Молибден мен вольфрам сирек металдарға жатады, олардың жер қыртысындағы массалық үлестері 3·10-4 жəне 1·10-4 %-ды құрайды. Молибден мен вольфрамның маңызды минералдары: молибденит MoS2, шеелит CaWO4 жəне вольфрамит FeХMn1-ХWO4. Молибден мен вольфрам – ашық сұр түсті, қиын балқитын металдар. Вольфрам барлық металдардың ішіндегі балқу тем- пературасы ең жоғарысы. Молибден мен вольфрам химиялық белсенділігі төмен металдар. Бейметалдармен тек қатты қыздыр- ғанда ғана əрекеттеседі. Тұз, азот жəне күкірт қышқылдарында ерімейді, азот жəне балқытқыш қышқылдардың қоспасында ериді:
W + 6HNO3 +8HF = H2[WF8] + 6NO2 + 6H2O
Молибден мен вольфрамның тотығу дəрежесі +6 болатын қо- сылыстары неғұрлым тұрақты келеді.
Молибден (VI) оксиді МоО3 жəне вольфрам (VI) оксиді WО3 қышқылдық қасиет көрсетеді. Олар сілті ерітінділерінде жəне аммиактың сулы ерітінділерінде молибдаттар мен вольфрамат- тар түзе ериді:
MoO3 + 2NaOH = Na2MoO4 + H2O WO3 +2NH4OH=(NH4)2WO4 + H2O
Молибдаттар мен вольфраматтар молибден қышқылының Н2MoO4 (ақ аз еритін зат) жəне вольфрам қышқылының Н2WO4 (сары аз еритін зат) тұздары болып табылады.
Алынған молибден мен вольфрамның көп бөлігі болаттарды легирлеуге қолданылады. Молибденмен конструкциялық бо- латтарды легирлесе, вольфраммен болаттарды легирлейді. Мо- либденді сонымен қатар қышқылға төзімді материал алу үшін шойынға да қосады. Молибден болаттың серпімділігін, мықты- лығын, отқа төзімділігін жəне коррозияға төзімділігін арттырады.
Сондықтан молибден қосылған болаттар авиация мен автомобиль өнеркəсібінде қолданылады.
Вольфрам үйкеліске төзімді құралдар жасайтын болаттың құрамына кіреді. Вольфрам ең қиын балқитын металл болған- дықтан, электр шамдарының сымын жасауға да қолданылады.
Қаттылығы жоғары жəне үйкеліске төзімді болғандықтан, вольфрам карбиді WС кесетін өткір құралдар дайындау үшін пайдаланылады. Аммоний молибдаты – өсімдіктерге қажетті микротыңайтқыштың маңызды құрам бөлігі. МоО3 жəне WО3 керамика мен эмаль өндірісінде кең қолданылады.
Вольфрамды NaХWО3 немесе КХWО3 типіндегі қосылыстар жартылай өткізгіш материалдар ретінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |