Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет37/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Галлий, индий, таллий




Табиғатта таралуы. Галлий, индий жəне таллий сирек эле- менттер болып табылады, массалық үлестері 1,5∙10-3, 1∙10-5 жəне 3∙10-4 %-ды құрайды. Мырыш, қорғасын, темірдің табиғи қосы- лыстарының құрамында кездеседі.
Қасиеті. Галлий, индий, таллий – жұмсақ, оңай балқитын, күмістей ақ металдар. Бұл металдардың балқу температуралары 29,8°С (Ga), 156,4°С (In) жəне 304°С-ге (Tl) тең. Галлий бұл топ- шаның басқа элементтерінен балқу температурасының төменді- гімен ерекшеленеді.

Галлий мен индий химиялық қосылыстарында +3 тотығу дə- режесін, ал таллий +1, +3 тотығу дəрежелерін көрсетеді.


Бұл металдар атомдарының сыртқы қабатында үш электрон, ал сырттан санағанда екінші қабатында 18 электрон болады. Бұлар өзара ұқсас.
Бейметалдармен əрекеттесуі. Галлий, индий жəне таллий галогендермен, оттекпен, күкіртпен əрекеттеседі:

2Ga + 3Cl2 = 2GaCl3


4In + 2O2 = 2In2O3
Хлормен жəне броммен реакциясы бөлме температурасында жүрсе, басқа бейметалдармен тек қыздырғанда жүреді.
Қышқылдармен əрекеттесуі.
Галлий мен индий сұйытылған жəне концентрлі бейоргани- калық қышқылдармен əрекеттесіп, галлий (III) мен индийдің (III) тұздарын түзеді:
2Ga + 6HCl = 2GaCl2 + 3H2
In + 6HNO3 = In(NO3)3 + 3NO2 + 3H2O
Таллий хлорсутекте жəне күкірт қышқылында оның беткі қа- батында аз еритін Т1С1 немесе Tl2SO4 қосылыстарының қабық- шалары түзілетіндіктен, тəжірибе жүзінде ерімейді. Таллий азот қышқылында ериді:

3Tl + 4HNO3 = 3TlNO3 + NO + 2H2O


Сілтілермен əрекеттесуі. Алюминий сияқты галлий мен индий сілтілердің концентрлі ерітінділерінде ериді:

2Ga + 6NaOH + 6H2O = 2Na3[Ga(OH)6] + 3H2


Таллий сілтілермен əрекеттеспейді. Галлий, индий жəне тал- лий сумен əрекеттеспейді.


Галлий, индий жəне таллийдің негізгі қосылыстары. Тотығу дəрежесі +3 болатын галлийдің, индийдің, таллийдің оксидтері Ga2O3, In2O3, Tl2O3 суда ерімейтіндіктен, оларға сəйкес келетін гидроксидтерді металдардың тұздарына сілтімен əрекеттестіру арқылы алады:

Э2(SO4)3 + 6KOH = 2Э(OH)3 + 3K2SO4


Галлий мен индийдің гидроксидтері екідайды қасиет көрсетеді, олар қышқылда да, сілтіде де ериді, мысалы:

In(OH)3 + 3HCl = InCl3 + 3H2O In(OH)3 + 3KOH = K3[In(OH)6]


Таллий металдың тотығу дəрежесі +1 болатын таллий оксидін Т12О түзеді. Бұл оксид сумен əрекеттесе алады:
Т12О + Н2О = 2Т1ОН

Т1ОН – суда еріген күшті негіз (сілті).


Қолданылуы. Барлық үш металл да құймалар алуға қолданылады. Мысалы, галлий мен индий оңай балқитын құймалар құрамына кіреді. Индий реакторларда реакция жылдамдығын реттеу үшін қолданатын құймалардың құрамына кіреді. Таллийді мойынтірек жасауда қолданылатын құймалардың құрамына қосады. Құра- мында таллий бар құймалардың коррозияға төзімділігі өте жоға- ры, 70 % Pb, 20 % Sn мен 10 % Tl бар құйма хлорсутекте жəне азот қышқылында ерімейді.
Галлий, индий жəне таллий жартылай өткізгіш материалдар алу үшін қолданылады. Индийді металдардың бетіне қорғаныш қабаты ретінде жалату үшін пайдаланады. Таллий қосылыстары улы болғандықтан, оларды ауыл шаруашылығында улы химикат ретінде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет