Электрлік сигнал - уақыт өте өзгеретін электрлік өлшем (мысалы кернеу, тоқ, қуат). Барлық
электрлік құрылғылар негізінен электрлік сигналдармен жұмыс істейді, бірақ қазіргі кезде
жарық интенсивтілігінің уақытпен өзгерісін көрсететін жарықтық сигналдар көбірек
қолданылуда.
Аналогты сигнал – бұл белгілі бір аралықта кез келген мәнді қабылдай алатын сигнал (мысалы
кернеу нөл мен он вольт аралығында бірқалыпты өзгеруі мүмкін). Тек аналогты сигналдармен
жұмыс істейтін құрылғылар аналогты құрылғылар деп аталады. «Аналогты» деген аты сигнал
физикалық өлшемге аналогты түрде өзгереді, яғни үздіксіз.
Сандық сигнал – бұл екі ғана (кейде 3) мән қабылдай алатын сигнал, және бұл мәндерден
кейбір ауытқушылықтарға жол беріледі. Мысалы кернеу екі мән қабылдай алады: 0 ден 0,5В ке
дейін(нөлдік деңгей) немесе 2,5тен 5 В ке дейін(бірлік деңгей). Тек сандық сигналдармен
жұмыс істейтін құрылғылар сандық құрылғылар деп аталады.
Жиілік функциялары – бұл дискреттік және сондай-ақ аналогтық та сигнал ретінде көрсетілуі
мүмкін жиілік спектрлері. Бұл функциялар сигналдың жиіліктік құрамын сипаттайды.
Фильтрлеу – сигналдың жиіліктік спектрдің кейбір қалаған бағытқа өзгеру процесі. Бұл
процесс жиіліктің кейбір диапазонындағы жиіліктік құраушылардың күшеюіне немесе
әлсіреуіне әкелуі, қандай да бір нақты жиіліктік құраушының пайда болуына немесе бөлінуіне
т.б әкелуі мүмкін.
Бөгеттер – ақпараттық сигналдарға жабылып оларды бұрмалайтын паразитті сигналдар .
Бөгеттер сырттан( электромагниттік өрістен), сондай-ақ қоректену тізбегінен туындауы мүмкін.
Сандық фильтр – дискретті сигналдарды фильтрлеуге қолдануға болатын сандық жүйе. Ол
сандық есептеуіш машинада бағдарламалық әдіспен немесе арнайы аппаратураның көмегімен
жүзеге асырылуы мүмкін, және осы жағдайлардың әрқайсысында сандық фильтрды нақты
уақыттағы немесе алдын ала жазылған сигналдарды фильтрлеу үшін қолдануға болады.