немесе тоғандар жанында неше түрлі немесе топ – топ болып
отырғызылады. Өсімдік түрі, түс үйлесімділігі, пішіні керек
десеңіз жапырақтың түсі де роль ойнайды. Пейзаждық стильдегі
үй жасыл бақпен, көк шөпппен малынып тұруы керек. Жолдары
да бұралаң тратуарлық плиткалардан басқа ұсақ тастардан немесе
табиғи тас төселеді. Жалпы стиль Жапониядан келген.
Үй маңын безендірудің бірнеше нұсқасы бар. Әр түрлі
классикалық стильдің бірі партерлік бақтар және лабиринт
бақтары болып табылады. Біріші жағдайда әр түрлі пішіндегі
гүлді клумбалар мен сәндік элементтерді қолдану арқылы
аумақта белгілі бір бейне құру.
Лабиринт бақтары – аумақта геометриялық және
шашыраңқы жолақтары мен тірі қоршауларын қырқу:мәңгі
жасыл бұталар және лабиринт қабырғаларының арасында қалған
бос орындарға әдемі гүлдермен толтыруға болады.
Аумақта пейзажды безендіру: ауылдық бақтардың орман
ландшафтысы, бақтар тірі табиғат бұрышы, сонымен қатар
тематикалық бақтар, көсбасшы орынды жапон бағы алады.
Ауылдық бақтарды безендіруде жабынды жол мен алаңшалар
құруда
табиғи
материалдар
қолданылады,
өсімдіктері
физиологиялық ерекшеліктеріне және өсу жағдайына байланысты
таңдайды. Жалпы пейзажға аз ғана өзгеріс енгізеді. Әдетте
адамдардың араласуы бақшалар жолы мен тасты баспалдақ, бау –
бақша екпелерімен шектеледі. Нәтижесінде участок түсі және
көркемдік жағынан айқындала түседі.
Достарыңызбен бөлісу: