Зерделіой М.Әуезовтің «Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың, махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған, ең бастысы - есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.
Леонид Соболев Пікірлесейік Романның сюжеті қалай құрылған? Ақынның өмір жолы қалай сурет- телген?
Шығарма тарауларына атау беруде автор қандай мақсатты ұстанған?
Шығарманың ерекшелігі неде? Өз пікіріңді білдір.
Романда қандай салт-дәстүрлер суреттеледі?
Роман қанша тілге аударылған?
Автор Құнанбайдың Абайды тәрбиелеуін қалай сипаттаған? Құнанбай сияқты әке тәрбиесінен қандай үлгі алуға болады?
Себебін анықта Не себепті шығарма эпопея деп аталады?
Неліктен эпопея әлемдік шығарма болып саналады? Неге шетел жазушылары романға жоғары баға берді?
М.Әуезов осындай күрделі шығарманы қандай негізге сүйеніп жазып шықты?
«Абай жолы» роман-эпопеясы неліктен әр шаңырақта болуы керек деп ойлайсың?
Не себепті Құнанбай Абайды қиын мәселелерге араластырған? Жазушы жас Абай кездескен, әке аманатын жеткізген, сөйлескен кейіпкерлері арқылы нені көрсеткісі келген?
Тобыңда талдап көр Альфред Курелланың «Сіз «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз еш- теңе де оқымағансыз. Бұл - ақыл жетпестей ғажап дүние! Дала өзінің бүкіл қаймағы бұзылмаған бәз-баяғы табиғатымен, үлгі-үрдісімен, тұп-тұтас айла-шарғы, мінез-құлқымен жанды күйде көз алдыңнан анталап өтіп жатады. Сезім күйлері мен шабыт күштілігі тұп-тура Шекспирше! Сіз заманды ешбір ғылыми-зерттеуден де дәл мұндай сезінбейсіз. Ал қандай поэзия десеңізші! Қара сөзбен жазылған осынау қалың қос кітапта бірде-бір прозалық жол жоқ» деген сөзін талдаңдар. Романнан осы пікірдің дәлелін көре аламызба?
Әр тарау атауын талқылаңдар;
романдағы ұлттық құндылықты, салт-дәстүрлерді талдап, шығарманың маңызын түсіндіріңдер.
«Жазушы тілінің сөздігін» құрастырып, шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын көрсете отырып, кестені толтырып,талдаңдар.