Нәтижелерді өңдеу және есеп беру.
1. v=λv формуласы бойынша әрбір жиілік үшін толқынның v фазалық жылдамдығын есептеңіздер де, осы мәнін 3-кестедегі v жолға жазыңыздар.
2. Бір графикте толқын таралуының жылдамдығын және v фазалық жылдамдықтың есептеліп алынған мәндерінің f тербеліс жиілігіне тәуелділіктеріне салыңыздар.
3. Алынған графиктен және толқын жиілігіне тәуелділіктерді (толқын дисперсиясын) анықтаңыздар.
4. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
3-кесте. Өлщеулер мен есептеулер нәтижелері.
f, Гц
|
1,00
|
1,10
|
1,20
|
.......
|
2,00
|
λ, см
|
|
|
|
|
|
v,см/с
|
|
|
|
|
|
, см/с
|
|
|
|
|
|
2-Эксперимент. Гидродинамикалық беттік толқындардың таралуының фазалық жылдамдығының формуласын эксперименттік тексеру.
1. «Механикалық толқындар» терезесін ашып, «Толқын типтері» - «Судағы толқын» кнопкасын басыңыздар.
2. 1-эксперименттегі 2-4 пункттерге баламалы өлшеулерді орындап, өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін 1-эксперименттің 2 және 3 кестелеріне баламалы 4 және 5 кестелеріне жазыңыздар.
Нәтижелерді өңдеу және есеп беру.
1. формуласы бойынша әрбір өлшенген толқын ұзындықтары үшін толқынның таралуының теориялық фазалық жылдамдығын есептеңіздер және осы мәндерді 5-кестенің жолына жазыңыздар.
2. Бір графикте толқынның таралуының эксперименттік және есептелген фазалық жылдамдықтарының тербеліс f жилігіне тәуелділігін салыңыздар.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. = A cos(ωt – kx) теңдеуі толқынды сипаттайды: көлденең бе? Әлде қума ма?
2. Толқынның фазалық жылдамдығы дегеніміз не? Толқынның фазалық жылдамдығының өрнегін жызыңыздар.
3. Серпімді толқын фазалық жылдамдығы ϑ ортадан, фазалық жылдамдығы екі есе көп ортаға өтеді. Бұл кезде толқын ұзындығы мен жиілігінде не болатынын анықтаңыздар.
4. Х осі бойымен ұзындығы L жазық толқын таралады. Тербелістер қарама-қарсы фазада болатын орта нүктелерінің ең жақын арақашықтығын анықтаңыздар.
5. 4-суретте Х осі бойымен серіпімді толқын таралатын орта бөлшектерінің ығысуының «лездік фотографисы» көрсетілген а) қума толқын; б) көлденең толқын жағдайында А, В және С нүктелеріндегі бөлшектер жылдамдықтарының бағытын көрсетіңіздер.
6. 4-суретте Х осі бойымен серіпімді толқын таралатын орта бөлшектерінің ығысуының «лездік фотографисы» көрсетілген Орта деформациясы а) нольге тең; б) максималь мән қабылдайтын нүктелерді көрсетіңіздер. Орта бөлшектерінің ығысу жылдамдығы а) максималь; б) минималь болатын нүктелерді көрсетіңіздер.
7. 5-суретте көрсетілген жүгірме көлденең толқында бөлшектің жылдамдық бағыты суреттегідей болады. а) осы мезетте А және Д белшектер жылдамдығының бағыты қандай болатындығын; б) толқынның қай бағытта таралатынын анықтаныздар.
8. Жүгірме және тұрғын толқындардың дисперсиялық қатыстары дәл
келе ме?
9. Дыбыс толқындарында дисперсия байкада ма?
10. Толқындық пакет дегеніміз не?
11. Топтық жылдамдық дегеніміз не? Толқындардың топтық жылдамдығының өрнегін жазыңыздар.
12. Теңіз толқындары көлбеу жағаға жақындай бере өздерінің биіктігін бірнеше есе арттырады да, оларда көбік жалдар пайда болады. Осы құбылысты түсіндіріңіздер.
13. 6 a), б), в) суреттерде толқынның екі нүктесінің жылдамдықтарының бағыттары көрсетілген. Бұлардың қандай толқындар екендігін анықтаныздар.
14. Серпімді шнур бойымен 15 м/с жылдамдықпен көлденең толқын тарайды. Шнур нүктелерінің тербеліс периоды Т = 1.2с тербеліс амплитудасы = 0.02м. Толкөзінен 45м қашықтықтағы нүктенің і = 4с мезеттегі толқын ұзындығын,
фазасын және ығысуын анықтаныздар.
15. Тербеліс көзінен толқын түзу бойымен таралады. 0.5T уақыт мезетінде нүкте ығысуы 5см-ді құрайды. Нүктенің тербеліс көзінен қашықтығы 2/3. Тербеліс амплитудасын анықтаныздар.
16. 2Гц жиілікте толқын шнур бойымен 3 м/с жылдамдықпен таралады. Шнурдың бір - бірінен 75см қашықтық түрған екі нүктесінің тербеліс фазаларының айырымы неге тең?
17. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1450м/с . Егер тербеліс жиілігі 725Гц болса, қарама-қарсы фазада тербеліп тұрған нүктелердің арақашықтығы қандай?
18. Қозғалмай тұрған бақылаушы жанынан 10с ішінде толқынның 4 өркеші өтеді. Орта бөлшектерінің тербеліс периодын анықтаңыздар.
19. Амплитудалары бірдей екі когерентті толқындардың жол айырымы 15см, ал толқын ұзындығы 10 см. Осы толқындардың интерференциясының нәтижесі қандай болатынынтаныздар.
20. Түрғын толқынның бірінші және төртінші түйіндерінің арақашықтығы 24см. Жүгірме толқынның ұзындығын анықтаңыздар.
Әдебиеттер
1. Трофимова Т.И. Курс физики. М.:: Высшая школа, 2001, Гл.19,
§157.
2. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. М.; Высшая школа,
2000, Гл.29, $29.1-29.3.
Достарыңызбен бөлісу: |