Құлаққаптағы өмір Құлаққаппен әуен тыңдаудың ережелері күн санап дамыған жаңа технологиялар адамды өзінің ырқына бағындырып барады. Ол жасырын емес. Компьютер мен телефонсыз жұмысыңның алға жүруі қиын және құлаққаппен құлағын бітеп алып өз әлемінде кетіп бара жатқан көрініске де көз үйренді. Әтсе де оның зиянын ескеріп жатқан ешкім жоқ.
Дәрігерлер 10-15 жыл бұрын есту дәрежесінің төмендеуі 40 жастан асқанда басталса, қазір жиырма жастан асқандардың шағымы көп деп дабыл қағуда. Бұған құлаққаптың да айтарлықтай әсері бар. Қатты шыққан дыбыстар ортаңғы құлақтың дабыл жарғағына өте зиян. Құлақтың жарғағы зор дыбыстың ішкі құлаққа енуіне кедергі келтіреді. Егер қатты шыққан дыбыстар тым ұзақ уақыт ішкі құлаққа естіле берсе, онда оның бұлшықеттері әлсіреп, қорғаныш қасиетінен айырыла бастайды. Ал, бұл жағдай өз кезегінде миға импульс жіберетін жасушаның зақымдануына әкеп соғады. Дыбыстар тоқтаусыз естіліп тұратын болса, ол есту қабілетін нашарлатады.
Құлаққаптың қай түрі болса да жүргізілген тәжірибе , адам ағзасына зиянды екенін дәлелдеп берді. Тақырыпты кеңінен ашу үшін 8-10 сынып оқушылар арасында сауалнама жүргіздім.Оның мақсаты: құлаққаптар туралы және олардың зияндылы туралы қаншалықты дәрежеде білетіндерін анықтау. Сауалнамаға 42 оқушы қатысты. Құлаққап» ағылшын тілінен аударғанда не мағына береді? А) бас телефон; б) телефон; в) білмедім.
Әуенді құлаққап арқылы тыңдауға қалай қарайсыз, сәнді деп ойлайсыз ба?? А) я; б) жоқ.
Құлаққап арқылы әуен, мәтіндерді, қажетті ақпараттарды тыңдаған тиімді деп ойлайсыз ба? А) я; б) жоқ.
Өміріңізде құлаққапты қолданып көрдіңіз бе? А) я; б) жоқ.
Құлаққаптың қандай түрлерін білесіз? А) мониторды – құлақты жауып тұратын үлкен; б) құлаққа қыстырып қоятын; в) ішіне қоятын; г) ешқайсысысын білмеймін.
Құлаққаптың қай түрін пайдаланасыз: а) мониторлы; б) қыстыратыны бар; в) ішке кигізетін. Неге, түсіндіріңіз.
Күніне қанша уақыт құлаққаппен музыка тыңдайсыз? А) 20 минут; б) 30 минут; в) 1 сағат; г) 2-3 сағат; д) уақытты байқамаймын.
Құлаққаппен әуен тыңдағанда басыңыздың ауырғанын байқайсыз ба? А) я; б) жоқ.
Құлаққаппен әуен тыңдағаннан кейін құлағыңызда қандай да бір өзгеріс болғанын байқадыңыз ба? А) я, есту қабілетім азаяды; б) кейде естуім нашарлайды; в) ешқандай өзгеріс байқамаймын.
Егер есту нашарласа, оған не себеп деп ойлайсыз?
А) құлаққаппен ұзақ уақыт әуен тыңдағаннан; б) құлаққаппен ұзақ және қатты әуен тыңдағаннан; в) қоршағандардың қатты сөйлесуі мен қатты айқайынан.
Құлаққаппен ұзақ уақыт пайдалану есту қабілетін біртіндеп азайтады, тіпті, кереңдікке әкеледі дегенге келісесіз ба? А) я; б) жоқ.
Құлаққаптар жол-транспорт оқиғаларына себеп болады деп ойлайсыз ба? А) я; б) жоқ.
Құлаққапты қолданғандаесту қабілетінің бұзылуына қатысты ережелерді білесіз бе? А) я (болмағанда 3 түрін айтыңыз); б) жоқ.
Нәтижесі:
Сауалнама нәтижелерін талдау арқылы мынадай шешімдер шығардым:
Барлық қатысушылар қандай да бір мақсатта бір рет болса да құлаққапты пайдаланған.
80% сұралғандар құлаққаптың қыстыратын, ішке қоятын, сыртқы түрлерін жақсы біледі.
90% қатысушы құлаққаптардың қаупі туралы білмейді.
75% оқушы адам денсаулығына құлаққа ендіріп қоятын құлаққаптардың көбірек зияны барын білмейді.
Тек оқушылардың 5% құлаққапты қолдануда ескеретін ережелерді білетінін көрсетті.
Құлаққаптың оқушыларға әсерін және
оны қаншалықты жиі қолданатынын анықтау
үшін мектебіміздің 8 және 9 сынып
42 оқушыға сауалнама жүргіздім.
3.Құлаққапты қаншалықты жиі пайдаланасыз?