Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет65/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Хронотоп - мекеншақ (Б.Май танов) - уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемдігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді, ал кеңістік болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, өлшенеді. Көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып,белгілердің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады (М.Бах тин). О.Бөкей шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Қаламгер оқиғалардың мезгілін нақты сипаттайды. Оның шығармаларындағы кеңістік пен уақыт ондағы оқиға, іс-әрекеттерге қатысты өзгеріпотырады.
Поэтика (грек. роіеіік /еһпе - шығармашылық өнер) - сөз өнері туралы ғылым.
Пафос (грек.раіһоз - сезім, құмарлық) - өнер адамдарының ерекше шабыттанып, жігерленетін кезі, құлшыныс, құштарлығы, қуатты сезімі.
Ежелгі грек әдебиетінде пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын-жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалынан ықтауда қалыптасты.
Тартыс (лат. соп/іісіиз - қақтығыс, айқас, талас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі.
Диалог - әдеби шығармаларда екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, яғни оларды сөйлету арқылы шығарма мазмұнын ашу тәсілі. Монологтен айырмашылығы онда тыңдау механизмдері қатар жүреді.
Мазмұндық-тақырыптық талдау - шығарманы тұтастай ала отырып, талдау.
Композиция (лат. сотрозіііо - құрастыру, қиыстыру) - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әртүрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. Көркем әңгіме не поэма, не романда әр алуан сюжетке құрылады.
Сюжет (франц. зщеі - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы және тәсілі. Сюжет тек оқиғалы шығармаларда ғана қолданылады:

  • шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары;

  • шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себебі болса, екіншісі – оның нәтижесі.

Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге түрлі көзқарас, түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады.
Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.
Әңгіме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі беріледі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса, көркем шығармада да біз тап сондай адамдарды кездестіреміз. Сөйтіп, жазушы шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектерінің қалауын тауып, асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Оқиғаның басталуы, өрбуі, шешімі - барлығы біртұтас композицияны құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет