85
جحلا كسانم
арди сатуатуһу, сүбханәлләзи фил-бахри сәбиилуһу,
сүбханәлләзи фин-нәәри сұлтаануһу, сүбханәлләзи фил-
жәннәти рахмәтуһу, сүбханәлләзи рафағас-сәмәәіә уә
уадағал-арда би-құдратиһи
Сүбханәлләзи лә мәнжә уә мәлжәіә минһу иллә
иләйһи.
Мағынасы:
Я, Алла! Бұл – Мина.
Әулиелер мен Саған
құлшылық еткен халықтарға жасаған қайырымыңды
маған да көрсет.
Аспанда тағы бар Саған – мақтау.
Жерде билігі бар Саған – мақтау.
Теңізде жолы бар Саған – мақтау.
Отқа әмірі бар Саған – мақтау.
Жаннатта рахметі бар Саған – мақтау.
Бар мақтауымыз – құдіретіңмен Аспанды көтерген,
Жерді қойған Саған.
Бар
мақтауымыз - баспана беруші, құтқарушы
Саған.
Минада қажы Зул-хижжа айының 8-күніндегі
бесін,
намаздыгер, намазшам, құтпан намаздарын өз
уақытында оқиды.
Минада Хайф мешіті бар.
Кезінде бұл жерде
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) мен сахабаларына қарсы
шыққан меккелік тайпалар («Азхаб») бас қосқан. Кейін
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
)
қажылық жасағанда осы
Хайфте арнайы тоқтаған.
Минада түнеген қажы Зул-хижжа айының
9-күніндегі
памдат намазын оқып болғасын, күн
шыққаннан кейін Арафатқа бет алады.