Зерделіой
Соңғы жылдары мен оқыған қазақ романдарының ішінен ең алдымен, маған ой салып, жүрегімді тебіренткен Баққожа Мұқайдың «Өмірзаясын» атар едім. Бұл роман көш құлаш мақала жазуға негіз бола алады. Бірер ауыз сөзбен қысқа қайырсақ, бұл - тынысы кең, идеялықжүгі ауыр, шым-шытырық оқиғаға құрылған, болмыс-бітімі жан-жақты, заман ағысын, ұлттық тарихтың жауапты кезеңін терең бажайлап, баяндайтын, кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын сүбелі, соны туынды.
Герольд Бельгер
Пікірлесейік
Романның сюжеті қалай құрылған? 36-беттегі М.Мағауиннің сөзіне қосыласыңба? Романды оқығанда қандай сезімде болдың?
Романның жанрлық ерекшелігі неде?
Кенесары хан туралы көркем шығарма жазған тағы қандай қаламгерлерді білесің?
Себебін анықта
Не себепті шығарма «Өмірзая» деп аталған?
Роман неліктен тарихи және көркемдігі жағынан құнды шығарманың бірі болып есептеледі?
Автордың екі тарихшы ғалымның тағдырын аянышты етіп суреттеуінің себебі неде болуы мүмкін?Себебін анықта
Тобыңда талдап көр
Шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстыра талқылап, «Топпен жазу» әдісі бойынша эссе жазып, қорытыңдар.
Топқа бөлініп, «Ромбтық жіктелім» тәсілімен шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңдар.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен үш адамнан (спикер, сұхбат алушы, хатшы) тұратын шағын топтарда жұмыс істеңдер. Спикер мұғалімнің нұсқаулығы бойынша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы туралы өз ойымен бөліседі. Сұхбат алушы мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. Хатшы оларды бақылайды және спикерге де, сұхбат алушыға да кері байланыс береді.
Дәптеріңе жаз
Әр кейіпкердің монологінен образды ашатын ойларды теріп, кейіпкерлер жүйесін жинақтап, тура және жанама мінездеулерді жіктеп жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |