33
№ 4(137)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәді
-
гері.
Түркі лексикографиясының алғашқы ке
-
зеңін білдіретін алғашқы түркі сөздігінен кей
-
ін Хорезмшахтар
әулетінің билеушісі Атсыз
бин Мұхаммедтің құрметіне сөздік түрінде
әз-Замахшари жасаған «Muqadimmat al-adab»
еңбегімен жалғасты. «Muqadimmat al-adab»
сөздік деп саналады, өйткені онда араб тілін
-
дегі сөздер, сөз тіркестері мен қысқа сөйлем
-
дер, сондай-ақ араб тілін оқыту мақсатында,
белгілі болғандай, жолдар арасында жазылған
олардың түркі, парсы, хорезм және моңғол
баламалары бар. Бұл жұмыс ХІ28– ХІ44 жж.
орындалды деп саналады [2.28–30].
Аталған сөздік туралы зерттеуші ғалым
Елеужан Серімов «ХІІ
ғасыр ғалымы әз-За
-
махшаридің өмірі мен шығармашылығы»
атты мақаласында былай деген: «Өзіне тиісті
лайық орнын таба алмай келе жатқан өз за
-
манының ғұлама ғалымы әз-Замахшаридің
«Muqadimmat al-adab» сөздігі дәуірі жағынан
– орта (ескі) түркілік, жазылған жері жағынан
– орта (ескі түркілік), жазылған жері жағынан
– орта азиялық, уақыты жағынан –
орта ға
-
сырлық (ХІ-ХІYғғ.) жазба мұралар қатары
-
на жатады. «Muqadimmat al-adab» (арабша
«мукаддимат» «кіріспе» деген ұғымды бе
-
реді, «адаб» сөзі ХІ-ХІІ ғасырлардағы шығы
-
ста бүкіл ғылымдардың
жиынтық атауының
орнына жүрсе, ХІІ ғасырдан бастап өз ішінде
сөздік, грамматика риторика, метрика және
поэзияны қамтыған тіл білімі мағынасында
қолданылған. Сонда «Мукаддимат әл-адаб»
аудармасы – «Тіл біліміне кіріспе» [3.40].
Осы кезеңнің тағы бір маңызды сөздігі –
«Codex Cumanicus» («Кодекс Куманикус»).
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің»
қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып,
төрт рет басылып шықты. Жалпы түпнұска
82 парақтан (164 беттен) тұрады. «Кодекстің»
алғашқы бетінде «1303 жылы ХІ июль» деген
жазу бар. ХІ
ғасырдың екінші жартысында
құрастырыла бастап, XIV ғасырдың басында
ғана аяқталған. Қолжазбаның жазылған жері
мен жазылу мақсаты туралы мәселе анық
емес. Қолжазба екі бөлімнен тұрады.
Бұл еңбек жайында Ш.Х.Акалын былай
дейді: «Кодекс Куманикус»
ғалымдардың
пікірінше, солтүстік Қара теңіз аймағында жа
-
салған. «Кодекс Куманикус» екі бөлімнен тұра
-
ды. Итальян деп те аталатын бірінші бөлім
латын, парсы және куман сөздерін қамтитын
сөздік болып табылады. Бұл кітапты нақты
кім жазғаны туралы ақпарат жоқ, бірақ оның
авторы Венециандық немесе Генуэздік көпес,
итальяндық діни қызметкер немесе үш тілде
сөйлейтін Қырымның Солхат қаласында сау
-
да жасаған не өмір сүрген францискалық мис
-
сионер болуы мүмкін деген болжам бар. 1362
жылы итальян ақыны Петрарка бұл кітапты
Венециядағы
Әулие Маркус кітапханасына
сыйға тартты. Тиісінше, еңбек 1292– 1362 жыл
-
дарға жатады [2.31–33].
Достарыңызбен бөлісу: