АрАфАТ ТАуы
Арафат тауы Меккеден жиырма бес шақырымдай
жерде. Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің 34-37 аят-
тарында айтылғандай, Адам Ата мен Һауа Ана Ібіліс
шайтанның арбауына түсіп, жұмақтан қуылып, жер-
ге түсіріледі. Жаратқан Иесінің рақымшылығынан
айырылған олар бір-бірін кездестіре алмай, ұзақ уақыт
уайым-қайғыда жападан жалғыз жер бетінде кезіп
жүреді.
Осылай өмірдің тауқыметін тартып жүрген олар
жасаған күнәларын сезініп, Жаратқан Иеден кешірім
сұрап, құлшылық ете бастайды. Алла тағалаға күнә-
ларын кешіргеннен кейін олар осы Арафат тауының
ортасындағы төбеде кездеседі. Мұсылмандар бұл
төбені «Рахма» тауы, яғни «Кешірім тауы» деп атайды.
Бұл төбенің басындағы мұнараға апаратын баспалдақ
бар. Баспалдақтың 60-шы сатысында орналасқан
алаңда Зул-хижжа айының 9-күні, яғни «Арафат күні»
құтба айтылады.
87
جحلا كسانم
уҚуф
Сонымен Зул-хижжа айының 9-күні таң атқанда,
барлық қажылар қажылықтың негізгі бөлігі - уқуф
әдет-ғұрпын орындау үшін, Арафат тауына бет алады.
Уқуф – «Арафат тауында тұру» деген мағына береді.
Қажылар Арафат тауына келгесін, бесін мен намазды-
гер намаздарының басын қосып оқиды.
Уқуф әдет-ғұрпы түс кезінен кеш батқанға дейін
орындалады. Уқуф кезінде қажы бар жан-тәнімен, шын
жүрегімен, зор ықыласпен, сана-сезіммен сүбхана Алла
тағаланың алдында тұрғанын сезінеді. Алла тағала
Арафат тауында тұрғандардың тілек-дұғаларын қабыл
алып, күнәларын кешіреді. Әйел қажы уқуф әдет-
ғұрпын отырып орындайды.
Арафат тауында қажы құбыла жаққа қарап тұрып,
мынадай дұғалар оқиды:
88
Қажылық
Арафат дұғасы
Достарыңызбен бөлісу: |