Кеңістік (перспектива)- латын тілінен perspicio- анық көру-
яғни қарап тұрған адам зат алыстаған сайын өзінің кейпін өзгерту
Перспектива заңдылығын леонардо Винчи өзінің сызықтық
кеңістік теориясында көрсеткен.
Ауалық және сызықтық кеңістік деп бөледі.Егерде паралелель
линиялар алыстаған сайын көкжиекте түйіссе, ал вертикаль
линиялар көлемі жағынан кішірейгенімен бастапқы қалпында
қалса оны сызықтық кеңістік(перспектива) деп атайды.Оны
түсіндіру біздің жағдайда артқы жағындағы пландағыдан аса
үлкен емес өсімдік алдыңғы жақта биік болып көрінуі.
Ауалық кеңістікбақылаушының алыстаған сайын түс қанықтығы
бұлыңғырланып өзгеруін айтады., Басқаша айтқанда ауалық
кеңістік бақылаушының әртүрлі бояу реңкін қабылдауда және
оған қандай эмоциональдық әсер берінде. Кеңістік үш
компоненттен тұрады: көру нүктесі, бақылау нысаны және
аралық алаң.Осы компоненттер біртұтас болса, қалғаны өздігінен
шешіледі.
Әдемі кеңістікр өте көп, оларды жасанды және табиғи жолмен
келтіруге болады, тек оларды белгілі бір орыннан тамашалау
нүктесін таба білсе болды.
Перспекива тылсым тыныштық пен қозғалыстан тұрады. Бірінші
жағдайда белгілі бір нүктеден көрінсе, екіншісінде бақ немесе
саябақ бұрыштарынан ішінде қозғалыс кезінде көруге болады.
Перспективалық жазықтықтың горизонтальды, вертикальды
және жоғарғысы бар.Вертикальды участок қабырғалары, тік
қатарлы ағаштар, қырқылған бұталар немесе қоршау қою.
Горизонтальды бақ едені ол тегіс немесе террассалы, оның беті
шөптесін, сулы, және төсеммен т.б. Жоғарғы жағы ол бақ
үстіндегі аспан, өсіп тұрған ағаштар шымылдығы.
Ландшафтық дизайн өте кең кеңістікті оптикалы түрде кішірейтіп
көрсету үшін өсімдіктерді кулистік жолменегу арқылы, ал биік
тұмшаланған дуалдарды шырматылған өсімдіктер егу арқылы
кеңейтіп көрсетуге болады.