 + 3NO2 + 3H2O


Практикалық жағынан маңызды күмістің қосылыстары ретін- де күміс нитратын AgNO3 атауға болады. Бұл тұз суда өте жақсы

ериді. Сілтілермен əрекеттескенде күміс (I) оксидінің тұнбасы түзіледі:


2AgNO3 + 2NaOH = Ag2O↓ + 2NaNO3 + H2O
AgNO3 галогенсутекті қышқылдармен немесе олардың тұз- дарымен əрекеттескенде, аз еритін күміс галогенидтері AgCl (ақ), AgBr (ашық сары) жəне AgI (сары) түзіледі.
Алтын (III) оксиді Au2O3 жəне алтын (III) гидроксиді Au(OH)3

лыстар:
Au(OH)3 + KOH = K[Au(OH)4] Au(OH)3 + 4НС1 = K[AuС14] + 3Н2О
Мұнда алтын (III) кешенді қосылыстары түзіледі.
Бос күйіндегі күмісті жəне алтынды бос жыныстардан бөліп алу үшін сумен шаю, сынапта еріту əдістері қолданылады. Бірақ бұл əдістерді қолданғанда алтын толық бөлінбейді. Сондықтан алтынды бос жыныстан бөліп алу үшін циан қышқылы тұзда- рының ерітіндісінде оттек арқылы тотықтырып, ерітіндіге ауыс- тырады да, одан кейін ерітіндіге мырыш ұнтақтарын қосу арқылы алтынды бөліп алады:

4Au + O2 + 8NaCN + H2O = 4Na[Au(CN)2] + 4NaOH


Цианидтерде күмістің сульфидті кендерін де ерітуге болады: Ag2S + 4NаСN = 2Nа[Ag(CN)2] + Nа2S
Nа[Ag(CN)2] немесе Nа[Au(CN)2] қосылыстарынан металдар-
ды мырышпен ығыстырады:

Nа[Au(CN)2] + Zn = Na2[Zn(CN)4] + 2Au


Құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада күміс оттек арқылы оңай тотығып беті қараяды:

4Ag + O2 + 2H2S = 2AgS + 2H2O


Күшті тотықтырғыш озон күмісті күміс (ІІ) оксидіне дейін тотықтырады:
Ag + O3 = AgO + O2

Күміс жəне алтынды радиотехникалық бұйымдардың жана- суын қаптау үшін қолданады. Күмісті-мырышты аккумуляторлар- да күмісті пайдаланады. Күміс жəне алтын құймалары əшекей- лік бұйымдар өндірісінде кең қолданылады.


Күміс галогенидтері AgCl, AgBr жəне AgI суретке түсіру са- ласында жарыққа сезімтал материал ретінде қолданылады. Кү- міс нитраты AgNO3 күміспен қаптау үшін, ал алтынның еритін қосылыстары, əсіресе AuС13 алтынмен қаптау үшін пайдаланылады.
Алтынның көпшілігі мемлекеттік банктерде алтын қоры ре- тінде сақталады. Ол сəндік бұйымдар жасауға, медицинада, т. б. қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет