Л. С. Динашева ОҢТҮстік қазақстандағЫ Қоныс аударушылар тарихы мәселелері: жаңа көЗҚарас


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



бет3/13
Дата26.08.2020
өлшемі0,87 Mb.
#76999
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Monografia

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі .....................


4
18

28

42

52

70

95
120
123


КІРІСПЕ
Еліміздің басынан кешірген тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Ол тек ертеде өткен қатал да қарама-қайшылыққа толы өмірді еске түсіру және оны қайта қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге егемендік идеясы орын алған бүгінгі таңда қазіргі заман процестерін жете түсінуге мүмкіндік береді. Отанымыздың өзіндік төл тарихын оқыту, әсіресе зерттеу, алдымен өзіміздің қауым жастарының, жалпы ізгі ұрпақтарының жаңа саяси-тарихи ахуалды саяси мәдениетін, дербес ел мүддесіне сай көзқарастар жүйесін қалыптастыру үшін өте қажет екендігін өмір шындығы дәлелдеп отыр. Сондай-ақ елімізбен терезесі тең іргелес және шалғай орналасқан дүние жүзі мемлекеттері отанымыздың кешегі мен бүгінгі өмірін білуге ерекше ден қойып отырған шақта, республикамыздың кейбір ғылым, қоғамдық ой жүйесінің, тіпті Ресей елінің жеке қайраткерлері мен жазушыларының қазақ тарихының келелі оқиғаларын әдейі бұрмалауы - аяғынан енді тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің ұлтаралық қарым-қатынастарына қалай әсерін тигізіп отырғаны да, бір жағынан, жаңа дәуірдегі тарихи дамуымызды бұрмалаудан не көмескі білуден екендігі сөзсіз.

Осындай бұрмаланып, шашыранды зерттелген салмақты мәселелердің бірі - Қазақстанның жекелеген аймақтарында XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі патшалық Ресейдің жүргізген аграрлық-қоныс аудару саясаты және оның салдарлары мәселесі болып табылады. Академик М.Қозыбаев бұл жөнінде: “Егер біз ертеңімізді ойласақ... орыс империясы елімізді қалай жаулап алды, орыстандырды, шоқындырды, әскери отарлады... деген сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал” /1/ - деп көрсетті.

Қазақстанның бүгінгі терең экономикалық дағдарысқа тірелуінің алғы шарттары, негізгі себептері ғылыми ортаға, белгілі дәрежеде одан да кеңірек қауымға мәлім. Дегенмен, мұның түрлі идеологиялық-саяси жағдайларға байланысты осы уақытқа дейін саясаткер, ғалым және мамандар өз дәрежесінде жете көңіл аудара алмай келген тағы бір себебі бар. Ол - Кеңес билігі тұсында қазақтардың дәстүрлі шаруашылықтарының күйреуі. Шынын айту керек, қазақ қоғамының экономикалық негізін әлсіретуге бағытталған жүйелі әрекеттерді патша шенеуніктері бастап, Кеңес билігі оны логикалық шегіне жеткізді. Ал бұл ұлыдержавалық, отаршылдық әрекеттің негізінде жер мәселесі жатты.

Мемлекеттік тәуелсіздік, дербестік алып, нарықтық қатынасқа бет бұрған кезеңде тағы да айтыс-тартыс туғызып отырған жер мәселесінің (меншік түрі тұрғысынан) өз тарихы бар. Ал кез келген мәселені дұрыс шешу үшін оның тарихын, яғни алғы шарттарын білудің мәні үлкен.

Халқымыздың тарихын зерттеумен бір ұрпақ өкілдері ғана айналыспағандығы белгілі. Кеңестік дәуірде орныққан саясат пен идеология тарапынан жүргізілген және партиялық-таптық бір келкі көзқарас салдарынан болған түрлі қыспақтарға қарамастан, шындық үшін күрескен тарихшылар да болды. Бірақ, солармен бірге Ресейдің ұлттық өлкелерінде Кеңес өкіметі орнауымен тарихнама көптеген жағдайларда бұзылып та және үзіліп қалып та отырды. Кеңес тарихшыларының көпшілігі патша әкімшілігінің агарарлық және қоныс аудару саясатының отарлық сипатын бүркемелеп қана қоймай, кейбір жағдайда оны ақтады да. Олар Ресей империясының отарлық саясатын зерттей отырып, тек патшалық билік қана Қазақстанға “мәдениетті” енгізді, орыс-казактары мен қоныс аударып келген шаруалардың “үлгісі” негізінде қазақтар егін шаруашылығымен айналыса бастады және де экстенсивті көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы тұрмысқа өтті деп дәлелдеуге тырысты. Тіптен олардың пайымдаулары бойынша егіншіліктің өзі Ресей шаруаларының келуімен пайда болып, ал қазақтардың отырықшы тұрмысқа ойысуы иеліктерінен жерлерінің тартып алынып, мал жайылымдарының тарылуымен көшпелі тұрмысқа бейімделген мал шаруашылығын жүргізуге мүмкіндіктің болмауы негізінде жүзеге асырылыпты-мыс. Бұл концепция бойынша патша үкіметінің аграрлық саясаты қазақ халқының ауыл шаруашылығы мәдениеті мен тұрмыс халінің артуына қызмет еткен дегенге саяды. Мұнымен қатар, айтылмыш үрдіс өкілдері, Ресей отарлаушыларының сан мыңдаған қоныс аударушыларды Қазақстанға тоғытып, ал қазақтардың құнарсыз жерлерге және шет мемлекеттерге көшуге мәжбүр болған факторларын көлеңкелеп, көрмей, айналып өтуге тырысты.

Тарихымызды қайта зерделеп, ақиқат көзімен әділ саралап, шынайы ашып беру - қазіргі кездің маңызды міндеті. Жоғарыда баяндалған мәселелердің мазмұнын ашу - өлкеміздің отаршылдық замандағы даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Облыстың әлеументтік және шаруашылық дамуына жете мән бермесек, қазіргі кезеңдегі бірқатар тарихи миграциялық оқиғалардың да бағыттарын анықтай алмаймыз. Осы айтылған тұжырымдар зерттеудің ғылыми - танымдық маңызына қоса осы дәуірдің өскелең талаптары тұрғысынан да, Қазан революциясына дейінгі оқиғаларға шынайы баға беру қажеттілігінен де оның өзектілігін анықтайды.

Осы өзекті мәселені біз Қазақстанның Оңтүстік өңірін патшалық Ресейдің отарлауына байланысты жер мәселесі мысалында зерттеуді мақсат еттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет