Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет20/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
III БӨЛІМ
ҒАСЫРЛЫҚ
ТУЫНДЫ
«Абай жолы» эпопеясы арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Бұл да аз, әлемнің басқа елдерінде де оған тең келетін шығарма табу қиын. Бұл, менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі.
Луи Арагон
Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың не бір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен біздің кәретті.
Николай Тихонов
Мұхтар Әуезов - сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаң- ғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс.
Рымғали Нұрғалиев
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ- Бөріліаулында1897жылы туған.

Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Мұхтардың атасының есімі - Әуезхан. Ағайындары Әуез деп атап кетіпті. Әуезден Мұхтардың әкесі Омархан туады. Ал жазушының әжесі - Дінәсіл бес ұлдың ішінде жалғыз қыз болып еркелеп өскен - Ақтайлақ бидің немересі. Найманның қаракерей тегінен тарайтын бір тайпадан «он жеті ақын шыққан» сыбан руынан шыққан. «Абай жолы» романында Барлас деген атпен берілген ақын Дулат Бабатайұлы Абай ауырғанда көңілін аулап, қасында бір ай жайдан-жай қонақ боп жатпаған. Ол - Құнанбай ауылына сыйлы Дінәсілдің туысы. Сақыштан туған - Ахмет Әуезов «Бала Мұхтар» (1967 ж.), «Жас Мұхтар» (1977 ж.) атты естелік-кітапшалары арқылы жұртшылыққа жақсы таныс.
Мұхтар қай жерде білім алды?
Мұхтар атасы Әуезден арабша хат таныды. Бұл туралы жазушы «Менің өмірбаянымда»: «Атамыз бізді өзінше оқытатын. Бұл оның өзіне оңайырақ соққан шығар... Ал аздап қара таныған соң өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Өлеңдер біртүрлі ұзақ, түсініксіз. Ара-арасында Фошкин, Лермонтып, Крылоп, Татьян мен Анегин тәрізді бұрын құлақ естімеген, оқшау өзгеше есімдер естіліп қалады. Молдаға ұқсап, атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын», - деп жазады. Осы келтірілген мысалдардан Әуез атасының хат танығаннан кейін оқушыларына тек қана Абай шығармаларын жаттатқанын байқауға болады.
Абайдың бүкіл қарасөздері мен өлеңдерін ғана емес, Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аударған тәржімелеріне дейін бес жасынан жаттап өскен М.Әуезовтің абайтанушы болуына бірден-бір ықпал жасаған адам - ең алдымен Әуез атасы еке- нінде дау жоқ. Ауылы аралас, қойы қоралас құдандалы адамдар болғандықтан, Дінәсіл әжесі сыбаға апарған кезде Мұхтар да ілесіп барады екен. Бірде әжесіне «Үйге қайтайық» деп қыңқылдай бастағанда Абайдың «Қой, қарағым, жылама» деген дауысы мен байсалды көзқарасы жазушының мәңгі-бақи есінде қалып қояды. Бұл туралы Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім» деген роман-эссесінде былай деп жазады: «Мұхтар Абайдың қабырғаға ілінген суретін көріп, қатты ашуланып: «Мынау - Абай емес, Абайдың көзі емес», - деген екен».
Әуез атасынан кейін бала Мұхтардың өміріне әсер еткен екінші адам - Қасымбек. Ол - Әуездің Сақыш деген әйелінен туған бес ұлдың бірі. Жаңаша оқуды қалай бастағанын білу үшін жазушының өз сөзіне жүгінейік: «Оқуды 5-6 жасқа келген соң өзімнің үлкен әкемнен (Әуез атасын айтып отыр) оқи бастадым. Сол кісінің алдынан хат танығаннан кейін, әкеммен бір туысқан ағам Қасымбек қасына алып, Камали (Камалидин) деген хазіреттің медресесінде Семейде бір жыл (1908 ж.) мұсылманша оқытты да, артынан орысшаға берді. Орыс оқуына әуелі өзі дайындады. Содан кейін бір қыс ішінде ауылнай школдан Әбіш Қасенов деген Семей семинариясын бітіріп шыққан қазақ учи- телінен оқып, келесі жыл күз Семейдің «5 классный городской училищесіне» түстім. Содан әрі мектептегі оқу тәртіппен кетті».
М.Әуезов бес кластық училищеге 1912-1913 оқу жылы түсіп, 33 оқушының ішінен келесі сыныпқа үздік бағамен (грамотамен) көшірілген екі оқушының бірі болды. Соңғы курста оқып жүргенде 14 жастағы болашақ жазушы «Есімде қалған бір күн» тапсырмасына орай «Дауыл» (Ураган) атты ең алғашқы шығармасын жазды.
Алғашқы шығармаларын қашан жазды? Қай жерде қызмет істеді?
1917 жылы Жүсіпбек Аймауытұлымен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» деген алғашқы мақаласы «Алаш» (Ташкент, 30 наурыз, №16) газетіне басылса, Тұрағұл Абайұлымен бірігіп жазған «Адамдық негізі - әйел» атты мақаласы «Сарыарқа» газетіне (Семей, 5 қыркүйек, №12), «Оқудағы құрбыларыма» атты мақаласыда осы газеттің 14 қыркүйектегі санына шығады.
1918 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы екеуі Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген атпен мақалалар жариялай бастайды. Сондай-ақ «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Әуезов 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайында орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.
Семинарияны бітіргеннен кейін қоғамдық-саяси жұмысқа араласа бастаған. 1920 жылы Семей губревкомының (губерниялық революциялық коми- тет) жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болады. 1920 жылы «Ес-аймақ» деген мәдени-ағарту қоғамын құрады, жазушының «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесаларын осы қоғам мүшелері сахналайды.
1930 жылы Әуезов «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымының мүшесі, ұлтшыл, байшыл» деген айыппен Ташкентте қамауға алынып, Алматыға жеткізіледі. Ахмет Байтұрсынұлының «Жаңа өкімет бізге сенбейді. Біздің көзімізді көрген сен тірі қалуың керек, сондықтан кешірім сұра» деген ақылымен газетке ашық хат жазып, түрмеден шығады. 1932 жылы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) аға оқытушысы болып қызмет істейді.
1934-1961 жылдар аралығында қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ұстаздық қызмет атқарды. Сондағы Қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалады. Осы жылдары студенттерге арнап «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының суырыпсалма айтыс өнері», «Туысқан халықтар әдебиеті», «Абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды.
М.Әуезов шығармашылығының үлкен бір саласы - Абай жайындағы еңбектері. Бала кезінен ақынның өлеңдерін жаттап, ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме («Татьянаның қырдағы әні»), зерттеу («Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы»), либретто, пьеса, сценарий, роман-эпопея («Абай жолы») жазды. «Абай жолы» шығармасы алғаш «Абай» деген атпен (1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы) жарық көрген.
Жазушы 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. Қазақстан үкіметі қабылдаған арнайы қаулыға сәйкес ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына жазушының аты берілді. Тұрған үйі әдеби-мемориалдық музейге айналды. Республика көлемінде мектептер, көшелер және Алматының бір ауданы жазушы есімімен аталады.
1997 жылы Францияда қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған Қазақстан күндері өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет