2 тапсырма.
Жұқпалы ауруғанаға 23 жастағы Өзбекістаннан келген ер адам қаралуға келген.
Шағымы: 6 күн бойы әлсіздікке, жүрегенің айнуы, тәбетінің төмендеуі, күніне бірнеше рет құсуға, сарғаюға шағымданады. 2 күн бұрын зәрі қоңырланып, нәжісі түссізденген, ал бүгін денесі сарғаю бастаған соң дәрігердің қарауына келлген.
Эпид.анамнез: Алматы қаласына жұмыс істеуге келген. Орталық базарда сауда саттық жұмыс жасайды. Достарымен бірге пәтер үй жалдап тұрады. Жиі қоғамды ортада асханаларда тамақтанады. Қайнатылмаған су ішеді.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Дене қызуы – 37,70С. Склерасы сағайған. Тері жамылғысы сарғыштанған. Бөртпелер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бісеңдеген, ритм дұрыс. ЖС – 88уд./мин. АҚҚ 100/70 мм рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында және оң жақ қабырға асты аздаған ауыру сезімді. Бауыры 2 см қабырға доғасының астында. Нәжісі түссіз, зәрі қоңырланған.
Сұрақтар:
1. Осы аурудың негізгі синдромдарын көрсетіңіз
2. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенездің негізгі звеносы.
3. Болжама диагнозды негіздеңіз.
4. Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
5. Емдеу жоспары.
6. Алдын алуы.
3 тапсырма.
Ауруханаға 35 жастағы әйел адам ауыруының 8-ші күнінде айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, буындарының қақсап ауыруына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Ауыруының 5 күнінде зәрі қоңырланған, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген, жағдай ауырласқан.
Эпид.анамнез: Пәтер үйде тұрады. Сұлулық салонында жұмыс істейді (маникюр жасайды). Жұқпалы аурулармен қатынаста болмағанын айтады. Жиі қоғамдық ортада асханаларда тамақтанады.