Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет40/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жазушының Ана туралы новеллалары қазақ әдебиетiн қандай жаңалықтармен байытты?
2. Қазақстандағы асыра сілтеу зардабы, 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан халықтың қырғын табуы Ғ.Мүсіреповтiң кай шыгармасында батыл әшкереленді?
3. "Бейімбет Майлин халық жауы болса, мен де халык жауымын" деген сөздерді жазушы кашан және кандай жағдайда айтты?
4. "Қазақ солдаты" романының қазақ әдебиетіндегі биік орны оның қандай қасиеттерімен белгіленеді?
5. Осы романдары қазақ батыры Қайрош Сарталиевтiң қауымға үлгi боларлық iс-әрекеттерi қалай көрiнген?
6. Қазақ халқының әйгілі дастандары "Қыз Жiбек" пен "Қозы Көрпеш Баян сұлудын" сарынымен жазылған либретто мен пьесада қандай мәңгілік құндылықтар мадак етiлген?
7. Ғ.Мүсіреповтiң өмiрi мен шығармашылық жолын айтып беріндер.

Мен әрдайым бүгінгі, шамам келгенше ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өзімнің бойымдағы бүкіл дарыным мен күш қуатымды... халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.
(Ғабиден Мұстафин)
Ғабиден Мұстафин



Ғабиден Мұстафин
(1902-1985)

Ө мірден оқыған жазушы. Ғ. Мұстафин Қарағанды облысының қазіргі Теміртау қаласына жақын жердегі Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жерде 1902 жылы қараша айында туған. Жасында ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Болашақ жазушының адамшылық, имандылық тәрбиесіне отбасынан, әсіресе әкесі Мұстафадан алған тағылымы айрықша ықпал еткен. Мұстафа қажы әділдігімен, шариғат жолдарын таза ұстайтыдығымен аулында ғана емес, аймағында да беделді кісілердің бірі болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл Ғ. Мұстафиннің өмір тәжірибесінен анық көрінеді. Оның кейіннен атақты қаламгер болып, Қазақстанның Жазушылар одағын басқарғанда да, әдеби талқылаулар мен пікір таластарында да қара қылды қақ жарғандай турашыл мінезден айнымай өтуінің, көркем сөз шеберлерінің арасында биік құрметке бөленуінің түп негізінде бала кезінен санасына сіңірген мұсылмандық парыздарына беріктігі әсер еткені кәміл.
Жазушының орысша оқуы 1916 жылы Спасск зауытындағы орыс-қазақ мектебінде бірер жыл сабақ алуымен шектелген. Бірақ оқуынан «тоқуы» көп зерек, алғыр, ақылды Ғ. Мұстафин нағыз білімді өмір «университетінен» алған. Ол 1918-1925 жылдарда ауылда совет және әкімшілік қызметтер атқарды. 1925 жылы Қызылордада қызмет істей жүріп, әдебиетпен айналыса бастайды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» 1927 жылы «Жыл құсы» альманағында жарық көреді. 1927 жылы «Ер Шойын және басқа әңгімелер» деген атпен тұңғыш жинағы жарияланады. 1932 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетіне жұмысқа тұрады. Новосибирскіде ашылған «Қызыл ту» газеті редакциясында қызмет істеген жылдарында (1933-1938) әңгіме, очерк, мақалалар жазып, қаламын ұштайды. 1938 жылы Алматыға келгеннен кейңн әдебиет ісіне біржолата беріледі.
Әдеби-қоғамдық қызметте өор беделге ие болған Ғ. Мұстафин бірнеше рет КСРО және Қазақстан Жоғарғы Кеңестеріне депутат болып сайланды; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болды. Оның романдары орыс тіліне аударылып, бүкілодақтық оқушылар игілігіне айналды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиетіміздің жетістіктерін сөз еткенде, бәйгенің үлкені прозаға тиесілі болса, сол көркем қарасөздің ауыр жүгін көтеріскен суреткердің бірі – Ғ. Мұстафин.
Біздің дәуірімізде проза, соның ішінде роман, өмір шындығын ашудың, күрестердің, байланыстардың, қайшылықтардың, ықыластардың түп-тереңіне дейін көрсетудің, үлкен заманалық үрдістерді, объективтік ақиқаттарды адамдардың мінез ерекшеліктерімен, жеке бастың аңсарымен тығыз тұтастықта алып суреттеудің сенімді құралына айналды.
Әуелден ауыз әдебиеті дәстүрінің басым болып келгендігі себепті, бізде жазба проза кешеңдеу қалыптасқаны белгілі. Сондықтан да Еуропа әдебиеттері, бірінші кезекте орыс әдебиеті меңгерген шептерге көтерілу қиын нысана болатын. Біздің роман дегендеріміздің көп жағдайда бұл атаққа көлемі ғана сәйкес келіп, ішкі үйлесімдері табылмай қала беретіңдігі де осындай қиындық салдарынан туатын. Өмірдің объективтік ағысын, оқиғалар тарихын айтуды қаһармандардың субъективтік аңсарымен қабыстыру ғана көркемдік шындыққа апаратын жол еді. Алғашқы қазақ романдарында бірыңғай баяндаудың молырақ орын тебуі тарихи аңыздарды әңгімелеп, тізіп айтатын ауызша дәстүрден көп ұзап кете қоймағандықты байқататын. Дегенмен кеңестік дәуірде, бірнеше он жыл ішінде ғана прозамыздың бүкілодақтық оқушы назарына ілінерліктей жол кешуі сүйсінерлік.
Міне, осы серпіліс өрлеу үдерісін Ғ. Мұстафин шығармашылығынан бөліп алып қарау мүмкін емес. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көз көрген» секілді романдар – жазушының өз шығармашылығындағы шоқылар ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің даму үрдісін белгілеген туындылар.
Ғ. Мұстафин үлкен прозаға бірден, төтеден жол тартқан автор емес. Ол мұндай биікке іштей әзірлікпен, үздіксіз ізденіспен, ыждағатты еңбекпен шыққан. Мектептен алған «ресми» білімі үш-төрт класс көлемінен аспайтын жазушының Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі санатына көтерілуі рухани кемелдену белгісі.
Ғ. Мұстафин әуелде өзінің қалам қайратын әңгіме жанрында сынап көреді. Ол алғашқы романы «Өмір не өлім» (1941) туғанға дейін дәуір шындығын қысқа жанр көлемінде айтып отырған. 1929 жылы жарияланған «Ер Шойын» атты жинағында қаламгердің бұл жанрдағы ізденістері мен табыстары топталған еді. Сол әңгімелер мен кейінгі романдар арасында, сөз жоқ, ішкі байланыс жатыр. Мұның өзі – жазушының шығармашылық лабораториясын танытуға мүмкіндік беретін жайлардың бірі. Кеңестік Қазақстанда жүргізілген жаңарулардың белсенді араласушысы болған, сол үдерістерге өз басы қатысқан, ыстығына күйіп, суығына тоңған Ғ. Мұстафиннің замана жыршысы боп қалыптасуы табиғи.
Жазушының шығармаларына қорғасындай салмақтылық дарытатын қасиет – оның өмірді терең білуі. Қаламгер болып танылғанға дейін ол әр салада ұзақ жылдар жұмыс атқарған. Ауыл адамдарының, Қарағанды кеңдері мен цехтарында істеген сан ұлт өкілдерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, үміті мен арманын ол сөз жүзінде емес, қатарласа еңбектеніп жүріп іс жүзінде көрген, таныған. Ғ. Мұстафиннің жастық шағы бүкіл елімізде, Қазақстанда жаңа қоғамның негіздерін қалау жолында екпінді жұмыстар жүзеге асқан дәуірмен тұстас келуі оның шығармашылығына тікелей әсер еткен. Жазушы шығармаларының пафосы өмірді жаңартып жатқан, мақсатты, ірі ойлайтын, кедергіден тосылмайтын, сенімі күшті жасампаз жандар болып келеді. Оның «Шығанақ», «Миллионер» романдары колхоз өмірінің бетбұрыс кезеңдерін көрсетуге, ұжымдастыру оқиғаларын бейнелеуге арналса, «Қарағанды» романы Қазақстан келбетін жаңартып жіберген өндірістік өрлеу дәуірінің шындығына қанықтырады.
«Дауылдан кейін» кеңестік болмыстың ең алғашқы қадамдарын, ол тұстағы сана мен салттағы шытырман өзгерістерді, қайшылықтарды шежірелейді. Осы шығармалардың әрқайсысының көтерген идеялық-көпкемдік жүгі бөлек-бөлек болғанымен, солардың жасалуындағы кейбір ортақ заңдылықтар да бар.
Жазушының кеңінен танымал алғашқы қомақты туындысы «Шығанақ» романы (1945) болды. Бұл – нақтылы өмір кешкен, кезінде тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан ата Шығанақ Берсиев өміріне негізделген шығарма. Көркемідк жинақтау заңдылықтарына берік сүйенген қаламгер бұл туындысында тарихи адамның бастан кешкендерін нанымды ашып, елеулі тұлға етіп шығарған. Шығанақ – қазақ әдебиетінде неғұрлым сенімді, толыққанды жасалған замандас бейнесінің бірі. Өмір материалын жан-жақты зерттеу, қаһарман мінезінің сырларына бойлау еңбегімен, табандылығымен, мақсаттылығымен дегеніне жетіп, диқаншылықтың құдыретін танытқан қарапайым адамның ұлылығын, рухани әлемін ашуға мүмкіндік берген. Шығанақ – мінез-құлық, психика, өмір сүру жақтарынан ұлттық дәстүрді бойына сіңірген өнегелі бейне. Жоспарды орындау үшін елді қысып ұстау, қамшылау керек деген өзінің жақын серіктерінің бірі – Амантайдың ағат әрекетіне Шығанақ былайша жауап береді: «... Торыны айтамын деп торықан көңілді қозағадың-ау. Арқасын ер тессе, борбайын қамшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк шыбын үймелеген кезін көріпсің. Қоң бітіп, құлағы селтеңдеген кезін неге көрмейсің? Айтпа, қазақтың өткенін айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда, малы талауда, ойлап тұрсаң, ылғи бір «ақтабан шұбырынды» заманды кешіп келіп, осы күнге жетті, әйтеуір, көп кедей. Үйірме қамшыңды. Қамшы дағы жаңа кетіп келеді. Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала деп біл, ая, үйрет. Баулысаң, бәрін алады, көрмейсің бе, аянып жатыр ма осылар? Тек ақыл-айла керек. Басқардым деп тұрған сен де, ақсақалмын деп тұрған мен де – сыртымыз қампиғанмен, ішіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен. Сен жассың, қармансаң, қолың жетіп тұр. Байыппен істеп, бабын тап, шырағым. Әпербақан шадыр болма, сабырлы бол, ел мінезіне көнтерілі бол, шырағым. Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің». Бұл сөздер көпті көрген кемеңгер қарттың бір адамға ғана емес, жалпы елмен істес болатын барша қауымға арнаған өсиет сөзі секілді.
Ғ. Мұстафиннің шығармашылық тәжірибесіндегі биік туынды – оның «Дауылдан кейін» романы (1959). Қазақстанда елді кеңестендіру кезеңі бұл шығармада көркем әдіптелген. Бір кезде Б. Майлин, С. Мұқанов шығармаларында көтерілген тақырыпқа сол кезеңді көзімен көрген, көптеген ой түйген, дәуірдің шытырман шындығын саралап білуге мүмкіндігі болған, суреткерлігі кемелденген Ғ. Мұстафиннің қалам тартуы игі нәтижеге жеткізді. Бұл дәуір шындығына бұрылуын автор «Ой толғауында» былайша түсіндіреді: «... Өміріміздің бір қызықты шағы жөнді көрсетілмей қалыпты. Оны жазатын жасамас адамдар азайып барады. Жастар білмейді. Борыш арқалап кету лайық па? Сондықтан азырақ шегінуге тура келді». Ал шығарма алдына қойған көркемдік шарттарын да автор ескерткен: «Дауылдан кейін» романы біраз тәжірибені бастан кешіріп, ой байсалды, жас мосқал тартқан кезде жазылғандықтан, бастапқы кітаптарда ескере алмағанымды ескерсем, жеткізе алмағанымды жеткізсем деген талап қатты қойылды. Көркем әдебиеттің де үлкен қасиеті – адам таныту. Таныту үшін әуелі өзің танып алу керек. Бұл өте қиын. Сол қиындықтан қашып, шығармаға адамдарды аз енгізетінмін. Бұл жолы көбірек енді. Бірақ біріне-бірі ұқсамау жағын қадағаладым».
Өзінің тақырыбы, қамтыған дәуірі жағынан ғана емес, көркемдік жинақтау әдісі жағнан да «Дауылдан кейін» жазушының бұрынғы шығармаларынан өзгеше. Ол өзгешеліктің ең негізгісі – мұнда реалистік суреттер мен байланыстардың анағұрлым кең берілгендігінде. Қазір тарихқа айналған сонау жиырмасыншы жылдар оқиғасын суреттегенде, жазушы типтік жағдайда типтік характерлер сомдалуын талап ететін реализм тәсіліне ден қойған. Сондықтан да кейіпкерлердің іс-әрекеті дәлелді, әрбір жағдайың себебі анық, шешімі сенімді болып отырады.
Жазушы Қазақстанда жаңа экономикалық саясат басталғаннан байлардың мал-мүлкін кәмпелескеуге дейінгі кезеңнің басты оқиғаларын қамтыған. Шығармада байлардың шабындық, егіндік жерін бөліске салу («Ауыл ат үстінде»), болыстыққа таласу («Сайлау»), ел ішіндегі дау-жанжалды шешу, кедей кегін әперу («Атылған оқ»), байлардың өз мүдделерін қорғау үшін жасаған әрекеті («Қараөткелде») тәрізді саяси мен үлкен істердің сырына қанықтыратын эпизодтар көрініс береді. Әрқайсысы қиян-кескі тартыс туғызарлық оиғалар желі тартқан. Қазақ әдебиетінде бұрын көрінбеген тұрмыс-салт суреттері келтірілген. Ескі қазақ ауылы шындығының көп құбылыстары білгір, дәл бейнеленген. Мұны мал өсірген елдің кәсібіне тән көріністің бірі – қашағанды құрықтап ұстау суреттерінен де көруге болады: «... Жылқы су ішіп болған соң, құдық қасындағылар желі басына келді. Сауын бие төрт үйір. Айғыр мінген екі жылқышы бірін шашау шығармай, тығыз иіріп тұр. Жалаңаяқ, дамбалшаң, ышқырын түрінген құрықшылар мысықша басып, тұс-тұстан тақалып келеді... Кеш байланған қара құлақ құлындардың, қулық биелердің қытығы әлі басыла қойған жоқ. Асау, тарпаң. Құрықшылар тақалған сайын қашағандар секем алып, зыта жөнелуге дайын: құрықшылардың аңдығаны да сол. Қашағандар үйірінен сырдаңдап, үйездемей, үйездей қалса, тұрақтамай, топты қозғай берді. Козғала берген үйірді жылқышылар тықсыра иіріп қалған кезде құрықшылар балтыры ағараңдап, ор қоянша орғи барып-ақ қалды. Бірі – қалқамақша жаба, бірі – қазақша серпе тастады құрықтарын».
«Дауылдан кейінге» шыншылдық дарытатын негіздің бірі – тартыстық желінің екшеліп, кейіпкердің жүйелі шоғырлануы, қаһармандар арасындағы күрестің табиғи өрбіп, шарықтау шегіне жетіп таратылуы. Бір жағы – Шәкен бай бастаған үстем тап өкілдері мен екінші тарапта – Аман төңірегіне топталған кедейлер қауымының күресі, қаһармандар әрекеттері өзіндік даралығымен нақтылы жағдайда көрініп отырған. Әлеуметтік тартыстың осылайша толыққанды болуы шығарманың күллі сюжеттік-тартыстық жүйесіне әсер еткен, характерді түрлі жағдайда көрсетуге мүмкіндікті молайтқан. Қаламгер өмірдің ағыстарын өз қалпында, уақыт пен ортаға, мінезге сәйкес етіп бейнелеуге ұмтылған.
Ең үлкен табыс – ауыл адамдарының өздеріне тән қайталанбас саналық, салттық мінез өзгешеліктерінің көрінуі. Суреткер бір-біріне ұқсамайтын алуан адам тізбегін шебер бейнелеген. Қазақ ауылында ұшырайтын мінездер мұнда көп және олар қысқа да болса қызғылықты елес берген. Мәселен, романдағы Тәуке, Таймас, Әбен, Танакөз, Нұрғали, Сыздық сияқты кейіпкерлер – жанды бейнелер.
«Дауылдан кейінде» автор дәуірдің өскелең өкілі ретінде Аманды көбірек сипаттайды. Аманның жаңалықты қабылдауға қабілеттілігі, еңбеушілер мүддесіне сергектігі, сол үшін айлалы жаулармен айқасқа түсе алатындығы бірнеше тұста көрінген. Орташа тап өкілінің шынығып, жетілу эволюциясы танылады.
Қазақ қоғамының үлкен бетбұрыс, жол айрық кезеңіндегі таптар мен топтардың ықыласы мен қайшылығы, алуан түрлі адам мінездері, ірі-ірі заманалық оқиғалар мен кейіпкерлердің жеке бастық тірлігінің тұтас берілуі, қазақ сахарасының табиғаты, халықтың әдет-ғұрпы, наным-сенімі неғұрлым толық қамтылуына орай «Дауылдан кейінді» роман-эпопея деп атау да орынды.
Романның танымдық сипаты мол. Ежелден ру-руға бөлініп келген қазақ ауылының ішкі құрылысы, күрес формалары, кеңес заманы жаңалықтарын халықтың бірте-бірте қабылдап түсінуі секілді көріністер көп.
Қазақ ауылын кеңестендіру жұмысында көптеген ағаттықтар жіберілгенін, бұл жолда қарсылықтар да, қайшылықтар да кездескенін таныстыра алуы – романның соны сипатының бірі. Қаһармандар мінезінің көп қырлылығын ашуы суреткердің реалистігі тереңдегендігін, мінез диалектикасын нақтылы беруге жетілгендігін аңғартады. Әсіресе ақылды, айлалы Шәкен байдың жаңа экономикалық саясат кезіндегі іс-әрекеттері нанымды.
Романда өмірлік бағдарын түсіне алмай жүрген, кедей өкілдерінің де, пайдасынан зияны көп жадағай белсенділердің де, қоғамдық істерге белсене араласа бастаған қазақ әйелдерінің де, рулық «туыстық» сезіміне шырмалған жандардың да бейнелері ұшырайды.
Ғ. Мұстафиннің бай шығармашылық әлемі, өзге көп қасиетін санамағанда, қазақ тілі қазынасының ескерткіші десе болады. Жпзушы өзінің Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ой әуендері» деген кітабында әдебиеттің алуан жағдайын кеңінен әңгімелейді, әдебиет тәжірибесіндегі озық пен олқыға, алмаған асуларға, жетпеген биікке көз жібереді.
«Сәкен туралы бірер сөз» деген мақаласында: «Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз – күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдыреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», - дейді ол. «Сырт көзбен қарағанда, дағдылы жазушыларға жазу оңай, жастарға қиын сияқты. Дұрысыңда: әрбір жаңа шығарманың тұсында дағдылы жазушы да жас. Ғылымда даңғыл жол болмаса, көркем әдебиетте де жоқ».
Жазушы тіл туралы ойларын әрі қарай былай жалғастырады: «Әдебиеттік барлық тұлға түгелденген күнде ой қораш, тіл олақ болса, шығарма, бәрібір, құнды шықпайды... Әдетте, не нәрсе көбейсе, сол нәрсенің бағасы төмендейді. Көп сөзділік те шығарманың бағасын төмендетеді. Бұдан, әрине, жуан кітаптар жаман, жұқа кітаптар ғана жақсы деген ұғым тумасқа керек. Гәп онда емес, сөз сұйыла көрмесін демекпін. Шеберлер аз сөзбен көп аңғартады. Сөзі бос кетпей, нысанаға тиеді, айтуға еңіл, көңілге қона қалады. «Өнер алды – қызыл тіл» болса, әдебиетте де сол».
Бұдан кейін тілді пайдаланудың жолдары мен заңдылықтары сөз болған, қарапайым әрі күлдері шарттар айтылған. «... Жазушы халық тіліне бай, сөз үлгілеріне қанық болуға тиісті. Соның өзінде ол шебер емес, жинаушы ғана. Шеберлік – сөздің орнын табуда, мөлшерін білуде. Мұны білгеннің әр сөзі алтын. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Оның бұл қасиеттерін адам адам болғалы пайдаланып келеді. Әлі күнге ешкім шегіне жете алған жоқ. Демек, әр жазушы өз тұсында өзіндік сөз өнерін көрсетуіне әбден болады».
Суреткердің тағы да бір ғибратты ісін айтуымыз қажет. Ол – оның ауыз әдебиеті қазынасынан байып отыру дағдысы. Ғ. Мұстафин шығармаларында мақал-мәтел, қанатты сөз орнына жүрерлік шешен тіркестердің мол ұшырайтыны, тілінің соншама шұрайлы боулы, жарасымды, жатық естілуі – талғампаздық салдары. Мұндай бедерлі сөздер жазушы шығармаларын зер әдіптей айрықша әсемдікке бөлеп отырады.
Әдеби адалдықтың, халықтың терең мүдделеріне берілгендіктің, көркемдік ұстаздықтың үлгісі шығармаларымен де, өмір өнегесімен де көрсетіп келген классик жазушымыз Ғабиден Мұстафин шығармашылығының сала-сала ақтарар сыры, ой мен сезімді нәрлендірер тұнықтары аз емес. Ана тілін ардақ тұтатын әрбір буын оның туындыларынан телегей теңіз мағына тауып, алтыннан бағалы асыл сөз айдынынан ләззат ала беретін болады.

«Қарағанды» романы


үзінді
1
Жан-жағынан темір арқандармен тартып тастаған түтінсіз темір труба биік деңнің бетінде тұр. Оны төңірекей, ертеде салынған бес-алты тас барак тым аласа, қайсыбірі жарылып құлауға бейімделген, сыртынан тіреп қойыпты. Барақ маңы жота-жота көмір күлдері, жел үп етсе қара боран тұрады. Бірақ, жер әлі қызбаған, дымқыл, көктем жаңа басталды. Шаң-тозаң жоқ. Жалаңаш, байтақ жонның бетінде, беттегі меңдей боп қарауытқан осы Қарағандыға көктеммен бірге бір көш еніп келеді. Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен төрт-бес бричка, легчанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, ішінде он бес-жиырма адам бар. Бәрі орыс. Тек, алдыңғы арбада жалаңбас, бурыл шаш, еңгезердей қара кісінің қасында жұдырықтай Қанабек отыр. Жол үстінде ескі қабырлар жататын, соған жеткенде көлік басын қайда бұрарын білмей, жолаушылар кідіріп қалды.
— Әй, кім де болсаң бері келші,— деп қол бұлғады Қанабек.
Төртбақ, қара мұртты жігіт «бұл кім өзі» дегендей шүйіле бір қарады да, барак алдынан бері аяңдады. Жай жүріп, аяғын нық басып келеді. Ол жеткенше Қанабек тықыршып тұр.
— Салмағынан жер майысады. Ауырын-ай!
Мұртты жігіт келе, естілер-естілмес қылып:
— Сәлеметсіз бе? — деді де, қол алыспай сұлық тұрды. Қанабек өзі барып ұстады оның қолын.
— Танысалық, шырақ. Мен — Тельман аудандық атқару комитетінің председателі Қанабекпін.
— Мен, осы Қарағандыны күзетіп қалған Ермек деген жұмысшымын.
— Бәрекелді! Іздегеніміз сен едің. Мына кісілер сонау Донбастан, Москвадан келеді. Өлі Қарағандыға жан салмақ, бізбен біріге отырып, совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой, Сергей Петрович Щербаков,— деп зор денелі, бурыл бас кісіге нұсқады,— өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы... Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі — инженер Орлов...
Ермек енді әрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген, көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан әлі мардымды ештеме шықпаса ;да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр...
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан әйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен- саран аттылар да бұрылып қонақтардың маңына ирілді. Одан-бұдан жиыла- жиыла кішігірім топ құралды.
— Қарағандыны жүргізуге келіпті!
— Донбастың мастерлері,— дейді.
— Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді!»
Көп ішінде сыбыр-күбір осылай жүріп жатты. Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды:
— Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, завод кілтін енді өз қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң тебінгідей жалпақ алақанына салып біраз ойланып тұрды да, кішірек көкшіл көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңітіп жіберген тәрізді. Қолын көтере, сол далаға мегзей:
— Жолдастар!— деді жуан дауыспен. Күдістеу кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты.— Осы далада Апақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жылдар етіп барады. Содан бері орыс-ағылшын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунист партиясы, совет үкіметі жіберді бізді. Қазақ даласында бесжылдық жоспарды орындауға көмекке келдік. Бұл бесжылдықта мешеу Қарағанды Совет Одағындағы ірі өндірістердің қатарына қосылады. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да кеп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын қамал жоқ...
Щербаков орыс тілінде сөйледі. Бұл қазақтардың ішінде орысша білетіні некен-саяқ. Алайда «партия, совет» деген сөздер бәріне түсінікті. Таяғына сүйеніп, аңыра қалған қазақ кемпірінің жаулығынан шыққан аппақ шаш, алысырақтан қарағанда, құрысқан қоңыр самайына ақ қызғалдақ қадап қойған ба дерсің. Құлағы мүкістеу екен, Ермекті таяғымен етігінен түртті:
— Партия жіберді дей ме?
Ермек басын изеді. Кемпір ыңырана бастады:
— А-а-а, бәсе!..
Қанабек Щербаковтың сөзін қазақшалап болысымен, кемпір Щербаковты жетелей қабірлерге жақындай түсті. Артына қайта-қайта қарап, әлдекімді ыммен шақырады. Көп ішінен зор денелі, алпы ауыз бала жігіт шықты. Ұялшақ екен, ыржия күліп, қызараңдап азар келді. Кемпір әр қабірге нұсқай балп-балп сөйледі енді:
—...Әкемнің қабірі, көкірек ауруынан кетті. Мынау күйеуімдікі, шахтада өлді. Мынау баламның қабірі, жанып тұрған от еді! Ағылшындармен жанжалдасты. Ағылшындарға урядник Кудря болысты. Кудрямен төбелесте қылыштан қаза тапты. Бұл жатқандардың кебі азап, шермен өткендер. Осылар үшін Лениннің талай шайқасқанын есіткенмін. Бүгін, міне, сені жіберіпті. Рақмет Ленинге!— деді де, кемпір жаңағы бала жігітті Щербаковқа қолынан ұстатты— жалғыз немерем, аты Әкім, жетім бала. Әуелі құдайға, сонан соң саған тапсырдым, шырағым. Адам қыл!
Кемпір сөзін Қанабек орысшалап жеткізді.
— Батагөй ана, бұл тілегіңізді қуанышпен қабылдаймын,— деді де Сергей Петрович кемпірді қолтығынан демей қабірден бері шықты. Ермек қонақтарды бастап, бос барактардың біріне беттеді. Желе шоқытып аттылар кетті жөніне. Көмірлерін тиеп, колхозшылар аулына қайтты. «Донбастан мастерлер келді, Қарағандыны жүргізгелі жатыр...» деген «ұзынқұлақ» желдей гулеп, жайыла бастады далаға.
* * *
Біраз күндер өтті. Донбасшылар орналасып жұмысқа кірісті. Беткейде қарамы көпенедей ғана көмір үйіндісі жатыр. Оның қасында Әкім бір жігітпен қолбұранды ырғала бұрап тұр. Анда-санда шыңырау құдықтан бір шелек көмір шығарады. Оны көмір үйіндісіне қоспай бөлек төгеді.
— Неге бөлек төктіреді?— дейді Әкім.
— Кім білсін?—деп қасындағы жігіт те түсінбей тұр.
— Сергейден сұрар едім, әттең орысша білмеймін. Ол қазақша білмейді.
— Әжең қалай сөйлескен онда?
— Қанабек арқылы.
Құдықтан Щербаков, Орлов, Сейтқалы шықты.
— Ысырап! Ысырап!— деп басын шайқап шықты Щербаков.— Жарымын шашып, бүлдіріп, жарымын ғана алып жатырсыздар.
Сейтқалы үндемеді. Қарағандының ескі шахтері болатын. Донбасшылар келісімен ауылдан қайта келді шахтаға. Қазір десятник болып істейді, тоқпақ мұрын, көнтек ауыз, сарыша жігіт еді. Әлден уақытта гүр етіп бір жауап қайырды:
— Ағылшындардың тұсында ысырап бұдан да көп-ті.
— Ағылшындар бізге үлгі емес. Көмірді таза, әрі ысырапсыз ала білу керек,— деді Сергей Петрович шылымын тартып, бұраушылардың қимылына қадала қарап тұрды. Жігіттер таспаша созылып, дамылсыз бұрауда, маңдай терлерін алақанымен сыпырып тастайды.
— Қалай, ауыр ма, Әкім? Шаршадың ба?
Әкім Сейтқалы арқылы сөйлесті.
— Ауыр. Бірақ, әлі шаршағаным жоқ.
— Денең, шаршай қоятын дене көрінбейді. Қайлаға қалай қарайсың?
— Шабар едім.
— Білем, содан кейін машинамен де шапқын, келеді,— деп Сергей Петрович Әкімді арқаға бір қақты да, Сейтқалыға күңк етті:
— Ермекке қосып беріңіз. Үйретсін.
Ақбас инженер Орлов шахтадан шыққан соң оқшауырақ қалған, пенснесін сүртіп киіп, кейіндей келді бұлардың қасына. Үнсіз, дел-сал бір күйде тұр еді. Сергей Петрович оған бұраншыларды қолымен нұсқады:
— Бұған шыдауға болмайды.
Орлов жаурынын қиқаң еткізіп, екі алақанын бірден жайды:
— Қазір не істейміз

— Көлік күшін неге пайдаланбаймыз?
— А-а, атбарабан ба?! Қисыны бар.
— Иә, атбарабан жасау керек. Ауыр еңбек жеңілдейді, әрі енім артады. Жасауды Козловқа тапсырармын, сіз көмектесерсіз.
— Ағаш қайда?
— Козлов табады.
Сейтқалы көмірді іріктей, жәшікке салып, аузын шегелетіп жатыр. Әкім әлі түсінбей, күбір-күбір сөйлеп тұр:
— Осынша шегендеп, қастерлемесе қайтеді екен?
— Оралға, Донбасқа жібереді.
— Олар қайтеді?!
— Зерттейді.
— Зерттегенде май шыға ма? Көмір — көмір де.
Сергей Петрович Әкім сөзіне елең етті. «Не деп тұр?» деп сұрап еді, Сейтқалы түсіндіргенде күліп жіберді.
— Ұғындырыңыз оған. Ұғынып істесе ынталы болады. Көмірдің көмірі бар... Көмірден май да шығады, темір тасын қорытатын коксі де шығады. Бізге алдымен кокс керек, біліп қойсын.
Әкім басын изей берді. Жәшікті шегелеп болған соң Орлов оған көтертіп, треске жөнелді. Щербаков Сейтқалыны ертіп «Гербертке» қарай аяңдады. Қыр басынан атырапқа көз жіберіп, күлім-күлім етеді. Сонау боз төбешіктің бетінде, одан бергі ойпатта ін қазған аңшыдай жаңа шахта ашуға кіріскен адамдар көрінеді. Адам қарамы әлі аз. Бел асып бірен-саран көштер келеді...
— Жұмыс басталды. Көремісің, кеш те келе бастады, — деді Сергей Петрович,— колхозбен шарт жасасқан кезде, бұл көштер өзен суындай құйылады әлі.
Иә, ел хабарланды, елеңдеп тұр.
Соларға алдымен су, нан, баспана керек. Бізде әзір бірі жоқ.
— Қинағанда су қинар, — деп Сейтқалы желкесін қасыды. Бүкіл Қарағандыда екі-үш құдық болатын, су тереңде. Құдықтың өзін көбейту оңай емес. Бірақ Сергей Петрович судан гөрі баспананы айта береді:
— Темір жол жоқ, құрылыс материалдары жоқ. Қыстыкүні қайда паналайды жұмысшылар?
— Жеті километрде «Қызылқұдық», төрт километрде «Аққұдық», алты километрде «Ащылыайрық», тоғыз километрде «Бұқпа» колхоздары тұр ғой. Тіпті, қысылып бара жатса, жербарак қазып алмай ма? Оған кеп материал керек емес. Бәрінен су қымбат. Суды колхоздан таси алмайды...
Әңгімені шақылдаған балға дауысы бұзды. Биік, темір трубаның дәл түбіндегі тасқора бұрынғы «Герберт» шахтасы орнаған үй. Шахтаның өзін ағылшындар кетерінде мүлде бүлдіріп кеткен. Қазір сол шахта үйінін, бір бөлмесінде Көктайынша балға соғып тұр. Аты өзіне сай, киіктің асығындай ғана адам, ертеде Спасск, Қарағандыда істеген атақты ұста болатын.
Донбасшылар келгенін естіп, елден бұрын келді. Жаңа Қарағандыда бірінші соғылған балға, бірінші құрылған көрік соныкі. Қайла ұштап жатыр екен, қолының ебіне Сергей Петрович сүйсініп:
— Темірді балшықтан оңай илейді екенсіз,— деді.
Көктайынша орысша доғал тілімен именбей сөйлесті.
— Қарақызды көрсеңіз не дер едіңіз?
— Ол қайда?
— Қайтыс болған.
— Ескі жұмысшыларға хабарлай беріңіз, келе берсін. Қайлаларын ала келсін, сайман жетпейді.
— Олар өздері де тастамайды. Тек сіз пәтер берсеңіз болғаны. Басқасы бірте-бірте бола береді.
Мосқал ұста уайымды білмейтін сияқты, бар жабдық түгел тұрғандай кең сөйлейді. Дүкенінде сонда тот жеген темір қиқымдары, можа болған ескі қайлалар ғана жатыр. Сыртта, қираған жыртық вагонетка, жіңішке рельстер көрінеді. Козлов, Көктайынша, Лапшиндар осы болмашыдан болашақ мехцехты құрастыра бастаған.
Есік алдына пар ат жеккен бричка келіп тоқтады. Жуантық, аласа бойлы, бурыл шаш адам секіріп түсті ішінен. Қимылы тіпті ширақ, шаң басқан плащын шеше сала сілкіп жатыр.
— Козлов,— деді Көктайынша.
— Борис Михайлович, тез қайттың ғой,— деп Щербаков дауыстады,— не бар екен?
— Жөнді ештеңе қалмапты,— деді де Козлов арбадан тотты темірлер түсіре бастады: қайла, винт, болт, қырықаяқ, болат арқанның үзігі сияқты өңкей ескі-құсқы. Ағылшындар тұсында мыс қорытатын Спасск заводы Қарағандыдан 35 километр, Козлов соған барып қайтты. Әкелгені осылар ғана.
— Бұдан басқан, бар ма?
— Үш локомобиль, бір-екі камерон сілімтіктерін, біраз труба таптық. Лапшин әкеле жатыр.
— Больше-Михайловкадағы кулак диірменінен не қалды екен?
— Кулак пен ағылшындардан не дәметесіз, Сергей Петрович?— деп Козлов күлгенде, тісінің кетігінен тілі жылтың-жылтың етіп тұр.— Одан да бірер локомобиль, бір движок табылған. Шоқбыттап, жамап байқармыз. Темір жол келгенше қол қусырып отырамыз ба?
— Бері жүріңдер,— деп, Сергей Петрович бәрін соңынан ертті. Басқа бөлмедегі «Гербертке» келді. Тік шахта еді, қараңғы шыңырауға ойлана үңіліп біраз тұрған соң сұрау берді Сейтқалыға:
— Тереңдігі қанша?
— Жүз метр шамасында.
— Астында көл жатыр дейді ғой, Ермек?
— Мүмкін. Суы көп болатын, жиылған шығар.
— Сол суды пайдалану керек. Чайков жер астынан екі жерден су тауыпты. Оны да пайдаланамыз. Сонда әзірше су мұқтаждығы жойылады.
— Тамаша!—деп тамсанып та қойды. Оның ойында тек құдық, өзен ғана. Басқа су есінде жоқ.
— Қалай пайдаланбақсыңдар?
— Борис Михайлович есебін табады. Машинамен тартады.
— Машина қайда?
— Машинаны өзі жасайды.
Козлов басын шайқай, сылқ-сылқ күлді.
— Неден жасайын? Жұртта қалған мынау салдамалардан ба?
— Оны өзің біле бер. Су керек жұртқа, су! Судан бұрын анау қолбұранды атбарабанға айналдыр. Тезірек, тезірек, — деді де, Сергей Петрович Сейтқалыға бұрылды.— Сіздің забойлар күн санап ұзай береді енді. Ұзаған сайын тачканың берекесі кетеді. Осы «Герберттің» маңында бірталай вагонетка, рельстер жатыр...
— Бәрі істен шыққан ескілер.
— Борис Михайлович іске жаратады. Соларды шахтаға салуға қазірден дайындай беріңіз. Жаңа жұмысшыларды шахтаға жеке жібермеңіз, өзін, не шахтаны бүлдіреді, ескі жұмысшыларға қосу керек. Ескілердің өзі Ермектен көп нәрсені үйренуге болады. Біріне бірі үйретіп, көмектесіп отырса ғана өндіріс кадрлары тез өседі. Кадр өссе, жаңағы біз көрген ысырап, бірақ та болмайды...
Салмақты, байыпты кең адам жайлап түсіндіріп тұр. Оның сөзінен әкімдіктен гөрі әкелік көбірек сезіледі. Сейтқалы, Козлов, Көктайыншаларға тапсырмасын берген соң жалғыз кетті. Екі қолын кен, шалбарының қалтасына бойлата сұғып, жай жүріп келеді. Шытырман ойда «...маман жұмысшыны былай қойғанда, қара жұмысшының өзі жетпей жатыр. Адам күшін де колхоздардан аламыз. Ол адамдар үйретуді, тамақ, киім, пәтер беруді, балаларын оқытуды... тілейді. Атбарабан, тачка, қайламен өндіріс алысқа бара алмайды. Нұра өзенін бұрмай, халық суға да жарымайды. Темір жол жетіп, құладүздегі Қарағандыны Отанымыздың ірі өндіріс ошақтарымен байланыстырғанша талай қиындықтар тұр алда... Бұларды жеңу үшін алдымен партия, совет, кәсіподақ ұйымдарын құру керек...»
Белесті байтақ даладағы мешеу өндіріс, мардымсыз қимылдар арасында Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жатты да, отыра қалды бір тасқа. Қалтасынан блокнотын алып жаза бастады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет