Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет38/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Сөз зергері. Ғ.Мүсірепов шығармаларынан ана тiлiмiздiң мөлдір тұнығы, саф тазасы табылады. Жазушының әдебиетімізге, мәдениетімізге қоскан ең үлкен олжасы - халық тілін еркін игеріп, сұрыптап, әдеби тілiмiздi дамытуы, көркейтуі. Ақындарымыз бен жырауларымыздың ежелден қалыптастырған әрі нақты, әрі шешен сөйлеу дәстүрін жалғастыруы суреткер стилінің қымбат қырының бірі. Тапкырлық, тартымдылық, шешендік оның публицистикалық, сын мақалаларына ғана емес, әңгiмелерi мен романдарына да, пьесалары мен аудармаларына да айрықша ажар қосады. Сөздердің дыбыс үндестігін сақтау, аллитерация мен ассонансты жиi қолдану түркi тiлдес халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрі болса, осы сарынды табиғи, үйлесімді өрістетуші суреткерлер сапында Ғабит Мүсіреповтің есімі аталады. Ол тіл тазалығы мәселесіне арнап бірнеше мақала жариялады.
Казак әдебиетінің реалистік сипаттарын жетілдіруге Ғ.Мүсіреповтің қоскан үлесі мол. Оның сонау отызыншы жылдардың бас кезiндегi әңгіме-новеллаларынан бастап, қазақ прозасының озық үлгiлерi қатарына қосылган "Қазақ солдаты", "Кездеспей кеткен бiр бейне", "Ұлпан" повестеріне дейiнгi аралыкта сомдаған шыншыл адам бейнелерi - үлкен шоғыр.
"Кездеспей кеткен бір бейне", "Ұлпан" повестерінде жазушы шеберлiгiнiң соңы қырлары байқалады. Осы шығармалардағы Еркебулан, Ұлпан бейнелері - әдебиетімізге қосылған тың, көркем тұлғалар. Реалистік әдебиеттің дәстүрі әлеуметтік, мінездік талдауларды ұштастырудан, құбылыстардың себебiн, салдарын қабыстырудан көрінеді делінсе, бұл талаптардың Ғ.Мүсірепов шығармаларында шеберлiкпен орындалғаны байқалады. Ол - қазақ әдебиетіне романтикалық өрнекті жарасымды енгiзген, сол арқылы көркемдік дамуымызды жаңа биікке көтерген жазушы. Суреткердің көркемдік табысы саналған бейнелердің көбінде реалистiк нақтылық пен романтикалық асқақтық астасып жатады. Өмірдің күнделікті күйбенi мен қоңырқай тiршiлiгiн егжей-тегжейлi тiзiп жатпайтын, адамдардың келбеті мен мiнезiндегi қасиеттерді өркештендiрiп көрсететін, кейде талдау орнына кұбылыстардың нәтижесін ұсынатын романтикалық ағымға тән көркемдік кестелер жазушы шығармаларының қуатты негiздерiнiң бiрi.
Ғ.Мүсірепов шығармаларында публицистикалык бедер дің орны елеулі. Бұл қасиет жазушының саяси, әдеби, мәдениет тақырыбына жазған мақалаларынан ғана емес, новелла, әңгіме, повестерінен де, кейде романдарынан да аңғарылады. Шығармаларында реалистік, романтикалық, публицистiк бояулардың кезектесіп, шебер бiрлесiп, ұласып келуi, оған юмордың қосылуы суреткер стилінің өзгеге ұқсамайтын дара нақышын құрайды. "Ақын орны - қаламының қанаты қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын, әсіресе биікте көп. Қырандай құлаштап сермеп барып, сол орынды ал. Өзгенін бәрi де, мансап та - мансұқ", дейді ол бiр мақаласында.
Ғ.Мүсіреповтің әдеби сын еңбектерi қазақ әдебиетi жүрiп өткен жолдың шежіресін таныткандай. Мұндай мақалалардың үлкен тобы "Суреткер парызы" атты кітапта топталған.
Жазушының бақыты мен мәртебесі халықтың оған деген сүйіспеншiлiгi мен сенiмiнде, шығармаларының жер жүзiлiк даңққа ие болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет