43 элементтің (экамарганец) бар екенін Д.И. Менделеев Пе- риодтық заңды ашқанда болжап айтқан болатын. Тек 1937 жылы 43 элемент ядролық реакция көмегімен, жасанды жолмен алынды. Технеций іздері табиғи уранның ыдырау өнімінде байқалды. Сон- дықтан технецийді жасанды радиоактивті элемент деп есептеуге болады.
Ренийдің де бар екенін Д.И. Менделеев болжаған болатын, ол бұл элементті двимарганец деп жобалап атаған еді. Рений 1925 жылы ашылды, табиғатта ол өте сирек кездеседі (сирек элемент). Ренийдің жер қыртысындағы массалық үлесі 10-7 %-ды құрайды. Рений түзетін жеке минерал жоқ, бытыраңқы элемент. Ол өте аз мөлшерде молибден, мыс кендерімен араласқан күйде кездеседі. Технеций жəне рений – күмістей ақ металдар, марганецке қа- рағанда қаттылығы төмен. Марганецпен салыстырғанда олардың
химиялық белсенділігі төмен.
Технеций азот қышқылында еріп, технеций қышқылын түзеді: 3Tc + 7HNO3 = 3HTcO4 + 7NO + 2H2O
Химиялық қасиеттері жағынан технеций ренийге өте ұқсас,
ол химиялық қосылыстарында +2, +4, +6, +7 тотығу дəрежелерін көрсетеді. Əсіресе технеций +7 заряды болатын қосылыстары жақсы зерттелген.
Технецийдің əртүрлі қосылыстары алынған. Неғұрлым тұрақ- тылары технецийдің (IV) жəне (VII) қосылыстары. Технецийдің
қосылыстары, мысалы КТсО4 – калий пертехнетаты тотық- тырғыштар болып табылады, олар технецийдің (IV) қосылыста- рына дейін тотықсызданады:
2KTcO4 +7Zn + 12HCl = 2TcO2·2H2O + 7ZnCl2 + 2KCl + 4H2O
Рений бос күйінде күміс тəрізді ақ түсті ауыр металл. Ол ауада, суда, көптеген қышқылдарда өзгермейді, бірақ технеций сияқты азот қышқылында еріп, рений қышқылын түзеді:
3Re + 7HNO3 = 3HReO4 + 7NO + 2H2O
Тотықтырғыштар қатысында рений сілтілерде де ериді: 4Re + 7O2 + 4KOH = 4KReO4 + 2H2O
Рений қышқылының тұздарын перренаттар деп атайды.
Ренийдің тотығу дəрежесі +7 болатын қосылыстары неғұрлым тұрақты болады. Ренийдің (VII) оксиді Re2O7 қышқылдық қасиет көрсетеді. Сумен əрекеттескенде ол тек ерітінді түрінде болатын күшті рений қышқылын түзеді:
Re2O7 + H2O = 2HReO4
Ренийдің (VII) қосылыстары – əлсіз тотықтырғыштар. Ренийді алу өте күрделі үдеріс, ең соңында ренийді калий не-
месе аммоний перренатына айналдырады да, бұл тұзды сутекпен тотықсыздандырып, таза рений алады:
2NH4ReO4 + 4H2 = 2Re + N2 + 8H2O
Рений мен оның қосылыстары өнеркəсіпте кеңінен қолданы- лады. Ренийдің молибденмен жəне вольфраммен құймалары қиын балқитын, ыстыққа төзімді болады. Ренийден электр шамдарының сымы жəне рений құймаларынан қаламұш жасалады. Рений жəне оның қосылыстары химия өнеркəсібінде катализатор ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |