Гүлзарда отырғызылған өсімдіктердің саны мөлшерден
аспауы керек.
Миксбордерді қалыптастырған кезде өсімдіктердің өмір
сүру ұзақтығын (көктемнен бірінші аязға дейін ), гүлдеу
кезеңдерінің сәйкестігін, сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін:
гүлдерін, биіктігін және т.б. ескеру керек.
Нәтижесінде
миксбордер үзіліссіз ұзақ мерзім бойы гүлдейді. Миксбордерді
бордюрмен көріктендіру кезінде көрінісі жағынан ерекше гүлді
бордюрді, сонымен қатар ландшафт дизайнының бөлек жарық
элементін аламыз.
Егер абаттандыруға тасты бақты(альпинарий) ұйымдастыру
кіретін болса, онда негізгі жұмыс болып сол гүлзарға арналған
алаңды дайындау болады.Тіреу
қабырғаларын және тасты
жолдарын жасау керек. Одан әрі біз көпжылдық өсімдіктерді
отырғызуымен айналысамыз.Бұл өсімдіктерді күтіп баптау
жұмыстары
едәуір
жеңілірек
болады.Отырғызылатын
өсімдіктердің мөлшері себілген тасты үймелері жақсы көрінуі
үшін
шектен
тыс
көп
болмауы
керек.Гүлкөмбелерді
абаттандырған
кезде өсімдіктер құрамының, сонымен қатар
биіктігі және пішіндерінің үлкен маңызы бар. Мысалы, үзіліссіз
гүлдейтін гүлкөмбелер үшін бір емес бірнеше ай гүлдейтін
өсімдіктер таңдалады. Олар гүлкөмбенің кейпін ашып,
көркейтеді.
Жобалау процесін
бастағанда
аймақ жайлы негізгі
мағлұматтарын
болғаны
дұрыс.
Олар:
пішіні,
көлемі,
жарықтануы, жолдар және көршілерге байланысты аймақтың
орналасуы, жер бедерінің көрсеткіштері, жер асты суларының
биіктігі. Одан басқа топырақ жағдайларының мәліметтері де болу
керек.
Сырт көзге участокты
онда өсімдіктерді отырғызып
көріктендіруінің еш қиыншылығы жоқ сияқты, бірақ бақтың
ландшафт дизайны бір ерекшелігімен ерекшеленеді. Ол
ерекшелік үйлесімді, гармониялық,
ыңғайлы және әдемі
кеңістікті жасау болып табылады.
Тігінен жоспарлаудың жобасы рельефпен жұмыс істеуді
көздейді. Өсімдіктерді отырғызуы және өсіп-өнуі үшін қолайлы
жағдай, сонымен қатар артық сулардың ағып кетуін қамтамасыз
ету үшін керекті рельефті жасайды.
Бұл кезеңде біз қай жерге
керекті үймелерді орналастыруға болатынын көреміз. Соларға
байланысты баспалдақ аймақтарын, альпі төбешіктерін және
басқа элементтерін безендіреді. Ландшафт құрылысында түсті
таңдау принципі гармонияны сақтау болып есептеледі.
Аймақты
абаттандыру кезінде көгалдарды, білікті суғару
құрылғыларын, жарықтандыруды, жолдарды және гүлзарды
орналастырады. Жасыл екпелер аймақты көгалдандырып,
ыңғайлық, жайлылық сезімін береді.
Достарыңызбен бөлісу: