Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет47/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Бақылау сұрақтары, есептер мен жаттығулар



  1. Кернеу қатарында сынаптың кадмий мен мырыштан алшақтау орын алға- нын қалай түсіндіруге болады?

  2. Мырыш, кадмий жəне сынаптың химиялық белсенділігін сілтілік жер ме- талдарының белсенділігімен салыстырыңыздар.

  3. Zn жəне Zn2+ электрондық қабатының құрылысын сипаттаңыздар.

  4. Неліктен кадмий мен стронций бір топта, бірақ əртүрлі топшада орна- ласқан?

  5. Мырыштың сұйытылған жəне концентрлі күкірт қышқылымен, калий гидроксиді ерітінділерімен реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  6. Электрондық баланс əдісімен электрон ауысуын жəне реакцияға дейінгі жəне реакциядан кейінгі атомдардың тотығу дəрежелерін анықтаңыздар.

  7. Тірі ағзаға сынап пен кадмийдің əсері қандай? Олар қандай аурулар ту- ғызады?

  8. Сілтілік жер металдары мен мырыш топшасы элементтері атомдарының құрылысындағы айырмашылықтарды көрсетіңіздер.


Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің III B топшасын скандий Sc, иттрий Y жəне 15 элементі бар екі топша: лантаноидтар 57La – 71Lu жəне актиноидтар 89Ac – 103Lr құрайды. Лантаноидтар мен актиноидтар топшасы қасиеттері жа- ғынан ұқсас элементтерден тұрады.
Скандий, иттрий, лантан жəне актиний атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде екі s-электроннан, ал оның алдындағы деңгейінде бір d-электроны бар: (n-1)d1ns2. Осы электронды құ- рылысына сай қосылыстардағы скандий, иттрий, лантан жəне ак- тинийдің тотығу дəрежесі +3-ке тең болады.
Лантаноидтар атомдарында (лантаннан басқасы) төртінші энергетикалық деңгейдің f деңгейшесі электрондармен толтыры- лады. Актиноидтар атомдарының электрондық құрылысы ланта- ноидтардың құрылысына ұқсас: актиноидтар атомдарында 5f дең- гейшесі электрондармен толтырылады.
Скандий, иттрий, лантан жəне актинийдің жалпы сипаттама- лары 17-кестеде берілген.

      1. кесте



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет