32
№ 4(137)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы.
Филология
сериясы
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Кіріспе
Түркі лексикографиясының тарихында са
-
лыстырмалы
ұстанымды басшылыққа алған
ең алғашқы сөздік ХІ ғасырдағы Махмұд
Қашқаридың «Diwan lugat at-turk» («Диуани
лұғат ат-түрік») сөздігі болды.
Бұл бірегей
сөздік түркі тілдерінің сөз қазынасын салы
-
стырмалы-тарихи
тұрғыдан зерттеудің басы
ғана емес, сондай-ақ лингвистикалық түр
-
кітану саласындағы ғылыми зерттеулерге осы
күнге дейін дереккөз қызметін атқарып келе
жатқанымен құнды екені баршаға белгілі.
Махмұд Қашқаридің «Диуани
лұғат-ат-
түрікпен» басталған түркі тілдерінің лекси
-
кографиялық
ізденістер одан кейінгі араб,
парсы және әлем аудиториясына бағытталған
Қ.Қ. Таймуллина*
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
*Байланыс үшін автор:
kusni-82@mail.ru
ХҒТАР 16.01
Түркі лексикографиясының тарамдана дамуы:
түрік сөздіктерінің сипаты
Аңдатпа.
Әлемдік тіл білімінде теориялық лексикография ғылым ретінде ХХ ғасыр
-
дың екінші жартысында қалыптасты. Ал түркі лексикографиясы өзінің тарихи баста
-
уын ХІ ғасырдағы классикалық араб тіл білімімен сабақтаса дамыған орта ғасыр түркі
тіл біліміндегі сөздік түзу ісінен алады. Тарихы мың жылға жуықтаған түркі лексико
-
графиясы ХІ ғасырдағы Махмуд Қашқари дайындаған «Диуани лұғат ат-түрік» атты
әйгілі сөздіктен басталды. Бұл бірегей сөздік түркі тілдерінің сөз қазынасын салысты
-
рмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің басы ғана емес, лингвистикалық түркітану сала
-
сындағы ғылыми зерттеулерге осы күнге дейін дереккөз қызметін атқарып келе жатқа
-
нымен құнды екені белгілі.
Мақалада түркі лексикографиясы, оның ішінде түрік лексикографиясының дамуы қа
-
растырылады. Түркі лексикографиясында пайда болған алғашқы сөздіктер мен түрік
сөздіктерінің түзілу тарихы жайлы сөз етіледі. Түрік сөздікшілерінің жасаған жұмы
-
стары мен өнегелі еңбектері туралы айтылады.
Түйін сөздер:
түркі лексикографиясы, түрік лексикографиясы, лексикография та
-
рихы, түрік сөздіктері, сөздіктің түрлері.