көтеріңкілігі, салтанаттылығы, скульптураның, мүсінің көптігі
театрға ұқсас.
А.Э.Регель
«Регулярлы
стильде ең
басты
деталь
жасандылық» дейді. Жасандылықты
ең бірінші кезекке қояды
және ол міндетті түрде табиғылықтан ығысып шығады. Бақ
жасыл қалың қоршаулармен, биік дуалдармен бірігіп, астасып бір
дүниеге айналады. Мұндай түрді әмбебап немесе универсаль деп
атады. Бұл белгілі бір тәртіппен жасалынған. Бұл еңбектен адам
қанағаттандырушылық сезімге ие болады. Олар хаостан бұрын
тәртіптілікті ұнатады. Регулярлы стильдің басты элементтері: су,
қатаң формадағы бассейн, каскад,
қабырғадағы фонтан, аласа
партер мен баскет, яғни қырқылған қабырға тәрізді ағаштар мен
бұталар. Өнер сүйгіш бақтың бағбандары
жолдарының бойына
орналасқан кабинет, залдар жасалған. Өткеннен тәжірибе ретінде
алатын болсақ фигуралық болып кесілген мәңгі жасыл ағаштар
мен гүлзарлар. Бір бұтаны егу үшін 2 м
2
жер керек. Симметриялы
отырғызылған 2 немесе 4 бұта бақтың сипатын ашары сөзсіз.
Клумбаның ортасында бұта жақсы көрінеді немесе мәңгі жасыл
отырғызуларды ақ немесе түсті гравийдермен әшекейлеу арқылы
немесе гүлдейтін өсімдікпен әрлеуге болады. Жартылай дөңгелек
қылып скамейкасы бар жайлы бұрыш жасауға болады.
Пейзаждық стиль – пейзаждық саябақтарды ағылшындық деп
атайды. Ол ХVIII ғасырда пайда болды. Еуропалық бақ – саябақ
бағытында ең бірінші бастамасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: