Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет48/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

В топшасының d-элементтерінің жалпы сипаттамасы




Элементтің сипаттамасы

Sc

Y

La

Ас

Реттік нөмірі

21

39

57

89

Салыстырмалы атомдық массасы

44,96

88,9

138,9

227


Табиғи изотоптары

45Sc

89Y

138La, 139La

227Ас,228Ас

Сыртқы жəне оның алдындағы
d деңгейшесінің құрылысы

3d14s2

4d15s2

5d16s2

6d17s2

Тотығу дəрежелері

+3

+3

+3

+3



Скандий, иттрий


Скандий – ашық сары түсті, иттрий – күмістей ақ металдар. Химиялық реакцияларда олар белсенді келеді. Қыздырғанда көптеген металдармен (оттекпен, галогендермен, күкіртпен, су- текпен) əрекеттеседі, мысалы:


4Sc + 3О2 = 2Sc2О3


2Y + 3С12 = 2YС13

Скандий жəне иттрий оксидтер мен гидроксидтер түзеді Sc2О3 жəне Sc(ОН)3; Y2О3 жəне Y(ОН)3. Скандий оксиді жəне гидроксиді екідайлы қасиет көрсетеді, мысалы:


3NaOH + Sc(OH)3= Na3[Sc(OH)6]


ал қышқылдармен əрекеттескенде, тұздар түзіледі: 2Sc(OH)3 + 3H2SO4= Sc2(SO4)3 + 6H2O
Иттрий оксиді жəне гидроксиді – негіздік қосылыстар.
Скандийді жəне иттрийді құймаларға легирлеуші қосымша ретінде қолданады.


Лантаноидтар жəне актиноидтар


Лантаноидтар жəне актиноидтар – химиялық белсенділігі жо- ғары, күмістей ақ, созылғыш металдар. Олардың көпшілігі қара-


III В топшасы элементтері 177

пайым жағдайларда немесе аздап қыздырғанда оттекпен, күкірт- пен, галогендермен əрекеттеседі, суда жəне бейорганикалық қышқылдарда ериді, мысалы:


4La + 3О2= 2La2O3


2La + 6H2O = 2La(OH)3+ 3H2
Лантаноидтар құймалардың қасиетін жақсарту үшін қосымша ретінде қолданылады, сонымен қатар оларды электронды құрыл- ғылардың бөлшектері мен магниттерін дайындау үшін пайда- ланады.
Барлық актиноидтар радиоактивті элементтер болып табы- лады. Табиғатта олардың ішінен уран жəне торий кең тараған, ал аз мөлшерде актиний, протактиний, нептуний жəне плутоний кездеседі. Торий, уран жəне плутоний ядролық энергетика сала- сында ядролық отын ретінде қолданылады. Көптеген актиноидтар ядролық айналымдар арқылы жасанды жолмен алынады.


Бақылау сұрақтары, есептер мен жаттығулар



  1. Периодтық жүйенің III тобының негізгі жəне қосымша топшалары эле- менттері атомдарының құрылысындағы айырмашылықтарды көрсе- тіңіздер.

  2. Ядро заряды 92-ге тең элементтің қанша энергетикалық деңгейшелері бар?

  3. Атомдарда 4f деңгейшесінен кейін қандай деңгей толтырылады? Неліктен?

  4. Лантан мен церий атомдарының валентті орбитальдарының электрон- дармен толтырылуының графикалық сызбанұсқасын жəне электрондық формуласын құрастырыңыздар.

  5. Кез келген период қандай элементтен басталады жəне аяқталады?

  6. Скандий мен галий атомдарында қанша бос 3d-орбиталі бар?

  7. Төмендегі электрондық конфигурация қай элементке сəйкес келеді:

…3s23p63d104s24p64d104f75s25p66s2?



Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің IV B топшасы элементтеріне титан Ti, цирконий Zr, гафний Hf жəне курчатовий Ku жатады. Курчатовий элементі жасанды жолмен алынған. Элементтің атауы атақты Кеңес ғалымы И.В. Курчатов- тың құрметіне берілген. Алғаш рет 260Ku изотопы 1964 жылы Ядролық зерттеулер институтында алынған (Дубна қ.). Курча- товийдің титан, цирконий жəне гафний элементтерінің аналогы екені дəлелденген.
IV B топшасы элементтерінің валентті электронды конфигу- рациясы (n-1)d2ns2 болады. Сыртқы s жəне оның алдындағы d деңгейшесінің электрондары валентті болады. Топша элементтері қосылыстарында +1-ден +4-ке дейінгі тотығу дəрежелерін көрсетеді. Титан топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары 18-кес-
теде берілген.

      1. кесте



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет