Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет35/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

IV БӨЛІМ

ТАБИҒАТ

ЖӘНЕ АДАМ
Кеңсің, дала, Туған ана, Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін, Тән бе ретін, Мейірімді ана - сен ғана.
Сәкен Сейфуллин
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа - адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу - басты міндеттің бірі.
Ыбырай Жақаев
"Ғ. Мүсірепов творчествосы қазақ өнерінің сұлу бір арнасы. Ғабит әні - таза үнді, әсем әуезді шырқау ән. Ғабит арнасы - мөлдір, тұнық арна. Ғабит шығармалары ұзақ баптап, әбден жаратып, жал-құйрығын сузiп барып, бәйгеге қосқан жүйріктерді еске түсіреді, оның шығармалары әдебиетімізге мәдениет, көркемдік, тереңдік әкелді; ұлттық және интернационалдық сипаттарды тұтастырды", - деп жазушының шығармашылығына профессор Рымғали Нұрғалиев өз бағасын береді. Жазушы көркем тілімен, көркем әдебиетте көрнекті орын алып, ұрпағына талай тәлім қалдырды.


Ғабит Мүсірепов



Ғабит Мүсірепов
(1902-1985)

К еңестік дәуірде кен өріс жайған, көп жанрлы, биiк профессионалды қазақ әдебиетi шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Махмұдұлы Мүсіреповтің есiмi аталады. Онын қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, новеллалар, очерктер туды. Жазушының ана такырыбына арналған бір топ новелласы - әдебиетіміздің жағымды табысы. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқты" сынды драматургиялық шығармалары қазақ әдебиетінің жетістіктері қатарына қосылды; әйгiлi лиро-эпос "Қыз Жібектің" сарынымен жазған либреттосы негiзiнде казак опера өнерінің алғашқы да айтулы туындысы сахнаға шыкты. Ғ.Мүсіреповтiң кен тынысты, мол оқиғалы "Қазақ солдаты", "Оянған өлке", "Жат қолында" секiлдi шығармалары роман жанрының қалыптасуына үлес болып қосылды. Дүние жүзі әдебиетінің таңдаулы нұсқаларын қазақ тiлiне аударуы да суреткер еңбегінің бiр қыры. Қазақ әдебиетінің маңызды мәселелерi бойынша жасаған баяндамалары мен жазған мақалалары өз алдына бір төбе. Әсiресе оның қазақ әдеби тілінің қазiргi халін, көркем әдебиет тәжiрибесіндегі жетістіктер мен нұксандарды батыл да анық көрсеткен талдаулары ана тiлiне деген қамкорлыктың өшпес үлгiсiндей маңызды. Ғ.Мүсірепов өзінің талғамды, талантты шығармаларымен қазақ халқынын көркемдік көшін бастаушылардың бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет