int accept (int sockfd, struct sockaddr *address, size_t *add_len);
Бірігуге арналған қабылдауды жүргізетін, сокет дескрипторы - sockfd;
NULL мәнді address параметрін беруге рұқсат етілген және клиенттің адресін білу шарт емес, себебі байланыс бірігуді қолданып отыр; address - клиент жайлы ақпараты бар сокет адресінің жалпылама құрылымының көрсеткіші;
Address мәні NULL - ға тең болмаған жағдайда, address - параметрімен берілген, адрес құрылымының мөлшері - add_len болып табылады.
Байланыс үшін қолданылатын, жаңа сокет идентификаторына қайтарылатын мән сәйкес келеді. Клиенттен бірігуге сұраныс түскенге дейін, accept() шақыруын берген процесс күту күйіне ауысады.
Берілген операция тек сервер бағдарламасында ғана орындалады.