6
Дәріс. Регистерлер және олардың түрлері мен атқаратын қызметі.Регистрлер мен
ыстыру регистрі
Регистр (тіркеуіш) – ақпаратты уақытша сақтау мен өңдеу үшін арналған құрылғы. Ол –
ең кең тараған операциялық элементтер қатарына жатады.Арнайы схемалық әдістердің
көмегімен регистрде жоғарыда көрсетілген микрооперациялар: орнықтыру, ығыстыру,
разрядтар бойынша жасалынатын операциялар тағы басқа іске асырылады. Сонымен бірге
жалпы пайдалануға арналған регистрлер де болады. Олардың қатарына арифметикалық-
логикалық құрылғымен тікелей байланысты болатын аккумулятор (жинағыш сумматорлар)
жатады. Көп жағдайларда деректерді өңдеу аккумулятордың қатысуымен жүргізіледі. Санның
регистрде болу уақыты әдетте машинаның бір операцияны орындау уақытына тең. Регистрлер
машинаның сан-алуан құрылғыларында қолданылады. Мысалы, басқару құрылғысында регистр
есте сақтау құрылғысынан команда кодын алып, команданың машинаның келесі жұмысы
тақтасында орындалуына дейін сақтайды. Арифметикалық құрылғыда регистр операцияның
орындалуына тікелей қатысады: қосу амалын орындау кезінде сумматорға қосылғыштарды
береді немесе көбейту, бөлу т. с. с. операцияларды орындаған кезде күрделірек қызмет
атқарады.
7
Дәріс. Сумматор. Сумматорда операндтарды түрлендіру
Сумматор (қосқыш) – арифметикалық-логикалық құрылғының торабы болып табылады.
Ол кірістеріне берілген екі сан кодының қосындысын табатын құрылғы. Толық сумматордың
бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш және сандарды келесі үлкен разрядқа тасымалдауға
арналған үш кіріс болуы қажет. Сумматорда қосу амалы разрядтар бойынша жүргізіледі.
Қарапайым сумматордың бірінші және екінші қосылғыштарға арналған екі-ақ кірісі болады.
Оны жартылай сумматор деп атайды. Өйткені ол қосу амалын жартылай орындайды, яғни екі
кіріске келіп түскен қосылғыштарды қосып, қосындыны алады. Кіші разрядтан келесі үлкен
разрядқа тасымалдау қажет болса, онда тасымал мәні қосындыға қосылмай қалады. Екі
|