Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет22/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Үйде орында
«Абай жолы» эпопеясын зерделей оқып, ұлы ақын әлеміне бойла.


Зерделіой

Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің - Мұхтар Әуезов сияқты шыңың болу керек.


Шыңғыс Айтматов
Зерделіой
«Абай» эпопеясы – шығармашылықтың тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма.
Михаил Луконин

«Абай жолы» роман-эпопеясы
Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім.
Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым.
Шынында қазақтар неткен ғажап халық!
Бенжамин Матип
«Абай жолы» - 26 тарау, 2 эпилогтан тұратын қазақ халқының тұңғыш роман-эпопеясы. «Абай» деген атпен 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі «Абай жолы» деген атпен 1952 жылы, 4-сі 1956жылы жарыққа шықты.
1-кітап «Қайтқанда», «Жолда» «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген жеті тараудан тұрады. Бас кейіпкер қазақтың кемеңгер ойшыл ақыны - Абай Құнанбайұлы. Роман-эпопеяда оның 13 жастан бастап, қайтыс болғанға дейінгі өмір жолы тұтас баяндалады. Тараулардың атаулары бас кейіпкердің өмір жолын, өсу жолын көрсетіп, мазмұндық-тақырыптық талдауға жол сілтеп тұр.
«Қайтқанда» деген І тарау «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі оятып тұрғызып еді», - деп басталады.
Семей қаласында үш жыл оқуда болған Абайдың туған ауылына деген сағынышы Байтас пен жорға Жұмабайдың диалогі арқылы беріледі. Қауіп-қатері көп Есембай жырасына тақалғанда Абай жолаушылардан ұзап кетіп, кенеттен арт жақтан қарақшыға ұқсап келіп, жорға Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне түсіріп жіберіп, шоқпарын тартып алады. Абайды іздеп, бұлардан сәл ұзап кеткен жүйрік атты Байтас қайта оралғанда Жұмабай:
- Өй, балам-ау, мына жер - жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? - деп, Абайға ренжіді.
Абай үлкен адамды қорқытқанына басында мәз болғанымен, артынан ерекше ілтипат көрсетіп, жол қысқарту үшін әдейі істегенін айтып, кешірім сұрайды. Осы арқылы болашақ ақынның болмысы, тапқырлығы бой көрсетеді.
Ауылға келгенде амандасудың өзі үлкен тәртіппен орындалады. «Телқара! Айналайын Телқара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!» деген бір жеңгесінің сөзіне қарап, Абайдың екінші аты Телқара болғандығын білеміз.
Өзіне талай ертегі айтып беріп, тәрбиелеген әжесі Зеренің құлағы естімей қалғанын уайымдаған Абай «Емдесе» қайтеді деген сөзіне айналасы «Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады» дейді. Ауыл әйелдері де «Мына балаң молда боп келді ғой, үшкірт балаңа» деп кеу-кеулеген соң, Абай әжесінің құлағына «Юзі раушан, көзі гауһар» деп басталатын өлеңінің бір шумағын айтып, бір рет үшкіреді. Екінші рет осы өлеңнің тағы бір шумағын айтып, «су-ф-ф» дейді. Үшінші рет:
Ұшады бозша торғай көдені ықтап, Басасың аяғыңды нықтап-нықтап. Кәрі әжем естімейді, нана берсін, Берейін өлеңіммен шын ұшықтап, - дегенде ғана қарап тұрғандар да, әжесі де Абайдың қалжыңдап тұрғанын түсінеді.
Тонтай нағашысының өлерінде айтқан «Жазыла-жазыла қожа-молда- лардан да ұят болды, енді өлмесек болмас» деген мысқыл сөздерін еске алып, «нағашысына тартыпты» деген пікірлер айтылады. Осы эпизодтан болашақ ақынның қарым-қабілеті айқын көрінеді. Абайдан 5-6 жас кіші Оспан інісінің тентек қылықтары адамды еріксіз езу тарт қызады.
Тарауда ерекше орын алатыны - Қодар мен Қамқа оқиғасы. Оларды қалай жазалағанын кездейсоқ көріп қалған Абайдың төсек тартып, қатты ауырып қалғандығы оның үлкен сезімталдығын, жанының нәзіктігін дәлелдейді.


Бала Абай ақындармен бірге
Дәл осы кезде ауылға Барлас ақын мен оның шәкірті Байкөкше келеді. Бұл жердегі Барлас – атақты ақын Дулат Бабатайұлы.
1942 жылы шыққан нұсқасына «Керітартпа, ескішіл ақынды насихаттады» деген сын айтылғандықтан, Барлас деп өзгертуге мәжбүр болған. «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақбала-Боздақ» жырлары мен Асанқайғы, Бұқар жырау, Марабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын өлеңдерімен қатар өз өлеңдерін де жатқа айтқан Барласты Абай өтініші бойынша үйдегілер бір ай ұстайды. Кетерінде Абайдың шешесі Ұлжан екі ақынға шапан жауып, ат мінгізіп жібереді. Осы байланыс арқылы Абайдың өлең-жырға жастайынан құмар болып өскені байқалады. Ақынға тән болмысы осылай шақалып таса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет